164 мың долларға сатылған хат

164 мың долларға сатылған хат

Американдық жазушы, ақын, сыншы және де редактор Эдгар Аллан Поның 1837 жылы жазған хаты АҚШ саудасында 164 мың долларға сатылды. 

Американдық жазушы бір беттік хатты сол кездегі танымал "Godey's Lady's Book" журналының редакторы Сара Хейлге жазған. Хатта По жақында ауырғаннан соң қолы бос еместігін меңзеп, өз мақаласын аталған баспада жариялаудан бас тартқаны жайлы жазылған.

"Негізі Поның өз қолымен жазған мұндай хаттары бұрын кездеспеген болатын", - деп RR Auctions компаниясының саудасын ұйымдастырған вице-президент Бобби Ливинстон мәлімдеген еді. Хатты сәрсенбі күні болған аукционнан АҚШ-тың батыс жағалауында тұратын коллекционер сатып алды. 

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы Поның өз қолымен жазған "Энниге" деген өлеңінің бірінші шумағы 690 мың долларға сатылған еді. 

Атақты жазушының өмірбаянына тоқтала кетсек, По өз туындыларын қысқа әңгіме ретінде жазған тұңғыш американдық жазушылардың бірі. Ол сонымен қатар, заманауи детективтің формасын жасап шығарды. Эдгар Поның шығармашылығы сондай-ақ ғылыми фантистиканың да пайда болуына үлкен үлесін қосқан еді. 

Сурет: cwer.ru

Ж. FM