Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сын / Жалғыздық жайлы роман

Жалғыздық жайлы роман

Жалғыздық жайлы роман

 

«Жүз жылдық жалғыздық» қазақ даласында жазылуы керек еді

Әмірхан Балқыбек

Габриэль Гарсия Маркестың «Жүз жылдық жалғыздық» романы жайлы қай сыншы не демеді... Біреулер оны роман-аллегория дейді, екіншілері роман-қисса десе, үшіншілері роман-метафора, тіпті роман-ертегі деуге дейін барды. Жарты ғасыр бұрын шыққан роман ХХ ғасырдың ең оқылымды шығармаларының бірі болды.

Роман желісінде Маркес Макондо деген қалашықтың тарихын баяндайды. Ал кейін осындай қаланың бар екені анықталады. Жазушының Отанына жақын маңда, Колумбияның тропикалық түкпірінде орналасқан жер расында да бар болып шыққан. Бірақ сонда да Маркестің суреттейтін қалашығы оқырман санасында географиялық обьектіден гөрі ертегі қалашығы немесе аңыз қалашығы болып қалатынына күмән жоқ. Онда жазушының дәстүрі сақталған, салты бөлек балалық шағы қалып қойғандай болады да тұрады. Роман бойында әлдебір жылулық сезіледі, қалашық, оның тұрғындары, ондағы күйбең тіршілік – барлығы да автордың терең симпатиясымен құрылған. Маркестың өзі де «Жүз жылдық жалғыздық» романын өзінің балалық шақ естеліктеріне арналатынын мойындаған-тын. Оның қызықты сюжеттері мен шытырман өрімдері әжесінің ертегілері мен атасының әңгімелерінен құралған. Сол оқиғалардың барлығына да: қалашық тұрғындары, әрбір ұмытылмас сәттер, қандай да бір көзге көрінбейтін ерекшеліктер баланың, бала Маркестің көзімен баяндала бастағанда, оның балаға тән шынайылығы ешқандай артық суреттеусіз көрсетілгендігін байқар едіңіз.

Қайтсе де, «Жүз жылдық жалғыздық» – Макондоның кішкентай тұрғынының әңгімесі ғана емес. Романда Колумбияның жүз жылға таяу тарихы толығымен көрініс алады. Бұл дәуір елдегі әлеуметтік өзгерістердің, аумалы-төкпелі заманның шағы еді: азаматтық соғыс, Солтүстік Америка компаниясының Колумбия өміріне етене араласып кетуі. Мұның барлығы да бала Габриельдың атасының аузынан естіген естеліктер еді. Буэндидың алты ұрпағы жасаған ғұмырдың тарихқа жекелей, әрбірінің қыры мен сыры ашыла енгені жайлы. Романның қызықты тұсы да сол – оқырман мультиколоритті мінездер мен образдарға қанығады. Оқырман алдындағы жалғыз сынақ - сол әрқилы кейіпкерлердің аты-түсін шатастырмай, оқиға мәнін түсініп отыру тиіс. Роман лирикалық шегіністерге, бас кейіпкердің ішкі монологтарына толы. Әрбір кейіпкердің өмірі қалашық тағдырына етене аралас болса да, олардың әрқайсысы да жеке қырынан ашылып, барынша айқындала түскен. Тіпті ертегіге немесе аңызға арқау болатын сюжеттер, иронияның қарапайым қалжыңынан бастап ауыр сарказмға түсетін сәттер, ақиқи көріністердің болуы романға әлдебір құпиялы ете түсіп, ғажайып сипат береді. Бір ерекшелігі жайлы айтар болсақ, романда үлкен диалогтар тым аз, тіпті жоқ десек те болады. Туынды мінезін көркемдік, тұжырымға бай ете отырып, автордың дәл осы диалогқа келгенде тайсалуын құп көрмесек, Маркестың батальон-батальон болып сап түзеген оқырмандары жазғыра қоймас, себебі диалогтың аз болуы романның шынайы өмірден, реализмнен алшақтап кететіні байқалады. Маркес тарихи құбылыстар мен қоғамдық реструктуризацияны суреттеуде адамның да өзгеруі, танымы мен санасының өзге бір күйге түсетініне басты назар аударған секілді.  

Романның соңы болса, бірнеше жолдың тар шегінен асып түсердей болып, өзге бір мәселені көтеретіндей аяқталады. Оқырманға автордың жасаған түйінін түсіну қиын. Мүмкін, түйіннің шешімі де жоқ шығар деген ойға қалдық. Роман туралы сөз қозғаған әрбір сыншы оған әрқандай қырынан келетіні де сондықтан. Автордың өзі де көпшілік роман идеясын түсінбегені үшін өкінішін жеткізген екен. Маркес бұл шығармасы арқылы «жалғыздықтың адамға жараспайтынын» меңзегені байқалады. Қандай да бір жалғыздық болса да оның рухани бірлікте болуы романның басты идеясы дегенге тоқталуды жөн көрдік.

Романның әлі күнге дейін өткен ғасырдың ең үздік он кітап тізіміне кіруі, әр оқырман бұл туындыдан өзінің бір бөлшегін таба алатындығынан, тіпті мұндағы автор көтерген мәселенің қайбірі болса да адамның селқос қарауы мүмкін емес, дәл осы біз тізген себептер оның құнын әлдеқайда арттырып тұр. Мәселен, туыстық қарым-қатынастар, рухани-адамгершілік мәселелер, соғыс пен бейбітшілік, адамның айнала қоршаған ортамен байланысы, жалпыадамзаттық азғындалу, іштей қамалу... Бұл тақырыптың барлығы да қашан, қай жерде болмасын – өзектілігінен арылмайтыны хақ.

Ардақ Құлтай

Сурет: bookcity.kz, dnevniki.ykt.ru

3355 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 28 мамыр 2013, 13:38
Пікірлер
+0
28 мамыр 2013, 14:06

авторға алғыс айтқым келіп отыр. Жақсы әрі сәтті жазба!

+0
07 маусым 2013, 14:38

Айтқаныңның бәрі шын. Бір қатесі жоқ. Толғаныстан туған дүние екені көрініп тұр. Жазылып болғаннан кейін қайта айналып кеп қақпандағы "Тазы" сияқты өз темірдегі өз сіңіріңді қабудың қажеті жоқ. "Оқып-оқып тоздырсаң тоқсан томды, қаламың алып қашар балуан қолды" деген қытай өлеңі осындайға қаратылса керек. Талма.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...