Ректор Жамбылға кітап арнады

Ректор Жамбылға кітап арнады
Фото: khabar.kz

2016 жылы 25 ақпан күні сағат 11.00-де Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде "Жамбыл Жабаев – ұлы даланың алып жыршысы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болды. Конференция шеңберінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың «Жамбыл» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Ащы да болса трагизм оқиғалары толық бейнеленген мәнмәтіндегі кітап Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай жарыққа шыққан.

"Көркем әдебиет" баспасынан шыққан кітап алғысөзін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жазуы да бұл еңбектің құндылығын көрсетсе керек.

Гүлжазира Ертасова

@. @assel_assanova