Бауыржан Момышұлы өмірінің тарихи тізбесі

Бауыржан Момышұлы өмірінің тарихи тізбесі
Фото: www.azattyq.mobi

Елім деп еңіреп, Отан үшін отқа түскен батырлардың бірі әрі бірегейі − Бауыржан Момышұлы. Хронологиялық тәртіп бойынша назарларыңызға баһадүр бабамыздың өмірінің тарихи тізбесін ұсынамыз.

1910 − 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

1921  Әулиеатадағы Аса интернатына оқуға келеді.

1924   3 сыныпта Шымкенттің 7 жылдық мектебіне ауыстырылады.

1928   мектепті үздік бағамен бітіріп, Орынборға келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайына байланысты кері қайтады.

1928-1930  бастауыш мектепте мұғалім болады.

1932  Қызыл Армия қатарына шақыртылады. Қызметін өтеп қайтқан соң, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істейді.

1936   Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты бітіреді.

1936   Қызыл Армия қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.

1939   әкесі Момыш қайтыс болады.

1941   Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады.

1941  соғыс басталғанда 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.

Осы жылы Мәскеу түбінде ұрыстар жүргізіп ерлігімен көзге түседі.

1941-1945   Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдары осы

дивизияны басқарады.

1942   Бауыржан Момышұлының жауынгерлері мамыр айында Калинин майданында жауға ойсырата соққы береді.

1942 − 6 маусымда "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.

1944  ауырғанына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі. 

1945  16 қаңтарда Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-дәрісін тыңдауға шақыртып, кездесу өткізеді.

1946-1948  Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады.

1948-1950  49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады.

1952  Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіреді.

1953  академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі.

1950-1955  әскери академияда сабақ беріп, тұрақты әскери қызметін атқарады.

1955  әскери қызметтен босатылады.

1952-1956  "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" деген алғашқы кітаптары жарық көреді.

1962  Фидель Кастро батырды Куба жерінде көргісі келіп, арнайы шақырту жібереді.

1963  күзде Куба үкіметінен қайта-қайта шақырту келе бергендіктен, 10 күндік сапармен барып қайтады.

1959-1966  "Москва үшін шайқас", "Жауынгердің тұлғасы", "Майдан", "Майдандағы кездесулер", "Генерал Панфилов", "Төлеген

Тоқтаров", "Куба әсерлері" секілді кітаптары жарыққа шығады.

1970-1975  "Ел басына күн туса", "Ұшқан ұя" кітаптары жарық көреді.

1981  "Адам қайраты" еңбегі дүниеге келеді.

1982  10 маусымда Алматыда дүниеден өтті.

1990  Кеңес Одағының Батыры деген атақ беріледі.

Н. Үсенова