Әдебиет саласындағы ең бағалы сыйлық

Әдебиет саласындағы ең бағалы сыйлық

Британдық Джон Макгрегор әдебиет саласындағы Impac Dublin Literary Award бәйгесінің кезекті лауреаты атанды. Аталған сыйлықтың құны ақшаға шаққанда 100 мың евроны құрайды. 

Impac Dublin Award бәйгесіне 147-ге жуық үміткер қатысқан. Және әлемнің 45 елінен 162-ге жуық қоғамдық кітапхана үздік деген он туындыны анықтаған.

Австралия, Бельгия, Бразилия, Канада, Чехия, Германия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Португалия сияқты мемлекеттердің кітапханалары қысқа ғана тізімге өздері ұнатқан шығармаларды ұсынған.

Дублиндік кітапхана Джон Макгрегордың ұсынған үшінші романын үздік деп таныған. Романның аты - "Тіпті иттер де" (Even the Dogs, 2010). Аталған шығармада Рождество мен Жаңа жыл қарсаңындағы маскүнемнің өмірі туралы және оның басқа да бұзылып кеткен дос-жарандары туралы сыр шертілген.

Сурет: moviescience.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт

Л. Лига