Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Қысқалық – таланттың қарындасы

Қысқалық – таланттың қарындасы

Қысқалық – таланттың қарындасы

Қысқалық – таланттың қарындасы

Чехов

Ойды әдемі жеткізіп, сөйлемдерді көркем құрастыра алу - сонау заманнан бері келе жатқан ұлы талант. Атам қазақ жүрекке жететін сөздерді айта білген адамдарды ерекше сыйлаған, олардың ақыл-кеңесіне жүгінген. Сөз ділмарлары, қарымды қаламгерлер, аузы дуалы ақындар... Бірнеше ғасырдан бері олардың өлмес туындыларымен сусындап келеміз. Шаршаған да емеспіз...

Бүгінде жер бетінде мыңдаған тілдер бар, технология дамып жатыр, солай бола тұрғанымен, кейде ішкі жан дүниеміздің халін, сезімімізді қысқа әрі нақты түрде өзгеге жеткізе алмай әлекке түсеміз. Қаншама бос сөздерді шығындаймыз. Тілімізден басымызға пәле табамыз. Келісесіз бе? Ал бүгін біздің әңгімемізге арқау болатын кісілердің ондай қиындықтары жоқ. Танысқыңыз келе ме? Олай болса, шағын әрі дөп баса айтылған біртума әдеби шығармалармен және олардың қожайындарымен таныс болыңыз.

Атақты Эрнест Хемингуэй өз замандастарымен алты сөзден аспайтын, бірақ кез келген оқырманның жүрегін түрте алатын әңгіме жазамын деп бәстеседі. Көп уақыт өтпей, бәc мәресіне жетеді. Жеңімпаз  - Э. Хемингуэй. Әңгіме мынадай еді: "Балаларға арналған бәтеңке сатылады. Киілмеген".

Америкалық жазушы-фантаст Фредерик Браун әлемдегі ең қорқынышты қысқа оқиға жазған: "Жер бетіндегі ең соңғы адам өз бөлмесінде отыр. Кенет есік қағылды".

Новелла жазудың хас шебері О Генри әңгіме құрылысының (басталуы, шиеленісуі, шешімі) барлық талаптарына сай келетін шығарма жазып, үлкен марапатқа ие болады: "Жүргізуші темекі шегіп тұрып бензиннің қанша қалғандығын тексеру үшін бензин багына үңілді.  Марқұмның жасы жиырма үште еді".

Бірнеше жыл бұрын ағылшындықтар "ең қысқа хикаяға" бәйге жариялайды. Байқаудың шарты: ханшайым, Құдай, жыныстық қатынас, құпия туралы айтылуы керек. Бас жүлде иегерінің туындысы: "О, Құдай, менің аяғым ауыр, бірақ кімнен екендігін білмеймін! - деп айқайлап жіберді ханшайым".

Франциядағы "ең қысқа әңгіме" номинациясының иегері - француз әйел. Ол былай деп жазған: "Бұрын менің жылтыр әрі тегіс бетім және ұйпалақ белдемшем бар еді, қазір бәрі керісінше".

Суреттер: wmeste.by

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

4651 7
Рейтинг: +6

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 қаңтар 2013, 18:36
Пікірлер
+0
28 қаңтар 2013, 18:00

"Жер бетіндегі ең соңғы адам өз бөлмесінде отыр. Кенет есік қағылды". :shock:

+0
28 қаңтар 2013, 22:58

Алдындағы біз жазбада дәл осы болған!

+0
28 қаңтар 2013, 20:22

хе,хе! Кызык екен!

+0
28 қаңтар 2013, 22:46

Керемет мақала

+0
28 қаңтар 2013, 23:51

Жақсы мақала... Қатені түзеу мақсатында... Хемингуейдікі оригиналда: "For Sale: Baby Shoes, Never Worn(кей жерде "never used")... "Baby" - бала, "babies" болса - балалар болады. Сын пікір: сосын аударма тілі кішкене қара байырлау шыққан сияқты... ренжи көрмеңіз))) (кейбіреулер сын көтермей: "Неге өзің жорналшы болмадың? - деп қойып қалатындар да бар)))

+0
31 қаңтар 2013, 07:13

осы әңгімелерді кез келген қазақ, бірде темекісін тұтатып егістігіне қарап ойланып тұрған диқан ал, бірде қыр барып малының күйін байқап қайытқан қарт шопан ақ сылқитып тұрып айтар ақ еді. таңғаласың, алты ақ сөзге сиған "өзекті" мәселе көтерілген әңгімені жазуын жазды ақ. кім бағалайды екен соны? мыжырайған, маңдай тұсы қалта қалта жай шаруаға бағалатсашы?

+0
03 ақпан 2013, 01:41

ойланбасқа қоймайды ...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...