Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әдебиет / Көкжиек / Қылмыс, азап, үміт және ақиқат жолы жайында

Қылмыс, азап, үміт және ақиқат жолы жайында

Қылмыс, азап, үміт және ақиқат жолы жайында

Франц Кафка

Австрия жазушысы

  • Нағыз жол бір тал арқанның үстінде, биікке керілген күйінде емес, жер бетіне жанасып жатады. Оны адамдардың жүруіне арналған дегеннен гөрі, аяғынан шалуына арналған десе жөн болар еді.
  • Күллі адамзаттың қателігі, айналып келгенде, тағатсыздық, қалыпты тәртіптерді төтенше күйгелектікпен бұзып жіберу, дүрегей заттарды дүрегей қазықтармен қоршап бөліп алу болып саналады.
  • Адамзаттың екі үлкен басты қылмысы бар, басқа қылмыстардың бәрі содан өрбіп шығады. Олар – тағатсыздық пен самарқаулық. Тағатсыздық салдарынан олар мәңгілік бақыт орнынан қуылды, самарқаулығы салдарынан ол жерге қайтып бара алмай қалды. Басты қылмысы біреу-ақ – тағатсыздық болуы да мүмкін. Олар тағатсыздығы салдарынан қуаланды болды, тағатсыздығы салдарынан қайта алмай қалды.
  • Бір қыдыру өлгендердің көлеңкесі мақшар өзенінің толқындарын жалап жатады, өйткені, ол біздің осы жерден ағып барған, құрамында теңіздердің тұзды дәмін күні бүгінге дейін сақтап келе жатқан өзен. Бұл өзеннің жүрегі осыған қатты айниды да буырқана теріс ағып, өлгендерді өмірге қайта шайқап әкеп жатады. Ал олар қуаныштары қойынына сыймай, шапағат жырын шалқыта жырлап, әлгі ашулы өзеннің төсін сипай береді.

  • Белгілі түйіннен бастасаң, ендігәрі шегінер жол қалмайды. Бұл түйінге жетуге әбден болады.
  • Адамзат дамуының шешуші кезеңі үзілмек емес. Сондықтан, өткеннің бәрін жоқ деп санайтын төңкерістің рухани қимыл ақылға үйлесімді болып шығады. Өйткені, әлі ештеңе пайда болған жоқ.
  • Сұмпайылықтың ең ұтымды аздырғыш әдістерінің бірі – дүрсе қоя беру.
  • Ол – әйелдермен жүргізілетін, төсекте аяқталатын күрес тәрізді.
  • Барлық нәрсені менсінбейді, өйткені, әуелден ақыры аздырғыш қуаты бар зат ретінде ол өзін күн сайын үдеп отыратын, белгісіз азғыруларға ұшырадым деп сезінеді.
  • Дұрыс шешім былай боларға керек: Бір шайтан кеудесіне мінсе, сан-санақсыз ұсақ жындар тұс-тұстан андыздай келіп, үлкен шайтанның сойылын соғады.
  • Идеяның ұқсамайтындығы бір алмадан-ақ көрінеді: кішкене ұлдың ойы мынау, ол үстелдің үстіне қойылған алманы көру үшін, мойнын созуға тиіс болады. Ал үй иесінің идеясы, ол алманы алады да, үстелде отырғандарға қалағанынша үлестіре салады.
  • Танудан туатын бірінші белгі – көнуге болмайтындай болып көрінеді. Ал екінші бір түрлісіне қол жетпейді. Жұрт өлгісі келгендігін осыдан былай намыс деп есептемейтін болады, ескі үйлерден жиіркеніп, жаңа үйлерге көшіп-қонуды арман етеді. Ол жерден осы жаңа үйлерге жиренуді үйрене бастайды. Мұндай ойдың ішінде аздап сарқыншық сенім де болады, қылмыскерді айдап бара жатқанда қожайын өткен жолдан салаң етіп шыға келеді де, кінәлі адамға қарап: «Мына адамды сендер енді қамамаңдар, менің жаныма жіберіңдер» дейді.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: bektour.com

2337 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 24 сәуір 2013, 13:01
Пікірлер
+0
24 сәуір 2013, 15:38

Сұмпайылықтың ең ұтымды аздырғыш әдістерінің бірі – дүрсе қоя беру. Қарапайым өмірде де осылай ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Үшінші аптаның үздік блогы
Үшінші аптаның үздік блогы

Үшінші апта қорытындысымен таныс болыңыздар

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ

Сіз жарнамалаушысыз
Сіз жарнамалаушысыз

Cіз білесіз бе?! Күн сайын қанша рет жарнама жасайсыз?

Автор: Қара Бала
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс
Қыз деген мэр болушы емес, жар болушы жаратылыс

Қадірлі де әділ снаушы оқырман! Бұл менің толғанысым. Мен ешкімді ренжітіп,...

Ақыл деген қасиет...
Ақыл деген қасиет...

дипломын алып, оқыған біліміңізден тоқығаныз...


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...