Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Жалғыздық шәлісін бүркеніп жатырмын...

Жалғыздық шәлісін бүркеніп жатырмын...

Жалғыздық шәлісін бүркеніп  жатырмын...

Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге жас ақын қыз Ботагөз Бексарының қаламынан туған туындыларды ұсынып отырмыз. Қазақ поэзиясының ұлы көшіне ілескен ару осы уақытқа дейін белгілі бір деңгейде өз оқырманын жинап та үлгерді. Біз оның мөлдір туындыларымен әдеби әлемнің төріне жетеріне сенеміз. Сіз де сеніңіз...

Ботагөз Бексары

Әуен

Табанымнан сыз өтіп...

Тарылды үміт,

Тірі үмітті бір үміт жаңылдырып.

Тарғыл-тарғыл тастайын

Тағдырымның

Жаз-жұмағы жүрген-ді сағындырып.

 

...тағы сұр Күз.

Сіресіп таңғы ызғары,

Тосқан алдан жұтынып сан құздары.

«Кел-кел» деген өбектеп өгей өмір

Өтіне ықтағанмын жалғыз барып.

 

Меңіреу,

Мең-зең күйде

мен мың күн кеп,

Торлауыт терезеңнен телмірдім көп.

Тағдырдың зауал төнген заматтарын

«Сын» деп ойлап, ойды оған

Көндіргім кеп.

 

Құлшынам...

Жұмбақ ырғақ талмай демеп,

Жетелейді сол жаққа...

Баурайды ерек.

Талмай демеп қайырылған қанатымнан,

Бұлдыр үміт үзігін жалғай демеп...

 

...жетелейді бір әуен әлі күнге...

 

СЕЗЕРМІСІҢ?

Дегбірім қалмай,

Дертіме дәру іздегем.

Дірдек қаққалы

Жүрекке орнап Күзгі Өлең.

             Дем берші, күнім,

Жылуың жанды жұбатсын, -

Үміттерімді үзбеген...

 

Көзіңмен сүйіп,

Сезіммен тұйық мұңыма ен,

« Сен бе? » деп елтіп,

Қошқылтым түнге үңілем.

             Сағыншы, жаным,

Кірпіктен кірбің жоғалсын,

Сағыншы мені шынымен...

 

Елең еткізген,

Ғашықпын саған, бүрмелі өң,

Сезермісің сен

Мендегі халді дүрбелең?!

              Сүйші, періштем,

Сезімің сұлу сүйесін,

«Өзің» деп өмір сүрген ол...

 

Шөліркетеді –

Перизат сезім, елес Мұң,

Лүпіл-ғұмырда

Өзіңдей болар жоқ ешкім.

               Ұмытшы! ... бәлкім,

 Дертіме дауа болар – сол.

 

Ал, мен...

Ұмыта алар емеспін!

..Кешір.

АҢСАУ 

Жүрегімнің

күн кешем жарасымен,

Дертке дәрмен болмадың,

жарасына – ем.

Екеуміз ес жаңыла ынтығатын,

Қаланың жалғыз жұтам ауасын мен...

 

Тұнжырап-түнересің,

Түнім, неге?

Қаяулы көкірегімді тілімдеме!

Өзіңсіз күндер жанды еш жылытпайды,

Ыңылдап, уілдеймін

Мұңымменен...

 

Шадыман шағым қайда:

күрсінбеген!?

Түсімде аймалайды

тылсым демің.

Жаныма оралмайсың Аспан жақтан,

Жүректен жоғалмайсың

дүрсілдеген...

****

Түнде отырам

АЙға налып,

Келмейтінің айдан анық...

Жандүниемнің жан дауысы-ау,

Тұрақтадың қайда барып???

 

Жан жұбатып

жылы ұшқыны,

Жайыменен жылысты күн.

Жұдырықтай Жүрегімнің

Неге ұрладың тыныштығын!?

 

Қайда шырын

сезім - балдай,

Кәусарына шөлім қанбай...

Амал нешік, лажсыз күймен,

Алабұртам,  жанып-жанбай...

 

Төзім біткен

түгесілген,

Сен де елегзіп жүресің бе!?

Шырылдайды-ай сәби - Сезім,

Сен дегенде...білесің бе???

ЖАУШЫ, ЖАУЫН! 

Жабырқайды

Жұпар жаңбыр тырсылы,

Тырсылымен ұқтырардай бір сырын...

Жүрегімнің жасын сүртем дегендей,

Өбектейді: арагідік күрсініп.

 

Нөсерлі Түн.

Кезіп жүрмін,  құр сүлдем,

Алаң ғылып, тыншымды алды тылсым дем.

Жан-жадымның күйзелісін жуып кет,

Сонсоң...сонсоң...

мүлде-мүлде күрсінбен!

 

Мөлдір Тамшы...

Аспан жақтан ағылған,

Сол мөлдірді сүюші едім, сағынғам...

Жан дертімнен айықтырар Ақ Жауын,

Әр тамшыңды

жақсы көрем жанымнан!

 

Жаушы, ЖАУЫН,

Жауа түсші, бұла Арман!

Жаушы, ЖАУЫН,

Жылулықтан құралған.

Күн-түніме әдемі әуен құйшы кеп,

Кірпігіме Үміт сепші жұбанған!

 

...Тілдесейін Тіршілікпен – ұнаулы,

Күй кешейін, шамам келмей жылауға!

Жаушы, ЖАУЫН,

Жандүниемді: жаңбырлы,

Өзің ең ғой ,

Өзің ғана ең, ұға алған!!!

ЖАУШЫ, кәне...

САҒЫНУ

Өртеніп өзегі Сезімнің мендегі,

Жылайды. Жұбатар жоқ ешкім.

...алайда ол сөнбеді, өлмеді,

Сүйрелеп алдағы өлі, өш күн.

 

... Шимайлап, өткенді сызғылап санадан,

Жалғыздық шәлісін бүркеніп

жатырмын. Жалғызбын.

                  Жалғыздық – жан анам,

Жұбатар жанымды боркемік.

 

Есалаң күйдемін...сандалған ой – қаңбақ,

Өткенім еңсемді езіп тек.

Бақытым өзге өмір қойғанда ап,

Жүрек-ау, сезіп пе ең???

 

Сезіп пе ем бақытын өзгенің,

Тонап ап жүргенін жүрегім.

(Сезер ме ем? Жазығым-сезбедім.

Білмедім...

               Кеше ғой, нұр өңдім!)

 

Жан-жүйем бір суып, бір ысып,

Кейде бір шарпиды отты өрнек.

Бөлмемде қалтырап, бүрісіп...

Отырмын, сезілмей көктемгі от.

 

...Төрт бұрыш...терезе телміріп

Қарайды. Үнсіз біз тілдестік.

Әуенін кеудемнің бөлме ұйып

Тыңдайды.

               Тыңдар ма ең СІЗ де өстіп???

 

...ХОШ енді!

Жүрегін жылытқын

өзіңнің гүліңнің... сүйікті ет!

Мен енді – елеспін...ұмытпын...

СІЗ үшін!

Елеп тек түсімде...

         ұмытпай

                 маңдайымнан сүйіп кет!

Жарай ма???

Себебі –

Мен СІЗді әлі де сағынам...

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер автордың жеке мұрағатынан және vk.com, stihi.ru сайттарынан
алынды

7170 16
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 24 қараша 2012, 22:50
Пікірлер
+0
24 қараша 2012, 09:18

керемет!!!!!!!!!!

+0
24 қараша 2012, 11:57

Жүрегімнің жасын сүртем дегендей...

+0
24 қараша 2012, 18:43

Жаушы, ЖАУЫН,

Жауа түсші, бұла Арман!

Жаушы, ЖАУЫН,

Жылулықтан құралған.

Күн-түніме әдемі әуен құйшы кеп,

Кірпігіме Үміт сепші жұбанған! Әпке, жылулық деген сөзді қолданбай, жылылық дегенде әдемі шығатын секілді... Өлеңдегі сапарыңыз сәтті болсын!

+0
25 қараша 2012, 02:03

"ақ жауын" - "нөсерлі түн"? Меніңше, екеуі екі бөлек дүние. Ботагөздің өлеңдері лирикаға жақын екен. Шығармашылығына шабыт тілеймін. Сезімнің қылын шертетін шымыр өлеңдері көп болсын!

+0
26 қараша 2012, 13:20

Болашағынан зор үміт күттірер Ботакөз Бексары – жас дарынды талантты ақын қарындастарымыздың бірі әрі бірегейі. Сөзі – маржан, ойы – алғыр Ботакөз әрқашан ғажайып туындыларымен халықтың қошеметіне бөлене жүріп, көпшілік көзайымына айналуда! Мен де оның "өзгелерден өзгеше" өлеңдерін сүйіп оқитын оқырмандарының бірімін және оны мақтанышпен айта аламын! Болашақта да сиқырлы сөз өнері, киелі өлең, анығырақ айтқанда Сыр сүйкімдісінің сұлу жырлары әрбір қазақ баласының жүрегінен орын алып, ой таразысына салуға жетелеп, талай оқырманын тамсандыратынына шүбәм жоқ.
:!: :!: :!: Жаратушы Ұлы Иеміздің бойына берген таланты оның қай шақта болмасын тек биік шыңдарды бағындыруына сеп болары сөзсіз.

+0
26 қараша 2012, 13:25

Ботакөздің сыршыл әлемнің нәзік пернесін шерткен сұлу өлеңдері көпшілігіміздің көкейімізге бірден-ақ қонақтап қалатынын жасыра алмаймыз. :!: :!: :!:
Жарайсың, Боташ!
Осы қалпыңды, өз Меніңді жоғалтпа!
Барлық өлеңдеріңді бірнеше қайтара оқып шығам, қызық.
Маған әсіресе "Мендегі ғұмыр" деген өлеңің өте қатты ұнайды.
Жазылу стилі де бөлек, жалпы мағынасы да терең, өзімді көріп отырғандай болдым. Поэзияның құдіреттілігі де осы шығар!
Ақ жол, ақ Боташ!

+0
26 қараша 2012, 13:28

МЕНДЕГІ ҒҰМЫР

Сәл ерте... нәрінен айырылып шаштары көңілдің,
Жұқарып бұрымы.
Әйтеуір сүрген боп өмірді,
Жасаймын ырымын.
Ішкі үнім күйіктен өртеніп өлген бе деп қалам,
... дегенмен, тірімін!

Фәниге мен Тұрғын емеспін,
Жәй, жаным, жолаушы ғанамын.
Бейуақыт... беймаза елес кеп,
Жылатқан, жұбатқан жанарын.
Көкейін көптердің мекендеп, мең-зең ғып,
Бір Жанның жүрегін сыздатқан жарамын!

Сорым да, бағым да - өзіме жетерлік,
Бәрінен кенде емен.
Бояуын өмірдің өңінен бөтен ғып,
Өзімше өңдегем.
Жалғанның жүзіне
жанымның бір тамшы жасымен жыр жазып,
Ығына жазмыштың иіліп,
Ырқына көнбегем.

Тігісі сетіней бастаған Жүректің жамауын,
Жанына ертті Мұң.
...естиміз екеуміз көргісіз ауаның
Белгісіз өртті үнін.
Жегідей жеп барад жанымды...
Жаныштап бір уайым,
Сол үшін дерттімін!

Көмейде тыпыршып кешегі күлімкөз өрнектер,
Көңілімді қинайды.
Кірбіңді кірпігі дірдектеп,
Тағы да құшады...қимай Мұң.
( Тәңірім бұйырса талайға,
әлі де тербермін өлеңмен...),
Жан жылу, Мейірім, баянды Бақытты
Ғұмырлық жүректен жұлып ап,
Мен СІЗге сыйлаймын!!!




Өлеңдерің тірі! Ең маңыздысы-осы!

+0
26 қараша 2012, 13:31

Ботакөздің біраз өлеңдері менде бар. Блогынан немесе өзінен сұрап алып, қойын дәптеріме ылғи да түртіп қоямын.
Мына жыры да көңіліме бірден әсер қалдырды;
Күрең көңіл
құлази ма бекер???
Жүрек тұсым көншімей тұр...
Не етем?!
Тынышсыз бір күй елтеді – бөгде,
Беймағлұм һәм бөтен.

Уайым ба бұл,
Жүдеттірген бейуақ?
Кірпігімде дірдектеді Жұмбақ.
Барады Уақыт әйнегімді қағып,
Тағаттарымды ұрлап...

Күмілжіді...
Жалғыз Мұңым – жәудір,
Көкірегімде елегзулі ән жүр.
Жұбатпайды қою дүние маужыр,
Жылатпайды Жаңбыр!

Өртенеді көмейімде – өрттер,
Үнсіз жатқан тұңғиығымды шерт кеп.
Шынтуайты:
Жүрек жүр ғой үркіп –
«Дүмпуі ауыр» дерттен...

Сезе алар ма ең,
Ұғармысың мені???
Жарығым-ау... Жабығыңқы – кеуіл.
Өзеуреген өзегімді уат,
Ей, бозамық ӨМІР!!!

,,,,,,,,,,,,,,,,Күрең көңіл құлази ма бекер?
Жүрек тұсым көншімей тұр...Не етем?!

+0
26 қараша 2012, 13:40

жаңа ғана "Бөлек болмыс"деген шағын мақаланы оқып шығып ем осы сайттан.Өзгелерге ұқсамайтын ерекше жандарды сіз де танитын шығарсыз? деп бастапты мақаланы.
Сол осы Ботакөз-ау деп ойланып отырғаным :)

+0
26 қараша 2012, 13:48

Поэзияң өз алдына бөлек, әнге жазылған туындыларың да тамаша, шымыр!
Әсіресе Қайрат Нұртастың орындауындағы " Жүрегімді махаббатың өртесін"әні әдемі, сәтті шығыпты. Анау сосын " Сағындырғайсың" ерекше жазылған, сөздері терең.
" Жандүниемді жалын қылғайсың,
Тәтті сезімге шомылдырғайсың.
СЕН ҰСЫНҒАНННЫҢ БӘРІ ДЕ - БАЛДАЙ,
САҒЫНДЫРҒЫҢ КЕЛСЕ, САҒЫНДЫРҒАЙСЫҢ!"
Менің ең ұйып тыңдайтын әрі ыңылдап айтып жүрер сүйікті әніме айналды, осындай сауатты,салмақты дүниелерің мол болсын, Қызылорданың қарлығашы!

+0
26 қараша 2012, 13:51

Осындай жас таланттың өлеңдерін жариялаған Ақерке қарындасыма да алгыс менен!

+0
26 қараша 2012, 20:32

Сырт көзге тәкаппарлау көрінетін осынау арудың жүрегінің осыншама нәзік екендігіне көз жеткіздім. Және таңырқадым, әдемі, әуезді, әуенді дүниелер бар екен Ботакөзде.
Бір-екі рет әңгімеге тартып көріп ем кездесіп қалғанда. Өзі, көзі, сөзінің сұлулығы былай тұрсын, жандүниесінің де бай, ақпейіл екенін анық аңғардым. Тұла бойы тұнып тұрған жүрек секілді.
Жүрегің жабырқамасын қазақтың қаршадай ғана ақын қызы!
Серпін порталында бәраз жырларың жарияланыпты ғой. Бұрнағы уақыттарда да қарайлап іздеп оқып жүретінмін, енді тіпті қуанып қалдым, кей өлеңдерін толықтай оқымаған екем ғой. Поэзия жаныңмен егіздей боп жарасымын тапқан екен.
Бақытты бол Ботакоз!

+0
26 қараша 2012, 20:36

Сөзіңе жазылған әндерді де жиі тыңдап, іштей тілек болып жүремін саған құрбым!
Сыр елі өзіңдей аяулы аруымен мақтанатын болар.
Әдемі лириканың әуені естілетін әдемі туындыларың мол болсын! :!: :!: :!:

+0
27 қараша 2012, 18:09

KIZ BALASI NAZIKTIKTEN KURALGAN DUNIE GOI,AL BUL KISI WINAII OMIRDIN WINAII MAHABBATIN GANA JAZBAI, SOL NAZIKTIKTE JATKAN TILSIM SEZIMDERDI DE SURETTEGEN . SIZGE RAZIMIN

+0
28 қараша 2012, 19:48

Журектерге нар берер отты жырларынызды окып куанып отырмын! жырларынызда казак кызына тан кербездик, назиктик бар! Рахмет адеми олендерине

+0
09 қаңтар 2013, 19:05

Қыздардан ақын шықпайды деген сыңаржақты философияға төңкеріс орнататын Ботакөздей арулар болатынына бек сенімдімін! Ақындықтың ақ айдынындағы ақ кемеңіз тек қана өрге жүзсін! :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...