Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / О, Муза! Ғайыптан кел де, мені демеп жібер...

О, Муза! Ғайыптан кел де, мені демеп жібер...

О, Муза! Ғайыптан кел де, мені демеп жібер...

Айдай әлемді аузына қаратқан ұлы туындыларды дүниеге әкелуде жанын шүберекке түйіп, құдіретті қалам мен қағазға жүрегімен жүгінген аса дарынды шығармашылық адамдары - жазушылар, ақындар, суретшілер, мүсіншілер, музыканттар кез келген оқырман үшін қашанда қадірлі болып қала бермек. Десе де, сол туындылардың дүниеге келуіне негізгі себепкер болған - жүрек төріндегі асау махаббат пен махаббатты оятуға қауқары жеткен әйел заты туралы ұмытпағанымыз жөн. Муза туралы сөз қозғағанда, қазақ әдебиетіндегі Жұматайдың Ләйләсі, Мирастың Жадырасы, Алмастың Лаурасы, ән өнеріндегі елу бір жыл сақинасын тастамаған Естайдың ҚорланыШәмшінің Изольдасы еске түседі. Ал күллі әлем танитын музалар туралы не білесіз? Ой қоса отырыңыз.

Лесбия және Катулл

Б.з.д. І ғасырда өмір сүрген Ежелгі Рим ақыны Гай Валерий Катулл өзінің шығармаларына сүйіктісі Клодия Пульхра Терцияны арқау еткен. Клодия - ақын қамқоршысының әйелі болған деседі. Ол туындыларында Клодияны "Лесбия" деп атайды. Катулл Оған 116 өлең арнаған екен (25-і ғана сақталған). Ең атақтысы - "Odi et amo" (Жек көремін және сүйемін") деп аталады. Әлем әдебиетінде "Лесбияның шымшықтары" деген ұғым қалыптасқан. Катулдың жырларынан Клодия шымшықтарды қолда асырағанды ұнатқандығын байқауға болады.

Беатриче және Данте

ХІІІ ғасырда Флоренцияда өмір сүрген Беатриче Портинари италиялық атақты ақын Данте Алигьеридің музасы болған. Данте өзінің туындыларында сұлуды "мона Биче" деп атайды. Итальян ақыны Беатричені 1274 жылы тоғыз жасында (қыз сегіз жаста болады) шіркеуде көрген екен. Ақынның алғашқы әрі жауапсыз махаббаты өзгенің жары атанып, 24 жасында қайтыс болады. Солай бола тұрғанмен, Данте Беатричесін өмір бойы жырлап өтті. Оның "Құдіретті комедия" («Божественная комедия») аталатын шоқтығы биік туындысы толықтай Б. Портинариге арналған.

Лаура және Петрарка

Қайта өрлеу дәуірінің куәгерлері Лаура де Нове мен Франческо Петрарканың оқиғалары Дантенің бастан кешкендеріне өте ұқсас келеді. Бірақ, бұл оқиға бір ғасырдан кейін орын алған. Лаура - өз заманында аса беделді болған Гуго II де Сада графтың әйелі болады. Петрарка оны алғаш рет 1327 жылы 6 сәуірде Санта-Кьяра шіркеуінде көрген. Осы таныстықтан кейін италиялық ақын Лаураның ізін 21 жыл бойы аңдумен өтеді.

Арада 21 жыл өткен соң, графтың жұбайы он бірінші перзентін дүниеге әкеліп, қайтыс болады. Ақын оның өліміне қатты қайғырып, он жыл бойы аза тұтып, көптеген сонеттер жазып шығады. Франческо Петрарканың сонеттерін "Өмірге", "Лаураның өліміне" деп екіге бөліп қарастыруға болады.

Камилла Клодель және Роден

1885 жылы 45 жастағы Родлен өзінің мүсін шеберханасына 19-дағы Камилла Клодель атты бойжеткенді қызметке алады. Қыз өте талантты шәкірт болған екен. Көп ұзамай ол Роденнің музасына, моделіне айналады. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас он жылға созылған. Осы уақытта Родленнің ең мықты деген туындылары жарық көреді. Атақты мүсінші өзінің «Аврора», «Зинақор», «Табыт», «Данаида», «Кешірім», «Меланхолия» «Сүйіс», «Ақын және оның музасы», «Мәңгілік көктем» деген мүсіндерін Камиллаға арнаған.

Камилла Родленмен айырылысып кеткеннен кейін, психикалық ауруға душар болып, жындыханада қайтыс болады.

Вирджиния Клемм және Эдгар Аллан По

Вирджиния америкалық ақын, жазушы Эдгар Алан Поның әйелі болған. Олар 1835 жылы үйленген. Ол кезде қыздың жасы - 13-те, жігіттің жасы - 27-де болады. Және екеуі туысқан ағалы-қарындас болған деседі. Вирджиния 25 жасында туберкулез ауруына шалдығып, өмірден өтеді. Эдгардың "Ворон" және «Аннабель Ли» атты ұлы туындылары (басқа да көптеген шығармалары) әйеліне арналған.

Мари Дюплесси және Дюма

Мари Дюплесси 1840 жылдары танымал француздық куртизанка болған. Ал әдебиет тарихына Александр Дюманың "Дамас с камелиями" атты романының басты кейіпкері ретінде енді. Екеуінің арасындағы махаббат сезімі бір жылға жуық уақытқа созылған. Мари 23 жасында туберкулез ауруынан көз жұмды. Оның бейнесі Джузеппе Вердидің "Травиата" операсынан да көрінеді.

Алиса Лиделл және Льюс Кэрролл

"Таңғажайыптар еліндегі Алиса" кітабының басты қаһарманының прототипі - Алиса Лидделл Оксфорд деканы Генри Лидделдің қызы. Оның әкесі мен Льюс Кэрролл әріптес әрі жақын достар болған. "Алиса" образының қалай жасалғандығы белгілі. Алиса қыз бен оның екі әпкесінің өтінішімен Кэрролл осы кітапты жазып шыққан екен. Жазушы кітаптың қолжазба нұсқасын Алисаның өзіне тарту еткен. Қолжазба қазір британдық кітапханада сақтаулы тұр. Алиса бақытты өмір сүріп, 1934 жылы 82 жасында қайтыс болған.

Жанна Дюваль және Бодлер


Гаитден Парижге келген актриса әрі балерина жиырма жыл бойы француз ақыны Шарль Бодлердің ашынасы болған. Ақын оны "Қара Шолпан" ("черная Венера") деп атап, көптеген өлеңдер жазып шықты ("Балкон", "Билейтін жылан", "Экзотикалық иіс","Арам өлік" т.б). Бодлер мен Дюваль өмірлерін шарап ішумен, есірткіге әуестенумен өткізген. Дюваль 1862 жылы (42 жасында) мерез ауруынан қайтыс болады, бес жыл өткен соң, Бодлер де осы аурудан көз жұмды.

Гала және Дали


Испандық көркем сурет өнерінің шебері, сюрреализм негізін салушы Сальвадор Дали өзінің музасы Галамен (Елена Дьяконова) алғаш танысқанда ол француз ақыны Поль Элюардың әйелі болған. 1929 жылы 35 жасты алқымдаған Гала 25 жастағы Сальвадорды бір көргеннен ғашық болып, ақын күйеуін біржола тастап кетеді. Галаның арқасында Далиді бүкіл әлем таныды. Ол суретшіге қаржылық жағынан қолдау көрсетіп қана қоймай, суреттерінің жалғыз әрі қайталанбас музасына айналды.

Памела Курсон және Джим Моррисон


Моррисонның заңды әйелі әрі өмірінің басты махаббаты, көптеген әндерінің басты қаһарманы, "Дорз" тобының бойтұмары болған Памела Курсонды танымайтындар жоқ шығар. My Wild Love, IndianSummer, L.A. Woman, Love Street,Queen of the Highway, Wild Child әндерінің барлығы осы Курсонға арналған. Джим Моррисон өзінің барлық мұрасын Памелаға жазып қалдырған екен. Бірақ Памела сүйіктісінің өлімінен кейін үш жыл ғана өмір сүрді.

Суреттер:yablor.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4576 9
Рейтинг: +7

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 ақпан 2013, 14:51
Пікірлер
+0
07 ақпан 2013, 14:26

Жақсы дүние жасапсың, Айгерім!

+0
07 ақпан 2013, 15:04

Кызыкты такырып екен!)

+0
07 ақпан 2013, 17:33

Қызық екен

+0
07 ақпан 2013, 18:09

Уау, Беатриче қандай, а! :)

+0
07 ақпан 2013, 18:13

Бірақ Гала мен Далидің махаббаты ұнап тұр :D

+0
07 ақпан 2013, 18:29

тақырыбы ұнады

+0
07 ақпан 2013, 20:49

Керемет!

+0
08 ақпан 2013, 14:02

жақсы мақала шығыпты. Әйгерімге көп рахмет айтуға тиіспіз. Рахмет, Әйгерім!

+0
15 қаңтар 2015, 16:17

н645

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...