Өлім жоқ...

Өлім жоқ...
Фото: GetBg.net

Америка жерін мекен ететін үндістердің мәтелдеріне назар салыңыздар.

Айтарың болса, орныңнан көтеріл, жұрт сені көруі керек.

Ысылдаған улы жылан айбат шеккенін байқасаң, одан бұрын соғып үлгер.

Өлім жоқ. Тек әлем дүние арасындағы өтер жол бар.

Атты бағанаға байлап қойғанда оны күшпен босанып кетеді деп ойлайсыз ба?

Жақсы адам тек жақсылықты көреді.

Көзде тамшы жас болмаса, жүрекке кемпірқосақ орнамас еді.

Жер бетінде барлығы өз мақсатымен жүреді. Тіпті дәрінің де ауруды емдейтін мақсаты бар. Адамның тағдыры бар.

Бақа өзі жүрген шалшықтан су ішпейді.

Өзгелердің қателігін жіпке тізбес бұрын өз соңыңдағы ізге көз сал.

Жау әрқашан жау, дос дәйім дос бола бермейді.

Әлемде әркімнің өз әні бар.

Айтқаныңды ұмытып қаламын, көрсеткеніңді есіме түсіре алмаймын, өзіме істетсең түсінемін.

Ақ адамның бастығы көп.

Сасық иісті болудың жолы көп.

Ағыспен тіпті өлі балық та жүзе алады.

Өз үніңді есту үшін тыныштық керек.

«Керек» – әйтеуір өлу керек.

Тамақ жеп отырғанда балалармен сөйлес. Өзің кеткенде де сөзің қалады.

Дәл тасталған балтадан жақсы айтылған сөз артық.

Адам өз бағытын өзі жасауы қажет.

Көпірген көк ауыздан тыншыған тұйық он есе ақылды.

Бала – үйіңдегі қонағың: тамақтандыр, үйрет, жөніне жібер.

@. @assel_assanova