"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #31

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #31

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #27

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #28

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #29

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #30

 

Қоршауда

5

Декабрь келсе де қыстың қатты суығы әлі түскен жоқ. Абай Қарамоладан қайтқалы Ақшоқыда мал сойыс, мәз-мереке таусылмады. Бүгін де әр жерден ақындар көптеп жиналып отыр. Шәй ішіліп болып, Көкбай домбыраны алды да Абылай ханды мадақтай кетті. Сонда Базаралы Көкбайды бір қағып, тоқтатты да: "Әр түрлі мақтауды айта бермей, ел азабын немесе каһарын жырлауға болмайды ма?" - деп, жекіп жіберді. Абай да мейлінше өзгеріп, Базаралыны қостады. Сол кезде Көкбай ренжігендей кейіп танытып, ортадан шығып кетеді. Содан кейін үй іші біршама уақытқа жым-жырт болып, ақындар қауымы үнсіз отырып қалысты. Соңыра Дәрмен домбыраны қолына алып, бір жырды сырылта төге кетті. Онысы ер қайратты Иса жайлы болатын. Әзімбайдың қолынан қорлық көріп, өліп кеткені мен артында қалған Иіс кемпір, дертке шалынған жары және жетімек Асан мен Үсендердің қайғысын жырлап өтті. Абай, Әйгерім, тіпті Дәрменнің өзі де көздеріне жасын райсыз алды. Жаңа туған, әлі тың болған жырды үй іші алғаш рет есітіп тұрған болатын. Барлығы қалың ойға батып, түңіліп отырып қалады. Біраздан кейін үй іші қайта жандана, Дәрменге алғыстарын айта кетті.

IV-КІТАП

Түн-Түнекте

1

Түн жарымда Абай мен Баймағамбет Ертістің сол жағасында Слободка деген (Семей қаласының бір ауданы) жердегі Абайдың алыс туысы болатын Дәмежанның үйіне келіп қонады. Олардың қалаға келуіндегі себеп Әбіштің Петербордағы оқуын бітіріп, Мағрипаға үйленіп, Алматыға өз іс-сапары бойынша аттанғалы жатқаны болатын. Солардың жолына мал сатып, ақша дайындауға, сосын шығарып салуға келген. Ал ол кезде қалада жұқпалы іш ауруы тарап жатқан еді. Соңғы кездері адам өлімі жиілей түскен. Абай қаладағы жақын досы Павловқа жолығып, бұл обадан ел қалай сақтануын сұрайды. Сонда Павлов салт-дәстүр болса да, жаназаға халықты жинап, ас беруді уақытша доғара тұруды мәслихат етеді. Дәл осы сөзді Жұма намазға жиналған қауымға жеткізуін Абай қала мешітінің халфесі Сармоллаға айттырады. Бірақ халық жиындарды доғарса да, обадан қайтыс болушылардың реті азая қоймады. Тіпті көшеде өліп қалған адамдарды салып әкететін қара арбалар жүре бастады. Осыған орай адамдардың жүрегін қорқыныш билеп жататын болды.

2

Қала мешітінің молдалары осының бәріне халфе Сармолла кінәлі деп, оған теріс дұға оқитынды шығарады. Ел ішіндегі саудагерлер де тіпті Сармолланы өлтіруден де тайынбайтын мінез көрсетіп жататын еді.

3

Бұл жағдайларды Абай да есітеді. Ендеше ол халық көп болатын базарға барып, өзі де үгіт жүргізе бастайды. Күнде шығады. Нәтижеде екі жұмадай уақыт өткен соң, жаназалар тіпті болмай да қалады. Бұған молдалар Соқыр қари, Шәрібжан молда, Самат халфе және Слободканың ірі саудагерлері Отарбай мен Қорабайлар қарап тұра алмайды. 
Бір күні түнде Сармолла халфені белгісіз біреулер алдымен соққыға жығып, сосын пышақтап өлтіріп кетеді. Ертесіне бұл жағдайды молдалар мен имамдар: "Обадан құтылу үшін ел ішінде пәк адамды құрбандыққа шалу керек еді. Сол кісі Сармолла болды", - деп, өлтіріп кеткен адамдарды полицейлерге іздеттірмейді де. Абай бар болған жағдайды есітіп, оған өзін кінәлай бастады. Бірақ ел ішінде бар шындықты түсінген жігіттер бұл асқан дұшпандықтың қылмысы екенін біліп, бір күні түнде Соқыр қариді жақсылап тобалап кетеді.
Обаның тарауы азая түседі. Бұған қалың ел Сармолланың пәк жанының құрбаны есебі деп түсінеді. Бірақ Абайдың осыған қатысты көзқарасы өзгеше болатын. Бұл август аяқтала суық түсе бастағандықтан, обаны тарататын бактериялар суыққа шыдай алмай өлетіндерінде еді. Абай мынадай ғылыми ақпаратты досы Павловтың әйелі дәрігер Александра Яковлевнадан білген болатын. Тағы да бұл обаның (чума ауруы) ең бірінші Үндістаннан шыққанын, кейін бүкіл Еуропа елдерін зар қақсатқаны туралы да есіткен еді. Абай кітапқа түңіліп, шабыттана бір өлең оқып отырған кезінде есік ашылып, Дәрмен кіріп келеді. Оның түсі біртүрлі болатын. Көңілсіз хабар алып келгендей еді.

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #32

Сурет: zhasorken.kz

Ж. Өрісбай