Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / "Шабыт - 2012" "Үздік шығарма" (поэзия) номинациясының жеңімпаздары анықталды

"Шабыт - 2012" "Үздік шығарма" (поэзия) номинациясының жеңімпаздары анықталды

Астанада "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалі 3-8 қараша аралығында өтіп жатыр. Ақындардың додалы мерекесіне айналған осынау бәйгенің поэзия «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша кімдердің көш бастап, жеңіс тұғырына көтерілгенін айтайық.

Сонымен әр өңірден 90 үміткер қатысқан. Үздік деп танылып, жырдан алқа тағуға «тура келген» ақындардың ішінде Бас жүлде Ақтөбеден келген Балтабек Нұрғалиға бұйырса, Қарағандының ақын қызы Ботагөз Мұхитдин I орынға қол жеткізді. Салтанат Жүсіп (Қызылорда) пен Бауыржан Әліқожа (ОҚО) ІІ орында келсе, Салтанат Смағұл (Қарағанды) мен Қарлыға Темірғали (Атырау) ІІІ орынды місе тұтты.

Тағы бір айта кететін жәйт, қазылар алқасының мүшелігіндегі Маралтай Райымбекұлы Қызылордадан келген мүгедек ақын Нұрмұхамед Әбілқасымов (Тараз) деген жігітке кітап шығарып беремін деп уәде етті. Бұдан басқа, бәйгенің арнайы жүлделері бар: Тұманбай Молдағалиев атындағы арнайы сыйлықты Динара Мәлік (Қызылорда) алса, Астана қалалық Мәдениет министрлігінің арнайы сыйлығына Ілияс Мұқайып (Қарағанды) қол жеткізді.

Қазылар алқасының төрайымы – Фариза Оңғарсынова, ал комиссия мүшелері Серік Ақсұңқарұлы, Жанат Әскербекова, Бақытжан Қанапиянов, Маралтай Райымбек.

8 қараша күні Астана қаласында Конгресc холлда аталған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтеді.  

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: yvi.kz

1332 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 06 қараша 2012, 11:36
Пікірлер
+0
06 қараша 2012, 11:53

Ал құтты болсын! :D

+0
06 қараша 2012, 12:11

жас екен ақындардың барлығы

+0
06 қараша 2012, 12:34

таныстарым ішінен Бауыржан мен Қарлығаны құттықтап қояйын.

+0
06 қараша 2012, 13:05

Балтабектің алғаны қандай дұрыс болған. Бауыржан ағамды да орнымен құттықтаймын!!! Кілең сайдың тасындай ақындар жиналыпты ғой бұл "шабытқа"

+0
06 қараша 2012, 13:06

шабыттары шыңдала берсін!

+0
06 қараша 2012, 13:51

Тараздан келген мүгедек ақын Нұрмұхамед деп жазылыпты, ол жігіт негізі Қызылорда жақтың ақыны ғой, бұл жерде қате кеткен сияқты менінше..

+0
06 қараша 2012, 13:53

О, Қарлығаны құттықтайм!

+0
06 қараша 2012, 14:04

"Шабытта" еш қадыр-қасиет қалмаған екен. Айналайын Қарлыға қарындасым кетті дегенде жүрегім ауырып қалып еді. Ақын қарынадсым жүрегінен шыққан тәтті жырларын бәйге мен бәске салмаса екен деп тілеуші ем.

+0
06 қараша 2012, 14:09

"Шабыт келді, шамды өшір" деген тура осы болды ғой.

+0
06 қараша 2012, 17:42

Маралтай Райымбекұлының сыйлығы жақсы екен. Бугін бірақ қазылар алқасында шу болып жатыр дегенді есітіп қалдық, сол не болыпты. А, айтпақшы, жеңімпаз атанған Балтабек Нұрғали эротик акын Аслан Кажыгеновтын досы дейді гой!

+0
08 қараша 2012, 02:41

Baltabek Nurgalievtin bas julde alganina kuaniwtimin!!! keremet akin)) zamandas agalarimnin arasindagi moiindaitin akindarimnin bireui ham biregeii)) Aslan Kajenov te jaman akin emes! jinaktarinin barligin okip wikkam, ekeui bizdin poeziyamizga janawildik akelgenderdin katarinan ekenin umitpaiik jane de eksperementten kawpaiik)) auizga kelgendi ottai beretinderdi tusinbeim... wabittin bas juldesi gana adil berilipti, kalgan jerlinde ru,tanistik,jerlestik degen kriteriiler rol' oinagan.. aitpese, "Wabit" talai akindi wabit pen wabisinan aiirgan..

+0
17 қараша 2012, 01:34

кім алса да, кейін үлке нақын болса бопты да... құтты болсын

+0
08 желтоқсан 2012, 23:31

"өтірікті шын қылатын,таныспен орынды жым қылатын" аман болсын қазағымыз!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...