Бәрімізге қажет үш сүзгі

Бәрімізге қажет үш сүзгі
Фото: vk.com

Әр тәмсілдің астарында тәрбиелік мән мен белгілі бір ой жатады. Мына бір тәмсіл баршамызға ой салатыны сөзсіз. Кемшілігімізді түзегеннің еш айыбы жоқ. Кейде көрмей, білмей естіген өтірікті шындай етіп жеткізетініміз бар. Естігеннің бәрі шын емес. Бұл бәрімізге керек сүзгі

Ел таныған ғұламаға бір кісі келіп: – "Сіз бір шәкіртіңіздің не деп жүргенін білесіз бе?" - дейді. Сонда ғұлама: – "Біреудің айтқан сөзін жеткізбес бұрын оны мынадай үш сүзгілі фильтрден өткізіп алғаның жөн: Алғашқысы -шындық. Соған салар болсақ, айтпақ сөзіңнің рас екеніне көзің толық жете ме?" - дейді. 

Әлгі кісі: – "Шынымды айтсам, өз аузынан естімедім" - дейді. – Онда екінші сүзгіден өткізейік. Ол - жақсы сөз деп аталады. 

– Айтатын хабарың жақсы сөз бе еді? - деп сұрайды. 

Ол кісі: "Жоқ, керісінше болатын" - дейді күмілжіп. – Онда үшінші сүзгіден өткізіп көрелік. Мүмкін бұл сынақтан өтерсің!? Ол - пайдалылық деп аталады.

– Ал енді мына хабарыңның маған қаншалықты пайдасы бар? - деп сұрайды. Әлгі кісі қатты қысылып:

– "Пайда бермейтін әңгіме еді" - дейді жерге қараған күйі.

Сонда ғұлама: "Өзі сенімсіз болса, әрі жағымсыз әңгіме болып, маған түк пайда келтірмесе оны маған қай жақсылық ойлап жеткізгің келді?!" - деген екен. 

Ж. Жұмағұлов