Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Поэзия / Айбергеновтың ақырғы монологы

Айбергеновтың ақырғы монологы

Айбергеновтың ақырғы монологы

Назарларыңызға Мұрат Шаймаранұлының "Айбергеновтың ақырғы монологы" атты өлеңін ұсынып отырмыз. Өлең 29 жасында өмірден өткен қазақтың біртуар талантты ақыны Төлеген Айбергенов туралы. 

***

«...көбінде мақамды, әуезді қарақалпақ әні «Аму дарияны» шырқай жөнелетін. Жаңағы өрік ағаштан жасалған домбыраны он бір жыл ұстады. Тек өзі қайтыс болатын жылы сол домбыраны абайсызда сындырып алдық...» 

Үрниса Айбергенованың сұхбатынан

Аһ, Үрниса, 
Жалын толы кеудем бұл, 
Самарханнан сырнайлатқан керуен-жыр. 
Жез қоңырау үніндей-ақ сыңғырлап, 
Тым алыстап бара жатыр, енді, өмір. 

Аһ, Үрниса, тамырымда қан тулап, 
(Өмір солай, тулап барып сарқылмақ.) 
Өлі дала шырайына нұр беріп, 
Мен көктеммін өте шыққан жарқылдап. 

Бұл пәниге кімдер келіп, 
Кім жасар?! 
Мен өтермін, қабырымды гүл басар. 
Бір жалт етіп сөнген шырақ секілді, 
Аһ, Үрниса, 
Халым менің тым нашар. 

Апай төсін жатқан дала күн қақтап, 
Ақ көбігі аққан өзен бұрқақтап. 
Қош бол енді, 
Күлімдеген қыз-өмір, 
Кәмшат бөркі бұлғақтап. 

Жырдың мәнін, 
Жылдың сәнін тауыспай, 
Тұра алмадым ағындарға дара ұшпай. 
Аһ, Үрниса, 
Мен өтермін, 
Өтермін, 
Жартастарға сіңіп кеткен дауыстай. 

Қарт тауларға көп қараймын тігіле, 
Сөйлейді олар маған адам тілімен. 
Жаңғырығып қайта келем мен саған 
Жасын ойнап, 
Дауыл тұрған күні мен. 

Ақ қайыңның жапырағы боп тұрармын, 
Ақжайық пен Атырауым боп тұрармын, 
Басыңдағы ақыл, арын боп тұрармын 
Қасыңдағы батыл ағын боп тұрармын, 
Әр сөзіңде жырың болып оқылып 
Һам көзіңде мұңың болып тұнармын. 

Батам, енді, көкжиекке күнге еріп, 
Жатам сосын табиғатқа тіл беріп. 
Ғарыш-көкте жұлдыздарды серік қып, 
Мәңгіліктің құшағына бірге еніп... 

Өлім өзі қасіретті қаншама?! 
Би билеймін, алдында оның ән салам. 
Аһ, Үрниса, байтақ қазақ жерінен 
«Бір тойым боп...» ораламын мен саған. 

***
Тамыз айы, кешкі шапақ қырмызы, 
Бірақ мені мазалайды түнгі ызың. 
Аму дария, 
Саған ғашық болдым мен, 
Маған ғашық болды сенің бір қызың. 

Аму дария, жағаңда отырып мұң құштым, 
Сенсіз ешкім ұғынбайды сырды ішкі. 
Иірімің шымыр-шымыр қағады, 
Низамидың шарабындай тым күшті. 

Сенсің менің таусылмайтын ариям, 
Мен боп сөйле, 
Жалғандыққа мойыма! 
Тал бойымда тулап жатқан қан емес, 
Сенсің, Аму дария! 

Сен сұлусың, сұлу болса бұл ғалам, 
Сен болмасаң қуат берер кім маған?! 
Көзге сыйған мынау нұрлы дүние, 
Құшағыма сыймайды ғой сол жаман. 
Әйтпегенде мен өзіңді көтеріп 
Жүрер едім бір ғана... 

Менің жаным-шағалаң боп көрінген, 
Ақ моншағың-менің жасым төгілген. 
Сен керексің ертеңгілер үшін де, 
Әйтпегенде, алып кетер едім мен. 

Тәңірімдей табынатын Ұлы анам, 
Сен берік бол, сен ешқашан жылама! 
Ақыныңның аманатын сен сақта, 
Әйтпегенде, ұмытшақтау бұл адам. 

Аму дария, білесің бе?! 
Ақжайықтан ұшқан жырдың құсы аппақ, 
Жеттім саған жалғыз болмау үшін мен 
Домбырамды құшақтап. 

Жырақтарға-тілсімдердің мекені, 
Күлгенің мен күрсінгенің жетеді. 
Домбыраның екі ішегі секілді, 
Аму-Жайық екеуі. 

Мен сендерді бір шанаққа сыйдырып, 
Шерттім ұзақ мұңды-сазды күй қылып. 
«Мен сендерді алдамаймын...» өзендер, 
Ұлың болып маңдайыңнан сүйдіріп, 
Тұрам солай адалдығымды сый қылып. 

Мен халқымның сағынышында жүрем тек, 
Рухым қайта оралады күні ертең. 
Сендер барда мен тірімін, тірімін, 
Сендер барда шөліркемес Ұлы өлкем. 

Аму-Жайық, мені өсірген жыр бесік, 
Амалым не, жолымды ажал тұр кесіп. 
Бір-біріңе асығасыңдар-ау 
қарсы ағып, 
Менің даңқым арқылы үнсіз тілдесіп. 

Егіз дария-менің егіз ғұмырым, 
Жер-ананың екеуі екі бұрымы. 
... Сынды домбыра, сынды, сынды, 
Білемін, 
Емес, әсте, жақсылықтың ырымы. 

Бітті бәрі, маған зауал жеткендей, 
Жұмақ шағым қайырылмастан өткендей. 
Көкірегіме шер байланды қаншама, 
Домбыра емес, сендер сынып кеткендей. 

Аму-Жайық, мені өсірген жыр бесік, 
Амалым не, жолымды ажал тұр кесіп. 
Бір-біріңе асығасыңдар-ау 
Қарсы ағып, 
Менің даңқым арқылы үнсіз тілдесіп. 


ҚОШ БОЛ ЕНДІ... 


1999 жыл 2 мамыр

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: alashainasy.kz 

7700 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 03 маусым 2013, 19:23
Пікірлер
+0
04 маусым 2013, 12:33

Бітті бәрі, маған зауал жеткендей,
Жұмақ шағым қайырылмастан өткендей.
Көкірегіме шер байланды қаншама,
Домбыра емес, сендер сынып кеткендей.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...