Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Маған ұқсас жігіттерді аяймын, саған ұқсас сүйіп қалған қыздарын...

Маған ұқсас жігіттерді аяймын, саған ұқсас сүйіп қалған қыздарын...

Маған ұқсас жігіттерді аяймын, саған ұқсас сүйіп қалған қыздарын...

Қымбатты жырсүйер қауым, бүгін біз сіздерге Жайық ұлынан келген хаттарды жария етпекпіз. Ол кім дейсіз бе? Жас ақын Аслан Тілегеновтің жырларына бұрын қанық болған оқырман біліп те отырған болар. Алматы шахарынан уақытша алыстап туған жерде шалқып жүрген студент жігіттің лирикасынан қабыл алыңыздар! Жайық жігіті жазған туындылар сіздің де жаныңызға жарық сыйласын...

 

Алматыға ақ жауын жауған шығар,

Жауған шығар...

Мені қазір сағынған қыз,

Жайықты ойлап жабығып қалған шығар.

 

Алатауға тағы бұлт жеткен шығар,

Жеткен шығар...

Қапырық – Жайықта әлі,

Алматы – көктем шығар.

 

Көктөбені бір нөсер жапқан шығар,

Пәк тамшылар...

Сырғанап жанарынан,

Тағы, тағы хат жазып отқан шығар.

 

Күн сосын күлген шығар,

Жүрген шығар...

Жұбанып сағынған қыз,

Мен әлі сүйерімді білген шығар...

 

*****

 

Махаббаттың айтылмайды ізгі әні,

Баяғыша ұмытамыз біз бәрін.

... Маған ұқсас жігіттерді аяймын,

Саған ұқсас сүйіп қалған қыздарын...

 

Сені сүйгем әр күні,

Махаббаттың кешкенде күн тағдыры,

Кездесуден басталады екен ғой

Қоштасудың барлығы...

 

Шын ғашықтың ерлігі –

Махаббат та бола алмайды енді ұлы.

Бақыт құшып өмір сүру – зор күнә,

Бақытты боп жарытпаспыз ендігі.

 

Ел айтатын сөзге құлақ түріп көр,

Бақыттырақ бұрымды ару, бүлікті ер –

Саған мүлде ұқсамайтын қыздар мен

Маған мүлде ұқсамайтын жігіттер...

Сурет: everythingspecialfor.blogspot.com

 

5928 11
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 тамыз 2012, 17:25
Пікірлер
+0
08 тамыз 2012, 17:30

Бақытты боп жарытпаспыз ендігі...

+0
08 тамыз 2012, 17:44

Жарайсың, Аслан! Жайыққа рахмет ақынға шабыт сыйлап жатқан! Қай уақытта да: "өлең бар ма?" десең, басын шайқаған емес)) Сәтті шыққан туындылар! Сонымен қатар, соңғы өлең өзіме қатты ұнайды. Сондықтан да ұсынып отырмын ;)

+0
09 тамыз 2012, 10:12

Кездесуден басталады екен ғой

Қоштасудың барлығы... :(

+0
09 тамыз 2012, 13:22

Алматыға ақ жауын жауған шығар,

Жауған шығар...

Мен қазір сағынған жігіт,

Мені тіпті ойлап та жатқан жоқ шығар.

+0
09 тамыз 2012, 13:31

.. Маған ұқсас жігіттерді аяймын,

Саған ұқсас сүйіп қалған қыздарын...

+0
09 тамыз 2012, 13:39

Жұбанып сағынған қыз,

Мен әлі сүйерімді білген шығар................. :(

+0
09 тамыз 2012, 14:11

Кездесуден басталады екен ғой

Қоштасудың барлығы...

+0
09 тамыз 2012, 15:37

Бақыттырақ бұрымды ару, бүлікті ер

+0
14 тамыз 2012, 14:24

Ерекше өлең! Ұнады!

+0
21 тамыз 2012, 00:58

... Маған ұқсас жігіттерді аяймын,

Саған ұқсас сүйіп қалған қыздарын... :!: :!: :!:

+0
19 қыркүйек 2012, 11:30

Аслан өз жаңалығымен келді поэзияға! жарайсың!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...