Ерлік пен батырлық туралы нақыл сөздер

Ерлік пен батырлық туралы нақыл сөздер
Фото: voxpopuli.kz

Батырларымыз ел басына күн туғанда елін, жерін қорғап, тағдырын шүберекке түйіп, тас шайнап, құм бүркіп, өмірдің қызыл жалынына күйіп, жан алысып, жан беріскен. Олардың ерлігін барша ақын тізе бүгіп жырласа да, шегіне жете алмайды. Осыған орай, назарларыңызға ерлік, батырлық туралы афоризмдер ұсынамыз. 

Ерлік дегеніміз - жан дүниенің ұлы қасиеті; ер жүрек атанған халық өзін мақтаныш етуге тиіс. 

Н. М. Карамзин

Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі. 

Р. Роллан

Адамдарға ерлік пен табандылық жаудың қаруына қарсы жұмсау үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген соққыға қарсы жұмсау үшін де дәл сондай қажет. 

Плутарх

Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайды. 

О. Бальзак

Ерлік тағдыр соққысын тәлкек етеді. 

Демокрит

Барлық бәлекет қаһарман жүрекке соғылып тас-талқаны шығады. 

М. Сервантес

Ерлік - аяулы қасиет, соның арқасында адамдар қауіп-қатер үстінде тамаша істер істейді. 

Аристотель

Ерлік дегеніміз - үрейді жирене жек көру. Ол бізге төнген қауіп-қатерлерді мансұқ етеді, оларды шайқасқа шақырып, күйретеді. 

Сенека

Ерлік қауіп-қатермен жарыса өршиді: неғұрлым қиын тиген сайын, соғұрлым күш те арта түседі. 

Ф. Шиллер

Ерлік қауіп-қатерді батылдықпен жеңуден емес, оны қаймықпай қарсы алудан тұрады. 

Жан Поль

Масқаралық істеп қоюдан қорқу - ерлік; басқалардың бізге жасаған лайықсыз қылықтарын шыдамдылықпен бастан кешіре білушілік те дәл сондай ерлік болып табылады. 

Б. Джонсон

Ерлік тек батырлық қылықтар үшін ғана емес, сонымен бірге өнімді іс-әрекеттер мен ой толғау үшін де қажет. 

А. Дистерверг

Ең қиыны - күн сайынғы, көп жылдық еңбек ерлігі. Өзіңе ерлік мұратын тауып, содан көз жазбай ілесіп отыр. 

В. А. Сухомлинский

Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. 

Р. Ингерсолл

Аспан айналып жерге түссе де, күйректікке салынба. 

Л. Н. Толстой

Егер сіз алғашқы ерлігіңізді сынаудан жалтарсаңыз, онда екінші сынақ тұсында одан да әлсіз боласыз. 

Д. Блэкки

Қ. Бүйенбай