Ақын Алмат Исәділдің поэзия кеші өтеді

Ақын Алмат Исәділдің поэзия кеші өтеді

Шығармашылық еңбегінің 20 жылдығы мен «Жалын» баспасынан «Көкжиекке сіңген жол...» атты жыр жинағының жарық көруіне орай, белгілі ақын, аудармашы Алмат Исәділдің «Аспантаудан жаңғырып жеткен өлең...» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кеш 12 қазанда Қазақстан жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде сағат 17.00-ге жоспарланған. Кеште Рамазан  Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Роза Әлқожа, Тілеулес Құрманғалиев, Қадырғали Көбентай, Ербол Құдайберген, «Тұран» этно-фольклорлық ансаблі, «Шарын», «Серілер», «Ғасыр», «Айтұмар» топтары, «Жас өркен» би ансамблі және Ермек Балжігіт секілді өнер майталмандары өнер көрсетеді. Кешті ақын, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Жанарбек Әшімжан жүргізеді.

Ақын туралы ақпарат:

Алмат Исәділ

  • Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
  • Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты; 
  • Бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері;
  • Ілияс Жансүгіров рухына арналған республикалық мүшайрасында Сайын Мұратбеков атындағы арнайы сыйлықтың иегері атанған;

Әдеби аудармамен айналысады. Түріктің Ж.Әміре сынды классиктерімен қатар, М. Джевдет, А. Тимучин, О. Рифат есімді танымал түрік шайырлары мен А.Пушкин, С.Есенин, М.Лермонтов, И.Северянин, И.Анненскии сынды орыс ақындарының шығармаларын қазақшалаған. Орыс тілінде жазатын қазақтың көрнекті ақыны О. Сүлейменовтің бірқатар шығармаларын ана тілінде сөйлетті. Ақын сондай-ақ балалар әдебиетіне де ден қойып, кішкентай оқырмандарға, жалпы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар жазып жүр. Ақынның бірқатар өлеңдеріне жазылған әндерді бүгінде қазақ ән өнерінің майталмандары орындап жүр.

Өлеңдері «ХХІ ғасыр ақындарының антологиясы» сынды бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. «Отырар кітапханасының» тұңғыш сериясымен жарық көрген «Жолдар, жолдар...» сондай-ақ «Көңілалаң», «Көкжиекке сіңген  жол» кітаптарының авторы.

 Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

сурет: Ақынның жеке мұрағатынан

А. Құлтай