Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Ұларбек Нұрғалымның екі өлеңі

Ұларбек Нұрғалымның екі өлеңі

Ұларбек Нұрғалымның екі өлеңі

Қазіргі қазақ поэзиясының хал-күйін жырлау осындай-ақ болар. Түсініксіз «измдерден» оқырман ғана емес, соны өз әлінше түсінгісі келіп, және түсінген, сезген, тереңіне бойлаған болып көрінгісі келетін сыншылардың өзі шаршады. Мұндай поэзиялар бізді әбден сарсаңға салып бітті. Поэзия тіптен қай бағытқа аунап бара жатқаны да белгісіз. Алтынмен аптаған қорғасындай салмақты, зерлі баба сөзі қай далада қалды. Осыны еңіреп жоқтаған ақынның мына өлеңінде ашу мен ыза, күйініш пен кек, шарасыздық пен жоқтау бәрі де сиып тұр. Есті жан еміреніп, тебіреніп оқыса екен.

 

Қайран сөз

Бұлар шулап жазады,

Измдердің иір-иір жолдарын,

«Елесінің ұзын-ұзын қолдарын»,

Өзі ішінен өзі мыңға бөлініп,

«Өз көріне топырақ сап тұрғанын»...

Жазады-ай бір,

Жазады-ай бір емініп,

Сосын тағы... бұл ортадан жерініп...

Есенинге есі кете елігіп,

Абай одан аласалау көрініп...

Сілтейді-ай кеп данышпаным, даңқтым,

(Мен бұлардың даңқынан да жалықтым.)

Қай заманнан...

                 Қайран сөзі қор болған,

Қара шалды ойлай-ойлай қамықтым.

Изім демес, біздің түске енбеген,

Қиял да емес, «тәнін айға жерлеген».

Сол қайран сөз СЫРТЫ КҮМІС, ІШІ АЛТЫН,

Қырық жамау жүрегімді емдеген.

Ақиқаттың арғы түбін ұға алмай,

Өтіріктің өрмегінен шыға алмай.

Содан бері қанша жалған сөз өлді,

Ит жүніне қонған түнгі қылаудай.

Міне тағы 

           Көз – ноғала, сөз – жалған,

Жалған сөзді жалған мақтар кез болған.

Әттең дәрмен жетер ме аулақ кетуге,

Атақ буы бұрқыраған сол маңнан.

Буға айналып кетсе дағы сөздері,

Сол бір маңның «марапатты» ерлері,

Буырқанып

Байтақ Қазақияны,

Сөздері емес, кезіп жүреді өздері.

Қайран, сөз-ай!..

 

Енді мына өлеңді оқыңыз. Жүрегіңіз тас та болса, дәл осы сәт елжіреп сала берер еді.

Сурет

 

Жалғыз үй таудың ішінде,

Алтайды ақ кебін жабатын.

Тек анам жаққан түтінге,

Жалғанып тірлік жататын.

 

Меңіреу еді әлгі күй,

Білмейді ешкім мендей көп.

Жапанда сол бір жалғыз үй,

Жататын жалғыз меңдей боп.

 

Ержетіп қара сирағы,

Бесікпен ақпанда өңгерген.

Арманға беріп бұйданы,

Алыстап кеттім ол жерден.

 

Жыл бойы жілік сақталып,

Анам да мүмкін жүдеген.

Мақтана сөйлеп хат жазып,

Суреттер салып жіберем.

 

Құдіреті-ай ана жүректің,

(Елеген оны анық кім)

Достармен түскен суреттің,

Шетінде тұрып қалыппын.

 

Қабағын ашпай түнерген,

Көңіліне алаң секем кеп.

Мұңайыпты анам,

Біреулер

«Шеттетіп жүр ме екен»-деп.

 

Көңілінен кетпей сол бейнем,

Түсіне дағы кіріппін.

Жөңкіп жұрт,

Жыртық жейдеммен

Шетінде тағы жүріппін.

 

Бақыттың бізде несі кем,

Айналдым ана, сенен мың.

Ортада жүрмін отымен,

Сүтіңмен сіңген өлеңнің.

 

Құдайға ғана жалбарын,

Құдайсыз қулар оңбаған.

Көремін өзім қалғанын,

Талассыз тірлік болмаған.

 

Ол жағын дағы ұмытпан,

Шетінен түгел айдаһар.

Түйреуге әбден құныққан,

Қызыл да қырғын найзалар.

 

Ортаға ап бүгін құрметте,

Итерсең итер орға әлі.

Анама салған суретте,

Ортада тұрсам болғаны. 

 

Дайындаған: Қайсар Қауымбекұлы

Сурет: жеке мұрағаттан

638 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 11 қазан 2012, 17:43
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 10:14

Ұларбек ақынның әрбір шумағынан тұтас бір ойдың андағайлап көрініп тұратын тұсы көңілге қонымды. Шындық шыр айналып келіп қазығын тапты деген осы да! Қаптаған изм-дердің ізі де қалмас осыдан кейін. Сынап болып төгілген, сосын шіредей боп Поэзия деген қасиетке жабысқан өлең-сымақтардың өресі төмен екендігін, сөз жоқ, дәлелдеп берді! Жарайсың, қазақ!

+0
12 қазан 2012, 10:25

Суреттің шетінде тұрып қалған баласына қарап мұңайған ана....ғажап, керемет өлеңдер! Баба сөзі, дала сөзі бойымыздағы қанда тасып жатыр. Соны танытуға құлықсыздық танытып, "изм" деп қу соқпақта адасып жүрген жайымыз бар. Қайран сөз!!!

+0
12 қазан 2012, 12:43

Сурет! Керемет! (1-ші өлеңдегі орф.қателіктер жөнделсе екен!)

+0
12 қазан 2012, 14:44

Арманға беріп бұйданы,

Алыстап кеттім ол жерден. Мықты сөздер

+0
12 қазан 2012, 23:13

Анама салған суретте, Ортада тұрсам болғаны... Күштііііііі, бәріміз де ең бірінші анамыз үшін, екіншіден анамыз үшін, үшіншіден анамыз үшін аман болайық!!!

+0
15 қазан 2012, 14:46

Ортаға ап бүгін құрметте,

Итерсең итер орға әлі.

Анама салған суретте,

Ортада тұрсам болғаны. Бүгінгі қазақ поэзиясыныңғ есігін ұялып қаққан Ұларбек аға осындай өлеңдерімен ортаға ойқастап кірді!

+0
15 қазан 2012, 15:08

Мықты, мықты, Қайсеке, әр өлеңнің құдіретін сезінуде аса сезімталсың ғой. Ұларбек ақынды шынымен де осы арқылы біле бастадым.

+0
20 қазан 2012, 01:20

осы бір шағын алаңқыға сөз шалдырып аялдаудың өзі мен үшін қиынның қиыны боп алғанды. "аппақ аппақ парақтарда түнеген, сен қабірде неғып жатсың ұлы өлең. аштым ,міне, тірі болсаң егерде, орыныңнан дүр сілкініп түрегел"...бұны оқып не деуге болар? Бағашар, бұл ақын саналы түрде ұяла келдіме білмеймін. бейсанасыз ақиқатында сүліге қатырып баққан сұры дөнендей суырылып кірді алдыңғы түйдекке..."сарын" деген өлеңінің өзі ақ соның дәлелі

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...