"Ештеңе істемеуден ащы азап жоқ..."

"Ештеңе істемеуден ащы азап жоқ..."

Өзімшілдік - тірі пенденің орасан зор кемістігі.

У. Шекспир

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.

Абай

Ешкім күндемейтін адамның күні қызығырақ емес.

Эсхил

Біреуде барға сұқтанған кісі соры қайнап өзінде бардан айрылады.

Федр

Ақша бәрін істей алады деп есептейтін адамдар - ақша үшін өздері бәрін істей алатындар.

П. Буаст

Озбырдың көзін тойдырғаннан өзін тойдырған оңай.

Кэмден

Қызғаншақтық-ай, күлмен көмілген шоқсың-ау!..

І. Есенберлин

Күдік жақсылықты жамандыққа айналдырады.

И. Гете

Нағыз бақытсыздық - өзімшілдік.

Ф. Э Дзержинский

Ештеңе істемеуден ащы азап жоқ...

А. И. Герцен

Шын емес нәрсенің ұлы болуы мүмкін емес.

Г. Лессинг

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық...

Б. Момышұлы

Әділет тілесе, атаңнын болсын айыбын айт!

М. Әуезов

Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма - аймағың кетпес алдыңнан.

Ы. Алтынсарин

Мінін көріп безгенше, мініп алып түзе.

Ғ. Мұстафин

Пайдалы мен зияндыны оқымай-ақ ажыратудан дәмелі адам - ақылсыз.

Сократ

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: mail.ru

А. Әбілхан