Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Кітапты өз бетімен оқып үйренген Жан-Поль Сартр

Кітапты өз бетімен оқып үйренген Жан-Поль Сартр

Кітапты өз бетімен оқып үйренген Жан-Поль Сартр

Философ, жазушы, драматург, азаттық идеясын насихаттаудан танбаған Жан-Поль Сартр кітап оқуды ата-анасының еш көмегінсіз үйреніпті. Қалай дейсіз ғой?

Кіп-кішкентай бүлдіршін кезден бастап, ата-анасы Жан-Польді алдына алып, кітап оқитын болған. Әр естіген сөз бен әуен баланың құлағына майдай жағып, санасына жатталып қала берген. Әрине, жаттап алған сөздерін Жан-Поль күні-түні айтудан еш жалықпаған. Тек өз сөзін өзінен басқа ешкім түсінбеген. Күндердің бір күні қарт атасы немересіне Морис Бушордың "Ертегілер" кітабын алып береді. Өз бетімен оқуға күш-жігері жетпеген бала бастапқы уақытта машина қылып ойнайды. Кейінірек ішіндегі сөздерді түсінгісі келіп, ата-анасынан оқып беруін сұрайды. Бірнеше мәрте қайталатып оқып берген соң, Жан-Поль кітапты жатқа біліп алады. Бірақ, кітап ішіндегі сөздерді (әріп білмейді) түсінбей, басы қатады. Содан кішкене данышпанға бір ой келеді. Кітапты жатқа білетіні анық, неге жатқа айтып отырып сөздерді білмеске?.. Сөйтіп ата-анасыз жалғыз қалған сәттерде жас француз кітапты қайта-қайта қарау арқылы сөздерді меңгереді. Бүгежектеп оқыса да, біраз сөздің басын шалып қалады.

Бір күні кітап оқып жатқанда үстінен ата-анасы түседі. Баласының осынау қылығына разы болып, таңырқайды. Кіп-кішкентай бала да түк болмағандай, міз бақпай оқи береді. Әйтпесе, бұның бәрі бала көңілдің мақтанғысы келіп, өзі істеп отырған ісі еді. Жемісті еңбегін көрсеткісі келетін бала көңілдің мақтанышы емес пе?!

Баласының бойында талант барын байқап, ата-анасы енді тек кітап сыйлайды. Жан-Поль болса, түсінбеген сөздерін ата-анасынан сұрап алып, кітапты өз бетімен оқуға дағдыланады.

Жастық шағының көп уақытын кітап оқуға жұмсаған, Бергсон, Хайдеггер, Гуссерльдің шығармаларын сіміріп өскен талант иесі 1964 жылы әдебиет саласында Нобель сыйлығын иеленеді.

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбеков

3292 7
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 маусым 2012, 13:38
Пікірлер
+0
08 маусым 2012, 16:09

Еңбегінің жемісін көрді деген осы шығар...

+0
08 маусым 2012, 16:23

ақыл мен сана....пайым мен таным

+0
08 маусым 2012, 16:31

данышпан!

+0
08 маусым 2012, 17:41

керемет!

+0
09 маусым 2012, 02:31

Мен құдайақы айтайын, менде кітапті өз бетіммен оқуды үйренгем... 5 жасқа толғанда ешкім сенбейтін кітап оқи алатыныма :)

+0
11 маусым 2012, 14:40

Дұрысы - Гуссерль.

+0
28 маусым 2012, 10:16

әлгі әйеліне оңға да, солға да жүруіне ашық рұқсат берген, олардың байланысы рухани деңгейде екенін өмір бақи қайталап өткен Сартр емес па? :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...