Есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады

Есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады
Фото: www.soznatelno.ru

Михаил Литвак – ресейлік әйгілі психолог, дәрігер-психотерапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, психологияға байланысты 30 кітаптың авторы. Оның орыс тілінде жазылған кітаптары ағылшын, француз, болгар және литва тіліне аударылған. Біз сіздердің назарларыңызға Михаил Литвактың кітаптарынан алынған бір топ дәйексөзді ұсынамыз.

1. Ешкім ешкімді тастамайды. Тек мықтылар алға қарай кетіп қалады. Ал артта қалып қойған әлсіздер, өздерін тастап кетті деп ойлайды.

2. Адамдар өз-өздерін депрессияға ұшыраған кезде ойлайды.

3. Егер адамдар өздері туралы жақсы нәрсе айта алмаса, бөтен біреулер туралы жаман нәрсе айтады.

4. Егер сіз өзіңіз тіуралы жақсы зат ойласаңыз, өзгелердің өзіңіз туралы не ойлайтындарына басыңызды қатырмайсыз.

5. Көңіліңіз қалаған нәрсені істеуге рұқсат сұрамай-ақ қойыңыз. Бәлкім ол адам бас тартып, ойлағаныңыз жүзеге аспай қалар.

6. Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық.

7. Біз барлық жақсылықты өзіміз оңаша қалғанда жасаймыз. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені ой елегінен өткізуге мүмкіндік болады.

8. Мен бақытқа бастайтын жолды білмеймін. Бірақ сәтсіздікке ұшыратын жолды білем. Ол – бәріне бірдей жақсы көріну.

9. Ерлер мен әйелдердің логикасы деп бөлінбейді. Бәрі де өзіңіздің сана-сезіміңізге байланысты.

10. Өзіңіздің басты дұшпаныңызды білгіңіз келе ме? Айнаға қараңыз, соны жеңсеңіз, қалғандарын жеңу қиынға соқпайды.

11. Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

12. Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

13. Қуанышыңызды достарыңызбен де, дұшпандарыңызбен де бөлісіңіз. Өйткені достарыңыз бірге қуанады, ал дұшпандарыңыз қайғырады.

14. Егер сіз біреуге бірдене дәлелдегіңіз келсе, демек сол адам үшін өмір сүріп жатырсыз. Ал өзіңіз үшін өмір сүрсеңіз, сіз ешкімге ештеңе дәлелдемес едіңіз.

15. Бақытты іздеп табамын деп байбалам салмай-ақ қойыңыз. Өйткені бақыт деген – сіз. Тек оған жету үшін барлық қырыңызды танытуыңыз керек.

Бұл тәлім-тәрбиеге, тағылымға толы сөздер сізге қандай жағдайда да көмектесетініне сенімдіміз. Сондықтан бұл сөздерді ешқашан есіңізден шығармаңыз және достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Ж. Исакаев