Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Үтіктің тарихын білесіз бе?

Үтіктің тарихын білесіз бе?

Үтіктің тарихын білесіз бе?

Бүгіндері тұрмыстық техникалардың ішінде ең "жауапты" қызметті атқаратын үтіктерсіз жағдайымыз сәл қиындау болар ма еді, кім білсін. Бірақ үтіксіз заман да болмады емес. Сонда ол кездегі адамдар мыж-мыж киіммен жүрген бе? Жоқ, әйтеуір бір амалын тапқан. Бүгінгі үтіктің кешегі сықпыты қалай болды екен?

Ең алғаш үтікті кім жасағаны туралы нақты дерек тарихта сақталмаған. Ежелгі уақытта адамдар жуылған киімнің мыжылғанын кетірмек болып талай әдісті жасады. Мысалы, сулы матаны тарту арқылы киімді түзетуге тырысты. Ежелгі Рим халқы киімнің қыртысын түзеу үшін қызған тастарды пайдаланған. Бірақ бұрындары үтіктің қызметін домалақ ыстық таяқшалар атқарған.

Мұндай таяқшалармен құрғақ киімдерді үтіктеген де, кейіннен оны кір жазатын және былғарыны ысатын ағаш тақтайшамен түзулеген. Ерте заманда қолдан тігілген киімдерді үтіктеу қиынға соғатын еді. Ондай кезде ыстығы басым құралдардың көп көмегі болған. 

Алғашқы үтік туралы деректер 1636 жылы орыс еліндегі жазбаларда кездесе бастады. Өйткені осы жылдың 31 қаңтарында патшаның шығын кітабында сатушы Ивашка Трофимовқа "Патшаға темір үтік жасап бергені үшін" 5 алтын төленгені жазылған. 

XVIII ғасырда адамдар үтікті қалыпқа құю арқылы жасай бастады. Арнайы үтік жасауға арналған құралдар мен зауыттар пайда болды. Ол кездерде темір үтіктердің бағасы тым жоғары еді. 

ХIX ғасырда француздар арнайы ыдысқа шоқ немесе ыстық көмір салу арқылы киім үтіктеген. Оның көмір салуға және түтін шығуға арналған арнайы тесігі болған. Уақыт өте келе үтіктердің сыртын түрлі бейнелермен сәндеу сәнге айналды. Жануарлар мен гүлдердің сурттерін бейнлеуді үйренген шеберлер сәнді үтіктерді сату арқылы қомақты қаржы жинады. Үтіктің сабын ағаштан жасады. 

Кейіннен шеберлер үтіктерді күмістен жасай бастады. Үтікке жасалу күні мен шебердің есімін жазуды да сәнге айналдырды. Сол замандағы үтіктердің сипаты мынадай: 


XIX ғасырдың соңына қарай сауда айналымға газбен жұмыс жасайтын үтіктер шыға бастады. 1892 жылы электрлі үтік өмірге келді. Содан бері электрлі үтіктердің сан түрі жарыққа келе бастады. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: vitesse.ru, nnm.ru

4273 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 28 наурыз 2013, 15:22
Пікірлер
+0
28 наурыз 2013, 15:09

Біздің үйде ішіне шоқ салатын үтіктер әлі бар, атам музей жинақтаған кезде жинаған

+0
28 наурыз 2013, 15:18

шын ба??

+0
28 наурыз 2013, 16:34

иа шын бір емес екеуі бар

+0
28 наурыз 2013, 15:41

жақсы материал!

+0
28 наурыз 2013, 17:20

Пәліі.....сондай болып па еді бұрынғы үтіктер,,,,?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...