Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Атамнан да қаштым, апамнан да...

Атамнан да қаштым, апамнан да...

Атамнан да қаштым, апамнан да...

Бәріміз бала кезімізден бір ертегіні жақсы көретінбіз және көп тыңдайтынбыз. Тіпті қайта-қайта ести бергеннен жаттап та алатынымыз өтірік емес. Әрине, ол «Бауырсақ» ертегісі. Ал сіздің сол ертегінің әлемнің басқа да халықтарына таныс екенінен хабарыңыз бар ма? «Бауырсақтың» желісі туысқан халықтарда ғана емес, мұхиттан ары халықтардың әдебиетінде де көрініс табатыны жасырын емес. Сюжетін сақтап өздерінше ертегі жасап алған халықтар: өзбектер мен татарлар, ағылшындар, немістер және скандинавиялықтар, американдықтар және т.б. Классификатор Аарне-Томпсонның есебіне сенсек, ертегінің 2025 түрі бар екен.  «Қашқын құймақ» деген де аты бар екен, тіпті...

XIX ғасырда әлемдік мәдениетте біз «Бауырсақ» деп атайтын ертегіні көбі «АҚШ-тан келген прәндік адам» деп атаған.

Ол ертегі 1875 жылы баспада теріліп, содан қазіргі уақытқа шейін англо-саксондық ертегі ретінде жарық көріп келеді. Айтпақшы, бастапқы нұсқасындағыдай (бауырсақ аңдардан қашып барып, түлкінің асқазанына бұйырады) америкалық прәндіктің де ажалы түлкіден болады.

Ал басқа батысеуропалық нұсқаларында оқиға шошқаның бауырсақты жеп қоюымен аяқталады. Ал орыстардың «Колобогы» американдықтардан ертелеу – 1873 жылы терілген. Бірақ кейбір әдебиет зерттеушілерінің айтуынша, бауырсақ туралы ертегі («коло» - домалақ, «домалақ бет») б.з.д II-III ғасырлардағы славян фольклорына жатады екен.

Жай ғана қарапайым оқиға желісі әлемді аралап кеткеніне таңдануға болады. Енді мына қызыққа қараңыз: 1992 жылы «Сасық ірімшік адам» деген ертегі жарық көрген. Сол кезде сасық ірімшік адам сол баяғы пірәндік адам сияқты өзін жеп қояр деген оймен бәрінен қаша беріпті. Ал шындығында ірімшік адамның сасыған иісінен қашып барады екен.

Міне, балалық шағымыздың жаттанды ертегісіне айналған қызықты көріністің тарихы да, таралуы да осындай. Әлі де кішкентайлардың аузынан түскен жоқ бұл «Бауырсақ».

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: stihi.ru, znaeteli.ru, socrealizm.com.ua

27469 13
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 16 тамыз 2012, 20:43
Пікірлер
+0
16 тамыз 2012, 18:06

Біздің жақта "Атамнан да құтылдым, апамнан да құтылдым, енді сенен құтылу оңай" деп айтылады )))

+0
16 тамыз 2012, 18:09

ааа, біз жақта "апамыз бен атамыздан қашамыз" :lol:

+0
16 тамыз 2012, 18:30

: :) біздеде солай айтылады

+0
18 тамыз 2012, 19:03

Биз жакта да осылай айтылад

+0
16 тамыз 2012, 18:12

Мен бұрын аш қалған апасы мен атасына жаным ашитын...

+0
16 тамыз 2012, 18:43

Ал мен неменеге қаша береді деп шыдамым таусылып бітетін еді :lol:

+0
16 тамыз 2012, 23:43

Я от Защитника ушел, Вратаря обвел и я в воротах ГОЛ! деп Василий Соловьев айтып ед)

+0
17 тамыз 2012, 09:54

жақсы ертегі)))Қызым ертегі тыңдайтын жасқа жеткенде жаттатармын деп жүргенмін)))

+0
17 тамыз 2012, 12:12

Мынау қызық екен :)

+0
17 тамыз 2012, 22:52

очень интересно :D

+0
18 тамыз 2012, 10:55

кішкентай кезде ертегі дегенді оқысақ немесе айтып берсе соны елестетіп мултик көргендей болатын едік қой :)

+0
22 тамыз 2012, 18:39

Құмалақ

«Бір замандарда қыпшақтарда бір ертегі болған. Қазір ол орыстың халық ертегісі атанып жүр. Ол Колобок жайлы ертегі. Орыс Колобогының айтары не? Қу түлкі Колобокты жеп қояды, Бары сол. Себебі, Колобоктың не екенін ешкім білмейді. Орыс тілінде бұл сөздің мағынасы жоқ. Бұрын бұл сөз орыс тілінде мүлде болмаған. Ал түркі тілінде колобок – қоңыз домалататын домалақты, боқты білдіретін сөз».
Мұрад Әджи («Қыпшақ даласының
жусаны» кітабынан)

Есімде, шешем сақтайтын үйде құмалақ,
Құмалақ, шіркін, сөйлеуге кейде құмар-ақ.
Жиылып бәрі жататын еді бал ашып,
Көрші кемпірлер бірінен бірі сұрап ап.

Көңілі күпті, жолы ашық дейтін біреуді,
Жүр екен әлі адасып дейтін біреуді.
Құмалақ кейде үміттің отын тұтатып,
Кей кезде тіпті туғызушы еді үрейді.

Кейуана жанның қорғаны болған құмалақ,
Дүниеқоңыздың арманы болған құмалақ,
Ғасырдан аттап, кей жерде атын жоғалтып,
Белдерден асып, елдерді жүрді жағалап.

Қабырға сылап, үй қылған осы құмалақ,
Қосылса басы қи болған осы құмалақ.
Қыпшақты қойып, орысқа тілін үйретіп,
Қу түлкіге де сый болған осы құмалақ.

Бір қарын майды шіріткен жалғыз құмалақ,
Колобок болып келеді әлі домалап.
Түлкіге жем қып, ал оны кем қып көрсетіп,
Құмалақ демей, бауырсақ десек, обал-ақ!

Зер салып тұрсаң, не деген біздің сүйікті ел,
Айтылған жайдан сен-дағы түйін түйіп көр.
Кім білсін оны, ертегі ме, әлде шындық па,
Құмалақ солай болыпты мықты кейіпкер...

+0
22 тамыз 2012, 20:38

Бұл бір қызық мәлімет екен. Рахмет!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз тұратын Еуразия сыры
Біз тұратын Еуразия сыры

оқып көріңіз бәлкім білмейтін шығарсыз

"ДенсаулықKZ" арнасы

Елімізге десаулық жайлы арна керек пе?

Автор: Ұлжан Лайық
Аспанға қараңызшы...
Аспанға қараңызшы...

Мен аспанға қарап отырмын. Сіз де қараңызшы...


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...