Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Көз

Көз

"Қарға баласын әппағым, кірпі баласын жұмсағым" дейтін ана мейірінің шексіз өлшемі адамға өзгеше әсер сыйлайды. Біз бар тіршілікке ана көзімен қарай алсақ, бүкіл дүние сұлуланып, бүкіл әлем нұрланып кетер ме еді?!

Ол ес білгеннен бастап, шексіз ана мейірі мен махаббатының аясында бойжетті. Өзінің ақ қар ханшадан да сұлу екеніне сенетін. Ана көңілінде ол жүзі нұрлі, мөлдір көзді, сүйкімді періште еді. Бірақ мектеп табалдырығын аттағанда-ақ барлық сенімі селге кетті. Достары оның әдемі емес, керісінше тым көріксіз екенін айтатын. Басында оларға сене қоймады. Барлық адам қызғаншақ, күншіл деп ойлайтын. Бірақ, көп өтпей ол шындықпен бетпе-бет жүздесті. Анасының қардай әппақ деген әлпеті шешек ауруынан қалған қара даққа толы, ал әдемі көзі тіптен қыли екен. Қаншама жылдан бері қалай алдап келген?! Жас сәбидің көңіліндегі анаға деген махаббаты солғындай бастады. Бой жетіп, өзінің жұрт назарынан тыс қалғанын ойлаған сайын анасына деген өкпесі өшпенділікке айналған болатын.

Күн сайын әлсіреп бара жатқан көз нұры оны емханаға жатуға мәжбүрледі. Дәрігерлердің сыбысынан өзінің көп өтпей соқырға айналатынын естіп, азаптанып жататын. Соңғы күндері ол тіпті ана мейірінен де алыстап бара жатқандай сезінетін. Күн сайын өз жанынан жырақтап бара жатқан анасы аяқ астынан «Мен жұмысымды басқа қалаға ауысатыратын болдым» деді де, оның қасынан біржола кетті.

Көп өтпей ол үшін бүкіл дүние тас қараңғы түнекке айналды. Енді жалғыздықтың қасіретін шын сезіне бастады.

Бір күні дәрігерлер оған сәйкес келетін бір жұп қос қарашық тапқанын айтып, бойжеткенге операция жасады. Ол көзін ашқанда тағы да сол баяғы көріксіз келбетін көруден қатты қорқатын. Дегенмен, тас қараңғы соқырлықтан әлде қайда жақсы ғой. Тым құрығанда,  сүркейлі түнек ішінде өмір сүрмейді.

Операциядан соң айна алдына келген бойжеткен есінен адасып қала жаздады. Көз алдында «Нұрлы жүзді, мөлдір көзді, сүп-сүйкімді періште» отыр еді. Тіпті жүзіндегі сансыз дақтың өзі сұлулық бағыштап тұрғандай. Қыз дәрігерге таңырқай қарап: «Менің бет әлпетіме операция жасадыңыз ба? Рақмет, рақмет сізге...» деп жанары жасқа толып, алғыс айта бастап еді:

«Жоқ, біз сенің келбетіңе ешқандай да өзгеріс жасамадық. Тек қана анаңның саған арнаған көзін салдық. Сен қазір оның көзімен өзіңді көріп тұрсың» деді күлімсіреп. 

Дайындаған: Қайсар Қауымбек

Сурет: redbat.ru, wallpaper.zoda.ru

1968 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 31 қазан 2012, 11:31
Пікірлер
+0
31 қазан 2012, 09:32

Осындай жазбаларды қайдан тауып аласыңдар? Таң атпастан оқимын да бі жылап алам (

+0
31 қазан 2012, 09:54

денем түршігіп, көзіме жас үйріліп сала берді. Қарға баласын аппағым дер :(

+0
31 қазан 2012, 10:14

Бастағы бадырақ көз емес, көкіректің көзі ояу болын деп тілейік!

+0
31 қазан 2012, 10:19

Мәселе аналық махаббатта шығар... Мұндай жағдайлар жүрекке салмақ түсіреді. Енді анамызды аялап, ардақтасақ қайда қалдық...

+0
31 қазан 2012, 10:25

аналық махаббатты сезіне тұрып түсінбестік жасайтын балаңдық-ай!! Балалық-ай...

+0
31 қазан 2012, 10:53

"Сен қазір оның көзімен өзіңді көріп тұрсың" әсерлі...

+0
31 қазан 2012, 13:11

ана махабаты шексиз екендигинин далели :!:

+0
31 қазан 2012, 17:13

Соқыр ана деген олен бар, мазмуны жагынан дал осындай, бірак ол будан типти асерли, окыныздар...

+0
31 қазан 2012, 17:16

http://aitaber.kz/blog/poem/1505.html

+0
01 қараша 2012, 04:57

осындай шығармалар ғой көкіректің көзін аша түсетін. тым әсерлі.

+0
06 қараша 2012, 13:35

Бар тіршілік иесіне аналардың көзімен қарай білсек қой. тамаша екен.

+0
17 қараша 2012, 02:24

Сен қазір оның көзімен өзіңді көріп тұрсың

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...