Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / "Өмір" кафесіндегі әңгіме

"Өмір" кафесіндегі әңгіме

Мұны тек сатиралық әңгіме деп қана түсінгейсіздер. 

- Күтуші, маған қасіреттен бір кесе берші.

- Кешіріңіз, мырзам, тым кеш қой, жаңа ғана таусылған.

- Онда қуаныштан әкел.

- Ғафу етіңіз, таң атпай бітіп қалған. Бұрынғыдай-ақ жалғыздықтан әкелейін бе?

- Керегі жоқ. Мен оны бес жыл ішіп, қойып кеткем. Бүгін басқасын берші. Шаттық бар ма?

- Бар. Бірақ, аздап жалғандық қосылған.

- Пәктік ше?

- Бұл мәзірдің бірінші қатарында жазылғанымен, мұнда ешқашан болған емес.

- Сезім ше?

- Кеше ғана біреуін сатып алғандарға екеуін қосып беріп, зорға тауыстық. Өзіңіз білесіз, қазір сезім ештеңеге татымайды. Тым арзан. Оның үстіне бәрі де сапасыз. Амалсыздан сауға ретінде солай өткіздік.

- Жарайды, шынайы сүйіспеншіліктен берші.

- Бұрын болған еді. Қазір жоқ. Мұндай тәтті дүние әлемде тым аз. Естісем, оның өзін алыс қиырдан зорға алдырып жүргендер бар. Бағасы тым қымбат.

- Е, бұрын болған. Күнде осыдан ішуші ем. Дәмі тіл үйіретін, ләззәті де шексіз еді.

- Кешіріңіз, сізге айтар насихатым. Бұдан былай ішпеңіз. Ол тәтті болғанымен, жүрек ауруларына шалдықтырады екен.

- Өзің ішіп көріп пе ең?

- Жоқ, болса да ішпес ем. Келген қонақтардан солай естігем. Мырза, сізге рақымсыздықтан бір кесе алып келейін. Қазір оның базары жақсы. Қонақтардың бәрі де соны ішеді.

- Солай ма?! (Мазақтай күлді). Бұрын олар шынайы сүйіспеншіліктен біраз ішіп алса болды, «күйдім, сүйдім» деп жүрегі елжіреп сала беретін. Соншама тез өзгерген бе?

- Иә, қазір рақымсыздық сәнге айналды.

- Жарайды. Ғашықтық бар ма? Содан әкелші.

- Бар.

- Біреуін әкел, табандылықтан көбірек қосарсың.

- Қазіргі табандылықтың бәрі Қытайда жасалған. Сапалысы қалған жоқ.

- Айтпақшы, әлгі алтын кеседегі тәтті тағамдарың не еді?

- Мырзам, тұрақты қонағымызсыз. Сол үшін де шынымды айтайын. Оған нәпсіден көбірек қосып, өкініш майын араластырып, тұрмыс қазанында қайнатады. Кесесі алтыннан. Сол үшін де қымбаттау. 

- Жарайды. Ғашықтықтан әкеле бер. Бала күнімде бір рет дәмін татқаным бар еді. Айтпақшы, махаббаттан бір кесесін дайындап ала келші. Итіме ала кетейін...

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: abcnews.go.com

4130 27
Рейтинг: +20

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 27 желтоқсан 2012, 11:47
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2012, 12:27

Алдымен күлкі үйіріп, кейін күлгеніңе өкініп қалатыныңдай жазба екен...

+0
27 желтоқсан 2012, 12:46

нәпсі(((

+0
27 желтоқсан 2012, 13:10

эххххх, жалғандық қосылған шаттықты жиі ішіп жүрмін ғой...

+0
27 желтоқсан 2012, 13:27

Жақсы әңгіме екен маған ұнады.

+0
27 желтоқсан 2012, 14:19

керемет, керемет. ашты да болса ақиқат екен.

+0
27 желтоқсан 2012, 14:23

Даяшы өз қызметіне салғырттау, есесіне шыншыл екен. Бейтараптылық пен шынайылықты араластырып өзі ішеді-ау...

+0
27 желтоқсан 2012, 16:10

Жан түршігерлік әңгіме екен. Басында, шынында, кулип окып бастаған едим, соңында қалың ойға батып кеттим!

+0
27 желтоқсан 2012, 16:15

Керемет әңгіме екен, бауырым, Елдің қиялына кірмейтін нәрсені қиыстырасың осы сен.

+0
27 желтоқсан 2012, 16:19

Охо, Шымкенттік әнші азаматтар, бұдан былай осы сайтқа кіріп, сырласып тұрыңдар.

+0
27 желтоқсан 2012, 16:33

мұндайды естімеппін. Керемет мысал. Бұл арқылы өзімізді ұятты етейік, ұялу-ұялмау әркімнің өз ісі. менің айтарым "әттең..."

+0
27 желтоқсан 2012, 16:50

Бурын 1жерден окыганмын,аса конiл аудармадым создерiне. Казiр ойланып отырмын. :?

+0
27 желтоқсан 2012, 17:13

Еххх, өмір... Қайда апарасың, болашақта не ұсынасың бізге?

+0
28 желтоқсан 2012, 12:03

Бұл Алшын Матай деген анегдотты әңгімеге айналдырудың шебері

+0
28 желтоқсан 2012, 12:11

Сен мұны қайдан біліп қойдың? :D . Йә, бұл бір анекдот. Әңгімеге айналдырып кеңейтіп жазылған.

+0
28 желтоқсан 2012, 12:17

сіз қай жерде не айтқаныңыз енсіңізде қалмайды ау дим ия :lol: :lol:

+0
28 желтоқсан 2012, 13:01

өзі айтып жүретін Анекдотын трагедияға айналдырып жіберіпті ғой. :(

+0
28 желтоқсан 2012, 13:09

ne de bolsa keremet tuyndy. keremet wygarma. bul jai kafe gana emes, bukil kogam. omir surgen ortamyz. kalamynyz mukalmasyn.

+0
28 желтоқсан 2012, 15:54

Барлығы да дұрыс жазылған

+0
28 желтоқсан 2012, 16:01

керемет.

+0
30 желтоқсан 2012, 11:01

кафеге барып тұру керек екен...

+0
03 қаңтар 2013, 12:56

"Кафе" атты өмірде жүрген жоқсың ба онсыз да

+0
03 қаңтар 2013, 13:02

жаналықтар іліп жүретін Алшын Матайды қыз екен деп жүрсем, жігіт екен ғой :lol:

+0
03 қаңтар 2013, 16:32

Аша Матайдың сіңілісі боласыз ба деп сұрағандар да болған. Сосын "күйеуімін, ол маған тұрмысқа шығып тегін ауыстырған" деп жауап бердім. :D

+0
08 қаңтар 2013, 23:24

Мынауыңыз өте әдемі жазылған екен! :) Айтар ойы бар , ойлы дүние!

+0
14 қаңтар 2013, 12:27

мәссаған)

+0
18 қаңтар 2013, 15:55

Мырза, сізге рақымсыздықтан бір кесе алып келейін. Қазір оның базары жақсы. Қонақтардың бәрі де соны ішеді (((( ......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...