Кемелділік

Кемелділік

Жибыран Халел (Ливия)

Қандасым, сен менен: «Адам қашан кемелділікке жетеді?» деп сұрайсың.

Онда тыңда мені:

Әрбір осы мезетте адам өзін шетсіз-шексіз көк, жиексіз теңіз, толассыз лаулаған жалын, ышқынған немесе қоңыр жел, найзағай жарқылы мен нөсерлі бұлт, шаттық не қайғы дариясы, көктемде шешектеп, күзде солатын ағаш, бұлтқа бой созған тау, терең шатқал, құнарлы не жұтаң егістік деп сезінсе, кемелділікке беттейді.

Адам осыларды сезінсе, кемелділік жолын жартылай басқан болады. Ол кемелділіктің көздеулі жеріне жетпек болса, өз мәнін тануға тиіс. Өзін ана құшағындағы балбыраған бала, отбасы жауапкершілігін арқалаған отағасы, сенімім мен махаббатым жоғалды деп түйген жас, өзінің өткені мен келешегі жолында күрескен мосқал жан, шөп күркедегі қайыршы, түрмедегі қылмыскер, кітап пен қағаз үйіндісіне бас тыққан оқымысты, жарық пен түн қараңғысында тұрған парықсыз адам, өз сенімінің бәйшешегі мен жалғыздық тікенегі жүрегіне батқан дін қызметкері, қара басының дәрменсіз сүйір тісі мен мұқтаждықтың өткір тырнағындағы жезөкше, жеке басының қамы мен намысын арқалаған жаралы, індіні мен бойсынуы арасындағы бай, ымырттағы соқыр тұман мен азғынды қиял сәулесіндегі ақын деп сезінуі керек.

Егер адам осыларды басынан кешсе, әрі түсінсе, кемелділікке жетеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

M. Auelkhan