Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Жазушылардың жазу ерекшеліктері

Жазушылардың жазу ерекшеліктері

Жазушылардың жазу ерекшеліктері

"Жазушы үшін өз заманының шежірешісі болу - бақыт" - деп Бальзак айтқан пәлсафалық сөздің аясында тағатсыздана отырып табандылықпен жұмыс істеген жазушылар бар. Өзі өмір сүріп отырған дәуірдің адамдарымен де, өзінен кейін келетін ұрпақпен де сөйлесе алатын осы бір терең ойлы тірі пенделер бір кітапты жазу барысында қандай қадамдарға бармады дерсіз. Тіпті, сыртынан қарасаң, күлкілі көрінетін қылықтарды жасапты.

"Бұрындары кітапты жазушылар ғана жазатын да, бәрі оқитын. Ал қазір кітапты бәрі жазуға бар да, оқырман жоқ" -деп айтқан  Оскар Уайльдтің сөзі еріксіз ойға оралады. Әрине, бұл сөздің мағынасын, не болмаса бағыт-бағдарын ауыстырғалы отырған жоқпыз. Бар болғаны, бұрынғы жазушылардың машахатпен, маңдай термен жазған сүбелі туындыларын жұртшылықтың таласа-тармаса оқуы сол бір қызық қасиеттері мен тың бастамаларына да тікелей байланысты болуы мүмкін ғой.

Ұлы Ғабит Мүсірепов ғажайып шығармаларын қарындашпен жазып, көп сөздердің орнын жиі ауыстырып отырған. 

Шерхан Мұртаза кәдімгі шәрікті қаламмен жазған. Түні бойы қолмен жаза отырып, бір жазғанын еш өзгертусіз машинкаға жіберуге тырысқан. Көбіне үй асханасының бөлмесінде отырып жазғанды жақсы көреді. 

Лев Толстой бір жазған дүниесін төрт рет, бес рет, тоғыз рет жазғанды жақсы көрген. Және бір шығарманы жазбас бұрын бөлмесінде ары-бері түрегеп жүргенді ұнатқан. Сосын великпен серуендеу шабыт сыйлайды деп есептеген.

Вирджиния Вулф түрегеп тұрып шығармаларды дүниеге әкелген. Оның үйінде 30,479 см ұзындыққа тең 106,24 см биіктіктегі жазу үстелі болған. Оның үлкен болғандығы сондай, жазушы жұмыс істеу барысында түрегеп тұруға мәжбүр болыпты-мыс.

Чарльз Диккенс өмір бойы солүстікке қарап ұйықтапты. Және кез келген шығармасын жазбас бұрын солтүстікке қарап отырып, ой бағдарлап алған деседі.

Хемингуэй ресторан, кафелерде тікесінен тік тұрып жаза беретін-міс.

Асқар Сүлейменов болса, немістің атақты классиктерінің туындыларын қосып қойып, түтін толы бөлмеде шығармаға ден қойған дейді. 

Әкім Тарази мен Мұхтар Мағауин шығармаларын бірден машинкаға жазып келеді екен. 

Мари-Франсуа Аруэ (Вольтер) біруақытта бірнеше шығарманы жаза берген деседі. Көңіл-күйіне байланысты кез келген қолжазбаны алып, жалғастыра беріпті.

Ал Оноре де Бальзак қараңғыда жазуды ұнатқан. Тіпті күндіздің өзінде перделерді жауып, майшаммен отыруды көңілі қалаған.  Ең қызығы сол, 18 сағат бойы жұмыс барысында халат киетін болған.

сурет:pinyaskinatagmailcom.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

7431 4
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 01 қазан 2012, 16:29
Пікірлер
+0
01 қазан 2012, 15:52

Абай да қарындашпен жазған ғой

+0
01 қазан 2012, 16:21

Әр кімнің шабыты әр қалай келеді деген

+0
01 қазан 2012, 17:01

Таңқаларлық екен

+0
19 маусым 2016, 02:25

Керемет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...