Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сын / Кафкалық сын есiм

Кафкалық сын есiм

Кафкалық сын есiм

Жазушы – адамның жанын зерттеуші, қоғамтанушы. Бәрімізге ортақ өмірді зерделегенде, тіршілік үшін болып жатқан күресті қаз-қалпында баяндай салмай, одан нәтиже шығаратындай сәулелі сөздің сиқырымен суреттеу екінің бірінің маңдайына жазылған бақ болмаса керек. Бүгінгі қазақ прозасында өмір шындығы белгілі деңгейде жазушы қиялымен қатар өріліп, әлі де қоғамды сынау, түзеу қызметіне ие ме деген сұрақтың айналасында өз хәлімізше ізденіп көрген едік. 

«Қазақ әдебиеті» газетінің өткен санда­ры­ның бірінде жарық көрген Әлібек Ас­қа­ровтың «Сәлемнің де жөні бар» деген әң­гі­месі естеріңізде болар. Әңгіме бірінші жақ­­та баяндалады. Құдасымен скверде сөй­лесіп отырғанда, амандасып өткен жет­кін­шек­тердің іс-әрекетінен өрбіген әңгіме «сә­лемнің де жөні бар» екенін ұқтырады. Құдасы оқушы кезінде ауылға жаңадан келген жас мұға­лімге бір жолдасының алдауымен ғашы­ғы­мен құшақтасып тұрғанында үстінен барып амандасса, екіншісі елден бөлек ұнжыр­ғасы түсіп, жер шұқып отырған шалға аман­­даспақ бол­ғаны еді. Ұқсастық – екеуі де амандасу. Былай қарағанда әкенің балаға берген тәр­биесі. Біріншісін түсіндіңіз. Шәкірті ұс­та­зы­ның үстінен түсті. Ал екіншісі бала әке­­сімен кетіп бара жатып шалға амандаспақ бол­ғанда, әкесі амандастырмай қояды. Баласы түсін­бей, әкесінің үйреткенін істемек бол­ғанын айтқанда, оның мәнін былай тү­сін­ді­реді. Бұл қария бойында қайраты бар уақыт­та, кеңес үкіметінің қып-қызыл бел­сендісі болып, «халық жауы» деп ауылдың бі­раз адам­дарын ұстатып жіберген екен. Со­­ның ішінде өз­де­рінің аталары да бар. Тү­сінгеніміз: құдайдай сеніп істеген ісі көріне жақын­да­ғанда азап болып қайтқаны. Сондай азапқа ұшыраған адамдар біздің елде аз болды дейсіздер ме?! Осы бір шағын ғана көріністен адамзаттың бір мінезін айқын көреміз. Әри­не, бұл әңгімеде сол шалдың бүкіл болмысы ашылмай қал­ған. Оны жаз­ғыра да алмаймыз. Өйткені, мақ­сат басқа. Ал осындай кейіпкерге арнал­ған бір шығарма жазып, бар трагедиясын ашып көрсетсек, әде­бие­тіміз тағы бір кейіп­кермен толығар еді. Бір ғана қазақтың ғана емес, бүкіл адам баласына ортақ осы мінез қай халықта жоқ дей­сіз? Және сол мінездің соңғы иесі шал емес. Қияметке дейін қан­шама адамдар сол мінезбен өмірлерінің соңы қалай аяқталарын ойламай, жанталаса тіршілік кешеді. Өйткені, бәріміз пендеміз. Ондай жалтақтық, сат­қын­дық, жылпостық, пысықайлық, арамдық, то­ғышарлық бәріміз­дің алдымен, өз басымызды, одан кейін ұрпақты арашалайтын дұшпанымыз. Абайдың өзі өмірінің соңына дейін осындай мінез­дермен күресіп келген жоқ па?! Ілиястың ұсталып кетуіне белсенді ат салыс­қан адам – кейін ақын ақталғанда бірінші боп мақала жазуға сұраныпты деседі. Мүмкін ары мазалады, мүмкін екіжүзділік дерсіз. Қалай дегенде де, адам жанының күрделі жұмбағы. Түпсіз психологиясы. 
Бір кездері Тәкен Әлімқұлов, Әбіш Ке­кілбаев салып берген прозадағы жаңа арнадан жазушыларымыз шалқалақтап, ауып түсіп, адасып қалды. Ендігі міндет – дамудың алдыңда тұрған сан тарау жолдың ерте­гідегідей адаспай, дұрысынан жол тауып, даңғылына түсу. 

Мифологияға негізделіп жазылған Таласбек Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» атты әңгімесі қатпарлы адам баласының бол­­мысына үңіледі. Байлыққа жетіп, адам­гершілік атаулыны бірақ ұмытатын жағдай, тек жүректен айырылғанда ғана болады. Адам тек адам болып, ақ, адал жүрек­пен ға­на жүре алады, егер адам бола тұра қия­нат­қа жол берсе, оныкі ет жүрек емес, тас­жүрек деген ой айтатын туынды мәңгілік құн­­дылықтарды дәріптейді. Егер адам шын жүрегінен айырылса, кез келген іске баратынын, оның психологиясының да өзгеретінін жазушы нақты өмірлік ситуациялармен нанымды суреттейді. Нақ бүгінгі біз өмір сүріп отырған заманның бір келбеті. Өмірді тануы, детальды өз орнымен беру, жазушылық интуициямен өз орнына түскен. Әйтпесе, өмір­дің өзінен алынғанымен, оқырманын сендіре алмайтын жазушылар да бар. Әңгіме фор­ма­лық жағынан да өзіне дейінгі ешкімді қайта­ламаған. Оқиға қуаламай, әр көрініс бір-бі­рі­мен қиюласып жатқан әңгіме шым­-шы­тырық. Реалды өмір мен мифология­ны сел­бес­тірген жазушы осы тәсілді пайдалану ар­қылы өз ойын тұспалдайды. Миф. Иә, миф. Қарапайым халық үшін әр қаладан екі үш үйің болу, банктік есеп-шотыңда миллион­даған долларыңның жатуы, айына, тіпті аптасына ойлап көрмеген бағадағы көлік ауыстырып мінуің миф. Сол мифтік байлықтыққа қол жеткізгенде, жүрегі болмаса, адам туған ата-анасын да ұмытатынын қаламгер нанымды суреттейді. Әңгімені оқып болғанда, ағамыздың бір кезде Шукшин шығар­ма­шы­лығы турасында жазған қырқыншы синоним принципі есімізге түсті. Өзі сол принципті біл­се және оны басқа бір жазушының шы­ғар­ма­шылығы арқылы талдап көрсетсе, өзі де жазу шеберханасында сол әдісті қолдануы ғажап емес. 

Рахымжан Отарбаевтың «Аяқталмаған хикаясының»басты кейіпкері – жазушы. Жазушысы ел ішінде естіген бір хикаяны қа­ғазға түсірмекші. Хикаясының жалпақ маз­мұ­ны: соғыс жылдарында ауылда ешкім көр­меген, әлдеқайдан қашып келген қалмақ ауыл әйелдерін ұрлап зорлайды екен. Содан ауылдағы әйелдер ұрпақ өрбітіпті-міс. Өмірде жоқ, өздері ойлап тапқан аңызға өздері сеніп жүрген жандар өз күнәлары сол дақ­пырт­пен шайылып кетердей бейғам жү­ре­тіндерінде. 

Жазушыны кейіпкер ету арқылы Рахым­жан Отарбаев қаламгер шеберханасының тыныш­тықты, бөлектікті қажет ететінін әң­гіме бар­ысын­да сыналап кіргізген эпизодтар арқылы айтады. Кейіпкері шығармасын жазып отыр­ғанда үстіне келіп кіре беретін әр адамның ойын бұзып, әңгімені аяқтатпауы қалам ұстаған әрбір жазарманның басында болатыны сөзсіз. Бірақ сол эпизодтар ар­қылы жазушы адамдардың эгоистік мінезін де аша­ды. Ешкім жазушының әңгіме жазуымен айналысып отырғандарында шаруасы жоқ, кедергі келтірдім деп те бір мысқал ой­ла­май, өз әңгімелерін айтып, шаруаларын тындырып жүре береді. Тіпті, жазып отырған хикая­сындағы Қашқынбаевтардың көп болуы осы эгоистік мінездің салдары емес пе екен?.. 

Дәурен Қуаттың «Мүйіз Тарақ» әңгіме­сінде бір кейуананың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Кеңес үкіметінің, шолақ бел­сен­ділер­дің, жағымпаздардың бейнесін жасап шыққан жазушы, мүйіз тарақтың орнында бұрын күміс тарақ болғанын, оның қалай мүйіз тараққа айырбасталғанын лирикалық шегініс жасап, кейіпкерінің аузымен жет­кізеді. Бірді айтып, бірге кететін кәрілік мі­нез­­бен шешей ағасын да еске алады. Ас­таң-кестең заманда шекара асып, сол жақта қарындасын жоқтап, түрмеде көз жұмғандығы да сенімді. Өмірлік, тарихи фактіні оқырманын сендіре отырып, баяндайды. Оқығанда жәй ел ішіндегі әңгімені естігендей әсерде қал­дырады. 

Әңгіменің аяғын публицистикалық сарынмен жазып шыққан. Біздіңше, сол бө­лік­тің түкке де қажеті жоқ. Жұмбақ жасырып алып, шешуін өзің айтып қойған сияқты әңгіменің прототиптерін баяндаудың не керегі бар? Мәселен біреу Балуан Шолақтың прототипін алса, арнайы бір тарау қосып, Балуан Шолақ болып еді деп айтпайды ғой. Бұл да сол сияқты болуы керек еді. Соңында бұл шығарманың жанры әңгіме екеніне сенбей қаласың. Оның үстіне тақырыбы да таптаурын. Қашанғы кеңес үкіметін жамандаумен жүреміз? Адам жаны, мінезі қан­ша­лықты кең десек те, көп жазушылардың та­қырып аясы тар. Себебі, соны ізденістің жоқ­тығы, тек өткенге қарайлап, «қанағат» тұтып келе жатқандары.

Орыс әдебиеті Гогольдың «Өлі жандарымен» мақтанады. Бұл шығарманы оқыған кезде, Пушкин «шынымен осындай байғұс елде өмір сүріп жатырмыз ба» деп көзіне жас алыпты деседі. «Ревизорымен» де күллі Ресей даласын қан жоса қылған Гогольдың шы­ғармаларына бара-бар қазақ әдебиетінен туын­ды кездестіре алдыңыз ба? Заман шын­дығын бейнелеген шығармалар баршылық. Бірақ дәл уақытында өз заманының айнасын жасаған қаламгер кемде-кем. 

Төлен Әбдіков «Ұры мен ұлы» пьесасы әкемтеатрдың репертуарын бір санға арттырып қана қойған жоқ. 87 театр маусымы жаңа қойылымдармен толықты. Қайсысын тамашаласақ та, көңілсіздеу қайтатын едік. Тек сол жолы жазушы Төлен Әбдіковтің жаңа пьесасы қойылған күні дуылдасып кетіп бара жаттық. «Ревизордың» орыс әде­биетінде алатын орны қандай болса, «Ұры мен ұлының» қазақ әдебиетінде алар орны сондай болмақ. Бірін-бірі кінәлайтын екі ұрпақтың дауына нүкте қойды бұл туынды. Бір ғана ғалымның отбасындағы жағдаймен бір ғасырдың жүгін көтерген шығарма, тура бүгінгі қоғамның көз алдымызға әкелді. Әке өтіп бара жатқан буынның жиынтығы болса, бала жас ұр­пақ­тың бейнесінде көрінді. Әкесін кінәлау арқылы бала өткен күннің шындығын таныса, баласын айыптау арқылы әке өзінің қателігін көреді. 
Ғалым мен ұрының арасындағы диалогта жазушы қоғамның біраз келеңсіздігін сынға алады. Ең әуелі ғалым үйде жалғыз тұрады. Бірақ ұлы бар. Не себепті ұлы қолына алмайды? Ұры не үшін байдың емес, қарапайым халықтың үйіне түседі. Адамдар жоқтықтан «он мың теңге ұрласа ұрлық, шенеуніктер он миллион жымқырса бизнес» болатынының себебі не? Ғалым мен ұры екеуара осы ауанда әңгіме өрбітеді. Ғалымнан сұхбат алуға келген журналистер арқылы бүгінгі қазақ журналистикасын да біраз түйреп алады. Дәл сұхбаттың үстінен ғалымның досы түседі. О да профессор. Бірақ аңғал, аңқылдақ. Сол кейіпкердің аузымен қаламгер бүгінгі қазақ тойын да сынайды. Тойдағы аста-төк ысырап пен әсіремақтаушылықтың шегіне жет­кен­дігін, қоғамдағы «аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесінді» ашық әжуалайды. Ақша арқылы ғылыми атаққа қол жеткізіп жүрген жандардың да шымбайына бататын сөздер айтылады. Бұл да біздің өміріміз. Журналис­тер келіп қалған ғалымның досын пайдаланып қалып, ауыл туралы сұрақ қойғанда, ілгеріден бері сарнап отырған адам «ауылдан айналайын, ауыл жақсы ғой» деп құбылып шыға келеді. Бұның да біздің басымызда бар екенін қалай жасырып қалмақпыз?! 

Үйіне келмей жүрген ұлының үйге келуі ғалым үшін күтпеген жағдай болады. Сөйтсе, ұлы ажырасып келген екен. Ұлы мен әкесінің арасындағы ұзақ тартыстан біз кеңес дәуірі мен тәуелсіздіктің тартысын көргендей бол­дық. Екі бөлек кеңістікте дүниеге келген ұрпақтың қарама-қайшылықтарын талдап көрсетеді. Ажырасқандарының себебін сұрағанда да, үлкен әлеуметтік мәселелердің басын ашып, құндылықтардың орны ауыс­қанын сараптайды.

Төлен Әбдіков бұл шығармасы арқылы «бір кісінің басындағы шағын эпикалық ке­ңістік ұлан-ғайыр қазақ даласының қай пұш­па­ғы­ның да зығырданын қайнатқан қасірет» екенін ашып айтты. Сіз бен біз ғұмыр кешіп жүр­ген ортаға үлкен анализдік талдау жасап, алдыңа таңдау қояды. Төлен Әбішше айтқанда, «сауға сұрап жазған жоқ, дертке дәру іздеп жазды». Қалың қазаққа осылай біріңді-бірің аңдып, алдап, жікке, топқа, руға бөлініп, қа­ра­бастың қамы үшін қалың елді тоздырып өте­сіңдер ме, өтірік даңғазаға еріп, ғылымды тоздырып, елді аздырып, осы қалып­тарыңмен кетесіңдер ме деген ашық сауал жолдайды. Соңында ұлын әкесінің аяғына жығып беру арқылы, әлде қазақ есін жиып, етегін жинап, қайта ел болатын шығар, бірлік, түсінушілік болатын шығар деген үміт­тің де отын маздатады. 

Біз пьесаның мазмұндық, идеялық жағын айттық. Сахнаға қойылғандағы актерлердің ойнау шеберлігі, режиссерлік шешімнің тереңдігі бөлек әңгімеге арқау.

P.S. Еуропаның әдеби айналымында кафкалық деген сын есім бар екен. Әуелінде халық митингіге шықса, «мынау нағыз Кафка!», «Кафканың өзі ғой» деген жазуы бар плакаттарды ұстап шығады екен. Бұл сол кездері атағы шыққан жазушының прозасын оқығанда, туған сын есім болса керек. Қаламгердің шығармалары түсініксіз болғандықтан қандай да бір саяси жағдай халықтың көкейінен шықпай, түсініксіз болып жатса, соны Кафкаға теңеп, «Мынау Кафка ғой» дейтін болған. Кез келген оқырманнан сұрасаңыз да, Кафканың туындыларын түсіндіріп бере алмай, тек естерінде қоңыз боп оянатын кейіпкердің бар екендігін айтар еді. Мұндағы айтпағымыз, түсініксіздік емес, бұл қаламгердің әлем әдебиетіндегі орны о бастан айқындалып қойған. Мәселе бүтіндей бір ұғымның жазушы атымен байланыстырылуы. Соның есімімен алмас­тырылуы. Кейін бұл кафкалық деген сын есім әдеби айналымында одан да кең түсінікке жол бастаған дейді білетіндер. Біздің де әдеби айналымға бір қаламгердің атымен байланысты термин, әне-міне, енеді деп үмітпен қараймыз...

Автор: Бағашар Тұрсынбайұлы

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: .palestineposterproject.org

673 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 29 наурыз 2013, 14:44
Пікірлер
+0
29 наурыз 2013, 16:18

басым ауырып кетти оқим депп

+0
29 наурыз 2013, 20:14

ұзақ жазбаны оқымайды екем

+0
30 наурыз 2013, 11:47

аяғына дейін оқып шықтым, бірақ мұнда талқыланған шығармаларды оқымаған екем... :oops: , енді оқитын болам

+0
23 сәуір 2013, 11:10

Меніңше өте қызықты жазылған. Әдетте менің де ұзақ жазбаны бастан-аяқ оқып шығуға шыдамым жете бермейтін, мына мақаланы бір демде, қызығушылықпен оқып шықтым, әрі мақалада аталған шығармаларды да оқығым келіп кетті.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...