Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Бүгін Орхан Памук дүниеге келді

Бүгін Орхан Памук дүниеге келді

Бүгін Орхан Памук дүниеге келді

Ферит Орхан Памук — түрік жазушысы, бірнеше ұлттық және халықаралық әдеби сыйлықтардың лауреаты соның ішінде Нобель сыйлығын иеленген (2006). Армяндарды жаппай қыру мен Түркиядағы күрттердің дискриминациялануына қарсылық білдірген азаматтық позициясымен танымал. 

Памук 1952 жылы 7 маусым күні Стамбул қаласында дүниеге келген. Ол Стамбулда орналасқан американдық Robert College-де білім алды. Колледж бітірісімен, отбасы талабымен Стамбул техникалық университетіне оқуға түседі, алайда 3 жылдан соң, кәсіби жазушы болу үшін оқуын тастайды.  

1977 жылы Памук Стамбул университетінің журналистика институтын аяқтайды. 1985-1988 жылдары аралығында АҚШ елінде өмір сүріп, Колумбиялық университетте (Нью-Йорк) қызмет атқарады, бірақ кейін отанына қайтып келеді. Ол 2007 жылға дейін Түркияда тұрады, алайда Грант Динктің қаза тапқанынан соң, қайтадан Нью-Йоркке қоныс аударады.

Атақты жазушының тұңғыш үлкен туындысы – стамбулдық жанұяның бірнеше ұрпағының тарихы жайлы баяндалатын «Джевдет-бей мен оның ұлдары» атты отбасылық романы.

«Ақ қамал» (1985) тарихи романы жазушыға шетелде үлкен танымалдылық әкелді. New York Times: "Шығыста жаңа жұлдыз пайда болды, ол – түрік жазушысы Орхан Памук" деп жазған еді. Жазушының «Қара кітабы» түрік әдебиетінің ең даулы да ең танымал туындылары қатарына енген. 1992 жылы Памук «Қара кітап» мотиві бойынша «Жаңа өмір» фильміне сценарий жазды. Фильмді түсірген танымал түрік режиссері Омен Кавур.

2003 жылдың 14 маусым күні Памук «Менің атым Қызыл» романы үшін халықаралық дублин сыйлығы IMPAC-пен марапатталды. Бұл әдебиет саласындағы ең үлкен қаржылай сыйлық (100 мың евро).

Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыптары - батыс пен шығыс, ислам мен христиан, дәстүр мен қазіргі заман арасындағы жанжал мен қарсылық.

2005 жылы танымал жазушы түрік үкіметі тарапынан сотқа беріледі. Бұған сол жылдың ақпан айында Памуктың швейцариялық «Das Magazin» баспасына берген сұхбатында айтқан сөзі себеп болды: «Түркияда миллион армян мен 300 мың күрт өлтірілді. Бұл туралы ешкім айтпайды және осыны менің айтқаным үшін мені жек көреді». Памуктың айтуынша, осы басылымнан соң ол өшпенділіктің объектісіне айналған және мұқтаждықтан Түркияны тастауына тура келген. Бірақ өзінің мойнына тағылған айыптарға қарамай жазушы елге оралды.

Сот ісі 2005 жылдың 16 желтоқсанында болуы қажет еді, алайда ол 2006 жылдың 7 ақпанына ауыстырылды, бірақ 22 қаңтар күні әділет министрлігі арызын қайтарып алды.

Қазіргі кезде түрік жазушысы өзінің жаңа туындысы – «Пейзаж бөлімдерін» жазу үстінде.

Сурет: madamemag.com

2368 4
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 07 маусым 2012, 19:13
Пікірлер
+0
07 маусым 2012, 22:03

құттықтаймын Ореке ;)

+0
08 маусым 2012, 09:33

Шығармалары керемет, бірақ әр кішкене детальдың өзін ұзақ сипаттайды.

+0
08 маусым 2012, 10:58

білмеппін. шығармалары әдемі :lol:

+0
08 маусым 2012, 16:36

"Пейзаж"!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...