Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сын / Олжас Қасымның «Бозбеткейі» (Рецензия)

Олжас Қасымның «Бозбеткейі» (Рецензия)

Олжас Қасымның «Бозбеткейі» (Рецензия)

Рецензия

(Қасым Олжас. Бозбеткей: өлеңдер – Алматы: «Жалын баспасы» ЖШС, 2012. – 96 б.)

...Ақынның өлеңі дейміз,

Ол оның тағдыры шығар.

(13-бет)

Жас ақын Олжас Қасымның «Бозбеткей» аталған алғашқы жыр жинағы – «Санадағы ырғақтар» («Санамдағы ырғақтар» кітаптың І бөлімі) мен «Жанардағы жұмбақтарды» (ІІ бөлім) қамтыған, өмір мәнін іздеген дарынды шығармашылық тұлғаның әлемі. Бұл әлемді біреу «ішкі әлем» деп, біреу «өнер әлемі» деп, ішкі әлем мен сыртқы әлем, өнер мен өмір деп бөліп қарастырып жатады. Мұнда да бір шындық бар болар. Ал Олжастың өлеңдерінен сол әлемдерді біртұтас жырлауға деген талпыныс байқалады. Олай болмағанда ақын өмірі үшін өлеңнің мәні де болмас па еді?

«Ақын болып өлу» өлеңінде:

            ...Сол ақындар жазды жазар дүниені,

            Ал олардың жазылған жоқ тағдыры. (25-бет) –

дейді. Бір қарағанда жоғарыда «Ол оның тағдыры шығар...» өлеңіндегі ойға қайшылықты жолдар болып көрінгенімен, өзге тілде «бөлшектеуге келмейтін» деген мағынадағы атомның өзінің бөлшектенетініндей деп қабылдасақ, қайшылықты өмірдің ақын өлеңіндегі бір көрінісі деуге де негіз бар.

            Ал «Төлеужан бұлағы» өлеңінде:

                        ...Төкеңнің өлеңдегі бар ғұмырын,

                        Тоқтатпай тұрған сынды сол бір бұлақ. (12-бет) –

деген жолдар өнердегі тірілікті сөз етсе, сонымен қатар жас ақынның қалам машығын игерерде ақын тағдыры жайлы ұзақ ізденісте болғандығын да көрсетеді. Ақын жайлы шер толғау, асқақ жырлар мен астам ойлы жырлар да «мен ақынмын» деген әрбір қалам ұстағанның сиясынан төгіліп ақ қағазды былғағаны кім кімге де белгілі. (Әрине, дүние жаратылғалы бұл тақырыпта өлең жазғандардың бәрі емес, көркемдік деңгейінен көріне алмағанын ғана айтамыз). Ал Олжаста олай емес. Өзгеше.

                        ...Саусақ емес, саусағыңмен жазбайсың,

                        Санаңмен жаза аласың өлеңді. (16-бет) –

деп ой қорытады жас ақын «Айтылмайтын ақиқат» өлеңінде. Сол айтқандай, «Санамдағы ырғақтар» деген бірінші бөлімде әр түрлі тақырыптарға қалам тербеген жас ақынның дүниеге көзқарасын, терең пайымын байқап, Олжас ақын санасындағы ырғақтарды дөп бассаңыз ақын әлеміне дендеп еніп, ақынды терең түсінесіз.

 

                        ...Көздер емес, көзден бұрын ғашықтың,

                        Кім екенін көкірегі көреді. (16-бет) –

деген Олжас кітабының екінші бөлімін «Жанардағы жұмбақтар» деп атапты. Әрине әр жанарда бір жұмбақ бар десек, сол жұмбақты шешу кім кімге де бұйыра бермейтін бақ. Үнсіз тілдескен жанарлар ғана ұғысатын сезім жайлы өлеңдер осы бөлімде топтастырылыпты. Олжастың сана елегінен өткізіп жазған дүниелері «жанардағы жұмбақтардың» жауабын табуға жәрдем етер бәлкім. Оқып көрейік.

                        ...Қыз соңынан жүгіртіп қоятұғын,

                        Өмір өзі қыз қуу ойыны екен. (57-бет)

 

                        ...Сағатымның «тық» еткен дыбысында,

                        Жүрегіңнің «лүп» еткен соғысы бар. (58-бет)

 

                        Мен сүйген қызды көргенде!

                        Аруыма сонда аптығып «асық» деп қалсын,

                        Ауылына жетсең жүрегің басып тоқтарсың.

                        Өлеңімді оқып өңді қыз өзгеге берші,

                        Өзіне өзі мың мәрте ғашық боп қалсын!!! (60-бет)

 

                        Артында жасырынған шымылдықтың,

                        Суретшінің кешірек сырын ұқтым.

                        Келбеттердің кескінін келтірсе де,

                        Суретін сала алмапты-ау сұлулықтың. (67-бет)

 

                        ...Сағындырдың да аулыңа кеткен шақтарда,

                        Сағындырмадың біреуді ауылға кеткен. (72-бет)

 

                        ...Актердің аузымен айтылған,

                        Ол менің сөздерім деп білгін. (76-бет)

 

                        ...«Тұмауратқан» көңілімнің дәрісі,

                        Өзі екенін біле тұра білмейді. (90-бет)

Осылай оқып отырасыз. Оқисыз да, ойға қаласыз. Сезім шырғалаңы, сүю-күю, не болмаса жете алмай аптыққан көңіл емес, өзге бояу, өзге сурет. Олжастың өз сөзінде «Әлі де біз көрмеген суреттер мен, әлі де біз көрмеген бояуларға» (68-бет) апарар жол, алғашқы баспалдақтар.

Тірі пенденің кемшіліктен арылып болғаны жоқ. Солай десек те, кемшіліктен арылуға талпынып, талпынысы босқа кеткені де, нәтиже бергендер де бар. Олжас сол тылпынысы нәтиже бергендердің қатарынан. Төмендегі екі жолда кездесетін ұйқас үшін алынғандай көрінетін жалғаулардың өз орнында қолданылмауы өлеңнің көркемдігіне кері әсер етіп тұр.

                        Өзің салған сара жолмен жүргізгіз,

                        Қайратыңның қаһарынан нұр жүзгіз. (27-бет)

 

                        Бұл сөзіме мейлі нанбас, нанасың... (24-бет)

Жалғаулар жайлы айтуым болашақта жас ақынның мұндай бірен-саран қателікке де ұрынбасын деген тілек деп білерсіздер.

                        (Тағалам, өмір бердің мың рахмет! (23-бет)

«Қазақтың монологы» өлеңінің бұл жолындағы «тағалам» сөзі көбіне көп «Алла тағалам» болып сөз тіркесі түрінде қолданылатынын ескерсек, Олжасқа өзге жолын қарастыру дұрыс болар ма еді?)

Ал енді кітаптың алғашқы беттерінде ізіне ерген жасқа сәт-сапар айтқан ақын ағамыз Жәркен Бөдештің Олжас жайлы оңды пікірлеріне келісе отырып, біз де жас ақынға «поэзиядағы өз орнын табуға деген талпынысы жемісті болсын» демекпіз.

Автор: Бақытқожа Баязитов

суреттер: madeniet.kaztrk.kz; yvision.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

2732 10
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 12 желтоқсан 2012, 09:44
Пікірлер
+0
12 желтоқсан 2012, 10:37

ОЛжас кітабың құтты болсын!!!

+0
12 желтоқсан 2012, 13:03

Бақытқожа белгілі бір шеңбердің ішінен шықпапты...Олжастың ақындық күш-қуаты бұдан да жоғары. Ақынға шығармашылық табыс тілеймін!!!

+0
12 желтоқсан 2012, 13:54

Жақсы талдау! Батылырақ сынауға да болады

+0
12 желтоқсан 2012, 14:08

Саусақ емес, саусағыңмен жазбайсың,

Санаңмен жаза аласың өлеңді. Келісемін!

+0
12 желтоқсан 2012, 15:11

"...Қыз соңынан жүгіртіп қоятұғын, Өмір өзі қыз қуу ойыны екен" Осыған ырзамын :)

+0
12 желтоқсан 2012, 21:28

Олжастың өлеңдерін жақсы көремін!!!

+0
12 желтоқсан 2012, 22:59

Жақсы рецензия, Бақытқожа, бауырым, жазарың көбейсін! Соған сенемін!

+0
13 желтоқсан 2012, 03:24

Бәкеңнің біздің журналға арнап жазғаны гой негізі. Былай жақсы талдапты. Алғашқы қадам ғой сәттілік тілейік!

+0
13 желтоқсан 2012, 03:26

Бағашар сыншы!!! Қозыбай сыншы!! Енді Бақытқожа сыншы пайда болды! Бұл жақсы ғой

+0
18 желтоқсан 2012, 21:19

Сыншылардың қатары толықты де)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...