Орыс ғалымы Сергей Капицаның қанатты сөздері

Орыс ғалымы Сергей Капицаның қанатты сөздері
Фото: www.mn.ru

Ғылымның қыр-сырына кеңінен тоқталып, 40 жыл бойы халыққа қызмет еткен ресейлік «Очевидное-невероятное» телебағдарламасы көпшілікке мәлім. Ал оның жүргізушісі - көрнекті ғалым Сергей Капицаны бірі білсе, бірі білмейді. Бүгін біз сіздерге ғалымның ғылым, білім, заман, қоғам туралы айтқан ойларын назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр. 

* Басқару дегеніміз - жақсы адамдардың жұмыс істеуіне кедергі келтірмеу.

* Қарама-қайшылық қана ғылымның дамуына ықпал етеді.

* 50 жыл бұрын қазіргі көлік санымен велосипед саны тең болды.

* Ең басты ғажабымыз - өмір сүріп жатқанымыз.

* Іс-әрекет етпес бұрын ойлану керек.

* Барлығын ақшамен байланыстырудың қажеті жоқ. Одан да асқан құндылықтар бар екенін ұмытпайық.

* Біз мұндай телевизиямен алысқа бара алмаймыз.

* Әйел адамды әдепсіздік құртады.

* Костюм киген жігіт өзін салмақты, байсалды ұстауға тырысады.

* Адамдарға мәдениетті таяқпен болса да үйретуіміз керек, әйтпесе күйрейміз.

* Қарулы күштерге кетіп жатқан миллиардтаған қаржаның тым құрыса бір бөлігі білімге жұмсалғанда, болашағымыз бұлыңғыр болмас еді.

* Мәскеу қанша ашуымды келтірсе де, ол менің туған қалам.

* Менде керек заттың бәрі бар. Тек қана идея керек.

Ұқсас жазбалар:

Адамның қадір-қасиеті туралы ойлар

Франсуа де Ларошфуконың нақыл сөздері

Ж. Исакаев