Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Сатира / Қазақ және Нобель сыйлығы

Қазақ және Нобель сыйлығы

Қазақ және Нобель сыйлығы

Қазақтар Нобель сыйлығын ала алмай жатыр. Осы жөнінде шет елдің бірінде дау болыпты. «Кең байтақ жері бар, ешкімге есе бермейтін елі бар, тек Нобель сыйлығы ғана жоқ» депті бірі. Қазақтарға Нобель сыйлығын алып беретін бір амал табу керек. Сонымен ақылдаса келе, қазақ даласына бұрынғы өткен данышпандарды жіберетін болып келісіпті. Олар орталарынан төрт адамды сайлап, жер бетінде, қазақ отбасында қайтадан өмірге келетін болыпты. Бұл төртеуі – Александр Флеминг (Медицина ғылымына қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған), Исаак Ньютон, Лев Толстой және Мария Кюри ханым болып бекітіліпті.

Сонымен бұл төртеуі жер бетіне түсіп, өмірлерін қайта бастапты. Мария Кюридің жағдайы тым нашар болды. Ол бір шалғай ауылдағы кедей отбасында өмірге келді. Қуанышында шек жоқ әжесі оған Мәриям деп ат қойды. Бала күнінен оқуға ынтасы болса да, бастауыш мектепті тәмәмдап қана оқудан тоқтады. Мұғалімі оны қанша талпындырса да, ата-анасының сөзінен аса алмады. Оның үстіне аурушаң анасына қарайласу, ақша табу үшін Алматыға келді де, киім тігу фабрикасында, үлкен ресторандарда жалданып жұмыс жасады. Айына алатын 25000 теңге ақшасының бес мың теңгесін ауылға жіберіп тұрды. Ата-анасы оның жарамды азаматша болғанын мақтаныш тұтты. Бірде ауылға қайтқан кезінде көрші ауылдың баласы алып қашты да, сол ауылдың қала көрген келіні болып қала берді.

Ньютон бір кедей егіншінің үйінде өмірге келіпті. Ата-анасы қуанып, тұңғыш ұлына жерден тауып жүрген ырызғысының құрметіне Күрішбек деп есім қойыпты. Жасы алтыға толғанда көршісінің алма бағында ойнап жүрген Күрішбектің төбесіне алма түсіп, ойға қалдырыпты. Бұған күні-түні ойланып, ақылы жетпеген бала ақыры әкесінен: «Ол неге аспанға ұшып кетпей жерге түседі?» деп сұрап еді, әкесі: «О, мылжың, ол жерге түспегенде, қайда түседі енді?! Басымды қатырмай алмаңды же. Айтпақшы, келесі жолы алма түскенде үйге ала кел» депті. Содан бастап ол жерге түскен алманың бәрін қидай сыпырып, үйге алып келетін болды. «Зерек» Күрішбек алманы жерден тергенше, ағаш басынан-ақ ала бергеннің әрі таза, әрі ұтымды екенін ойлап тапты. Сонымен аты шыққан алаяққа айналды.

Александр Флемингтің жағдайы жаман болған жоқ. Ол бір тамыр ұстайтын тәуіптің үйінде дүниеге келді. Арғы бабалары арабтан келген қожалар болғандықтан, дәстүр бойынша баласының есімін Қожабек қойды. Әкесі тәуіп болғандықтан, ұлына да емшілікті үйрете бастады. Бірте-бірте тамыр ұстап, ілім игере бастаған Қожабек жаңалық ашқысы келіп еді. Әкесі бабадан қалған дәстүр бойынша ем-дом жасауды айтып, бұл салтқа қиянат жасауға болмайтынын ескертті. Әкесі өмірден озғанда еш амалы қалмаған ол ауыл аралап, қолына асатаяқ ұстап ауру көріп жүрді. Ел арасында бәлен жерде Қожабек деген бақсы шығыпты, жоқ бақсы емес, жауырыншы екен, тамыр ұстап бәрін біле қояды екен деген ат-атағы алысқа жайылып жатты. Кейін келе ауыл ішінде «дәстүрлі емдеу орталығын» ашып алды. Алыстан іздеп келіп, емделіп жатқандар да көп болды. Сонымен ол да жаман күн кешкен жоқ.

Ең соңғы үміт артар Лев Толстой қалды. Ол жұлдызы оңынан туып, дәулеті шалқыған қаладағы бір байдың үйінде дүниеге келді. Тұңғыш немересі болғандықтан, ауылдағы малшы атасы Арыстан ақсақал немересінің атын өзі қойып, азан шақыртып, құлағына үш рет «Талысбай» деп айқайлап, ат қойды. Бала күнін ауылда өткізген Талысбай кейін қалада оқыды. Атасынан естіген ертегілермен қоса бала күнінде оқыған роман-хикаялары оған көп білім берді. Жазған мақалалары аудандық, облыстық газеттерде үзбей жарияланып тұрды. Ол жазушы болуға сенім байлады. Ынтасына орай жас жазушы ретінде аты да шыға бастады. Әдеби ортада Талысбай Арыстанов деген аты мықтап отырып қалыптасты. Жұрт таңғажайып талант деп мақтап, ол туралы сын-мақалалар да жазатын болды. Жалғанды жалпағынан басып келе жатқан күндердің бірінде алғашқы кітаптарын демеушілік етіп шығарып беріп жүрген әкесі аяқ астынан әлдебір іспен шатылып, дәулеті шайқала қалды. Сонымен өз күшіне сүйеніп, кітап шығаруға тура келді. Не керек, жазған кітабына қаламақы төлейтін баспаның жайы белгілі, жазушылар одағы ол өз басына жетпей жатқан. Белгілі қаламгерлер ортасы ғана болмаса, мына жастар шынайы әдебиетті оқитын мезгілден өткен. Том-том классикалық шығармалары кітап дүкендерінде өтпеуге айналды. Тек атағы бар, ақшасы жоқ қаламгер боп шыға келді. Әйелі де «Құр атағың не керек! Қалтаң тесік қайыршыға айналдың!» дейтін болды. Ақыры ол шынайы әдебиет дейтін ұғымды шетке қайырып, бір интернет бетінде түкке татымайтын мақалалар жазумен айналысып кетті. Бірақ, алған қаламақысы жаман емес еді. Бірте-бірте интернет әдебиетіндегі ағымға жұтыла бастады. Тұрмысы да қалыпқа түсті. Қартайған шағында өзінің баяғы шығармаларын оқып, тамсанатын болды. Жастық дәуірдегі атақ-абырой, беделі оны жазушылар арасында әлі де сүйреп келе жатты.

Ел қартайып, өмірден озып, қастарына қайта оралған төрт данышпанның тағдырына қарап көз жастарын бір сығып алды...

Автор: Алшын Матай

Сурет: en.wikipedia.org

4160 16
Рейтинг: +12

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 17 қаңтар 2013, 20:32
Пікірлер
+0
17 қаңтар 2013, 17:34

Өлтірдің бауырым!

+0
17 қаңтар 2013, 17:43

Иә, ойлы дүние. Жүрегің шым-шым етіп кетеді.

+0
17 қаңтар 2013, 17:51

:lol: :lol:

+0
17 қаңтар 2013, 19:45

Қайғылы әрі күлкілі,

+0
17 қаңтар 2013, 19:53

Ойландырады.... :(

+0
17 қаңтар 2013, 20:02

Bizdin kazaktar osinday desede, umitimdi uzbeymin. Kazaktardan da "Nobel'" syuligin alatin algyr oyli azamattardin wigatynina senemin. :).

+0
17 қаңтар 2013, 21:56

оқып күлесің, бірақ астарына көз жіберсең жылай салатын сияқтысың.

+0
17 қаңтар 2013, 23:47

нобель силығын сізге беру керек!) :lol:

+0
17 қаңтар 2013, 23:58

Мо Ян өмірден өткенде мен болып қайта туады. сол кезде алам асықпай. әй, :D :D

+0
18 қаңтар 2013, 00:34

Мо Ян деген кім?

+0
18 қаңтар 2013, 14:04

2012-жылғы Нобель әдебиет сыйлығының иегері

+0
18 қаңтар 2013, 15:49

Ырза болдым !! шындық ғой.... көрші ауылдың баласы алып қашты да, сол ауылдың қала көрген келіні болып қала берді. эх...

:(

+0
18 қаңтар 2013, 17:31

Талысбай))) өте жақсы мақала екен! жимитып қойып, ойға сүңдіреді...

+0
29 қаңтар 2013, 14:26

керемет адамдар екен

+0
01 наурыз 2013, 22:40

:lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...