Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Жазушылар жасаған ең ұлы туындылар мен жазушылар тізімі

Жазушылар жасаған ең ұлы туындылар мен жазушылар тізімі

Жазушылар жасаған ең ұлы туындылар мен жазушылар тізімі

"Жазушылар өздерінің сүйікті кітаптарын таңдайды" деп аталатын сауалнама барысында Ұлыбритания мен АҚШ-тың ең танымал 125 жазушысына кітаптардың бірнеше тізімін жасау ұсынылды. Аталған сауалнамаға Норман Мейлер, Стивен Кинг, Энн Патчетт, Джонатан Франзен, Джойс Кэрол Оутс және қазіргі заманның басқа да танымал жазушылары қатысты. 

Берілген кітаптар тізіміне көркем әдебиеттегі ең ұлы туындылар (роман, әңгімелер жинағы, драматургиялық туындылар) орналасуы керек еді. 

Жазушыларға жалпы қосқанда 544 туынды ұсынылды. Әрбір тізімде кітаптар реттік нөміріне сәйкес, қандай да бір ұпай санын иеленіп отырды. Егер кітап бірінші нөмірмен белгіленсе, оған 10 ұпай, ал егер тізім соңында болса, 1 ұпай беріліп отырды. 

Нәтижесінде жазушылардың берген ұпайларына сәйкес, мынадай тізім пайда болды: 

ХХ ғасырдың ең ұлы 10 туындысы:

1. "Лолита", Владимир Набоков

2. "Великий Гэтсби"  (Ұлы Гэтсби), Ф. Скотт Фицджеральд

3. "В поисках утраченного времени",  Марсель Пруст

4. "Улисс", Джеймс Джойс

5. "Дублинцы" (Дублиндіктер), Джеймс Джойс

6. "Сто лет одиночества" (Жүз жылдық жалғыздық), Габриэль Гарсия Маркес

7. "Шум и ярость" (Шу мен қаһар), Уильям Фолкнер

8. "На маяк" (Шамшыраққа), Вирджиния Вульф

9. Фланнери, О’Коннор әңгімелерінің толық жинағы

10. "Бледное пламя" (Бозарған алау), Владимир Набоков

ХIХ ғасырдың ең ұлы 10 туындысы

1.  "Анна Каренина", Лев Толстой

2. "Мадам Бовари", Гюстав Флобер

3. "Война и мир" (Соғыс және бейбітшілік), Лев Толстой

4. "Приключения Гекльберри Финна" (Гекльберри Финнің оқиғасы), Марк Твен

5. А. П. Чехов әңгімелері

6. "Миддлмарч", Джордж Элиот

7. "Моби Дик", Герман Мелвилл

8. "Большие надежды" (Үлкен үміт), Чарльз Диккенс

9. "Преступление и наказание" (Қылмыс пен жаза), Федор Достоевский

10. "Эмма", Джейн Остин

Ең ұлы 10 жазушы (барлық уақыттың)

1. Лев Толстой 

2. Уильям Шекспир

3. Джеймс Джойс

4. Владимир Набоков

5. Федор Достоевский

6. Уильям Фолкнер 

7. Чарльз Диккенс 

8. Антон Чехов

9. Гюстав Флобер 

10. Джейн Остин 

Сурет: reasonsforgod.org

11878 8
Рейтинг: +4

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 04 маусым 2012, 19:24
Пікірлер
+0
04 маусым 2012, 23:05

Тізімге 3,5 орыс жазушысы мен бір француз кіріпті...

+0
05 маусым 2012, 09:10

ХІХ ғасырдың біріншісіне не "Моби Дикті", не "Бовари ханымды", ХХ ғасырға - "Улисстің", "В поисках утраченного временидің" біреуін таңдаған болар едім. Ұлы жазушы ретінде әрине Шекспир - бірінші.

+0
05 маусым 2012, 12:17

Мына тізімнен ХХ ғасырдың ұлы туындысы ретінде 1-орынды Жүз жылдық жалғыздыққа, Х1Х ғасырдан Қылмыс пен жазаға беруші ем. Жазушылардан Шекспир, Достоевский, Флобер алдыңғы орында.

+0
05 маусым 2012, 12:46

Фланнери О'Коннор туралы осымен екінші тізімнен оқып жатырмын. Ол туралы алдын еш білмейді де екенмін. Тәк, оны оқу керек :lol: :lol:

+0
05 маусым 2012, 12:53

Мына тізім дұрыс жасалмаған негізі. Дұрысы, әдеби жанр бойынша жүйеленуі керек еді. Айталық, романист (Достоевский )пен драматургты (Шекспир) салыстыруға бола ма. Чехов қысқа әңгімелерімен танылған, оның бірде-бір романын есіме түсіре алмай отырмын. Әр жанрдың көтерер жүгінің ауқымы басқа ғой.

+0
05 маусым 2012, 14:35

Сізбен келісемін)

+0
05 маусым 2012, 16:31

мен де :D

+0
07 маусым 2012, 19:51

Чеховты ұнатпаймын, адам сүйсінер бір кейіпкері жоқ. Адам атаулыны жек көретін жазушы ма деген ой келеді. Тізімде Шығыс қаламгерлерінің бірі де жоқ. Акутагава мен Кобо Абе кірмей қалғанына кәдімгідей ішім күйдіT_T

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...