Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / 20 доллардың әңгімесі

20 доллардың әңгімесі

20 доллардың әңгімесі

Залда ине шаншар орын жоқ. Ол қолына 20 долларлық ақшаны көтеріп тұрып сөзін бастады.

- Бұл сірә қандай қағаз? – деді ол сығылысып отырған 200 кісіге сұрау тастай, - Оның қандай құны бар?

- Оныңыз 20 доллар ақша ғой. Халықтар арасында да, ел ішінде де ол өз бағасы бойынша айырбасқа түседі, - деп жауап берді жиынға қатысып отырғандар.

Ол әлгі ақшаны алақанына салып ары-бері уқалады да, жұмарланған ақшаны қайта жазды. Бірақ, ақшаның бырыс-тырысы жазылмады. Содан кейін ол:

- Сіздер оның құнын әлі мойындайсыздар ма? – деп сұрады.

- Мойындаймыз! – деп шу ете қалды жиналған қауым.

- Жарайды, - деді ол, - Ендеше мұным әлі жеткілікті болмаса керек. Былай істесем қайтер екен? - деп ол қағаз ақшаны жерге тастап, табанымен таптап, әрлі-берлі үйкеді де, ақшаны қайта қолға алды. Ақша ескіріп, кірлеп, тозып кетті, былғанғаны соншалық, алыстан қарағанда ақша екені білінбей де қалды.

- Енді мынаны өз бағасында айырбастап алатын кім бар?

Көп адам қол көтерді.

- Меніңше, бұл ақша өз құнын әлі жоя қойған жоқ, - деді біреу әрі-сәрі болып.

- Оған 20 долларлық құны бар зат сатып алуға әбден болады, - деді тағы біреу.

Басқалар оны құптай жөнелді.

- Достар, - деді ол сонда, - Әлгінде біз аса мағыналы сабақ өттік. Кейбіреулер енді 20 долларлық ақшаны былғап, тоздырғанымен қоймай, тіпті оны өзгертіп тастады деп қарады. Алайда, оның нәтижесі айқын болды. Әрине, бұл қағаз ақшаны қалай жұмарласам да, сіздер оның айналысқа түсетінін мойындайсыздар. Өйткені, менің бұл қылығымның оның құнын титтей де төмендете алмайтынына көздеріңіз әбден жетіп тұр. Ол қашан да 20 долларлық құнға ие ақша.

Өмірде біз сан рет өз шешіміміздің немесе жасаған ортаның қысымы салдарынан өзімізді жарамсыз, жәбір көрген жандай сезінеміз. Өзімізді соқыр жармаққа татымаймыз деп санаймыз. Көлденең көк аттыға да дәл осындай сияқтанады. Бірақ, мейлі қандай күн туса да, қандай пәле-жала төніп келе жатса да, өз «құныңызды» әсте жоғалтпауды есте сақтауыңыз керек.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: allnumis.com

1950 8
Рейтинг: +1

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 19 ақпан 2013, 13:53
Пікірлер
+0
19 ақпан 2013, 13:30

Бастысы - адам боп қалу... Мына мысалды есте сақтап жүру керек-ақ!

+0
19 ақпан 2013, 13:40

сұмдық екен! 20 долларлық құнымыз болсын.

+0
19 ақпан 2013, 14:17

Орынды қозғалған тақырып екен :)

+0
19 ақпан 2013, 15:54

:) жаксы мысал келтирген екен.

+0
20 ақпан 2013, 21:15

осындай мысалдар көптеп келтірілсе екен...тамаша!

+0
20 ақпан 2013, 21:38

Майдалап тастамас па екен қайшымен деп алаңдап отырғам)

+0
17 наурыз 2013, 20:49

Жақсы тақырып!!! 3000 мың теңгені қазақстанда умаждап таптап тастайтындар жоқ шығар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...