Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Бәйшешек - үміттің белгісі

Бәйшешек - үміттің белгісі

Бәйшешек - үміттің белгісі

Гүл мен қыз... Бәйшешек пен көктем... Махаббат пен жастық шақ... Барлығы да адам жанына шаттық ұялататын егіз ұғымдар. Адамзаттың бәрі де бұларды әрдайым үкілі үмітпен, сарғайған сағынышпен күтеді. Әңгімемізге арқау болғалы отырған бәйшешекті де алты ай қыс бойы армандап шыққан ағайындарымыз сүйікті гүлімен табысып мәз-мейрам болып жатқанда, қалайша жайбарақат отыра аламыз? 

Бүгінде ғылымға бәйшешектің 80-ге жуық түрі белгілі. Оның ең сирек кездесетін түрлері Орта және Оңтүстік Еуропада, Қырым, Кавказ жерлерінде, Кіші Азия аумағында кең таралған. Гүлдің 6 түрі қызыл кітапқа енгізілген. Біздің еліміздің Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі. 

Ел аузында гүлдің пайда болуы туралы небір әдемі аңыздар баршылық. Соның біріне құлақ түріңіз...

Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп,  өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.


Жақсылыққа деген үміттеріңіз ешқашан үзілмесін! Көктем жаршысы - бәйшешектің бүр жарып тұрғанын көре қалсаңыздар, жақындарыңызды қуантудан қалыс қалмаңыздар! 

 

Суреттер:maminiskazki.ru,molbiol.ru,molbiol.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

16876 4
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 15 наурыз 2013, 16:49
Пікірлер
+0
15 наурыз 2013, 16:31

Жақсылыққа деген үміт үзілмесін!!! Әдемі аңыздар көп болар берсін!!!

+0
15 наурыз 2013, 17:01

бәйшешектің иісін қатты жақсы көремін) иіскесең мұрының сап-сары болып қалушы еді))

+0
15 наурыз 2013, 19:04

Бәйшешекке көп қарауға болмайды дейді ғой, былтыр көріп еді биыл да жүр ма деп айтады дейді ғой

+0
16 наурыз 2013, 16:46

бәйшешек алғым келедііі, Қызылордада өспейді ғой деймін, шынымды айтсам тура бәйшешекті әлі ешкімненалып көрмедім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...