Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қазақтың сөз теңізі: жан күйін бейнелейтін сөздер

Қазақтың сөз теңізі: жан күйін бейнелейтін сөздер

Қазақтың сөз теңізі: жан күйін бейнелейтін сөздер

Алдымен қазақ тіліндегі ұялу мағынасын беретін сөздер мен тіркестерді тізбелеп көрейік: ұялу, қысылу, қызару, ыңғайсыздану, қаны бетіне ойнап шығу, бетінен басу, бетінен оты шығу, жүзі ду ете түсу, жүзі жану, ұялғанынан жерге кіріп кете жаздау, жанын қоярға жер таппау, жерге кіргендей болу, беті күю, кісінің бетіне қарай алмау, жер болу, жер шұқу, жүзі күю, кісінің бетіне қарай алмау, жеті насыры жерге кіріп бетінің суы бес төгілу, т.б-лар.

Ал қайғылы, қаралы болған адамның жан күйін, жылауды қазақ бейнелеп былай деген: жылау, боздау, сықсыңдау, күңірену, аңырау, еңіреу, солқылдау, өңіреу, кемсіреңдеу, зарлау, жыламсырау, еңкілдеу, емсіну, өкіру, кемсеңдеу, булығу, қыстығу, көзінен сорасы ағу, өкіріп-бақырыу, гөй-гөй сала өкіру, ағыл-тегіл жылау, көзден жасы парлау, көзін бұлаулау, көз жасы бұлақ болу, көздің жасын көл ету, көз жасын бұлау, көз жасы омырауын жуу, мұрыннан сорасы ағу, тостағанын жуу, еңірегенде етегі толу, көз жасы кеппеу, көздері боталау, көз жасын сығу, ебіл-дебілі шығу, жылап-сықтау, қоздаған қойдай маңырау, өксу, қыстығу, көңілі босау, жанарынан жас парлау, өшін көз жасынан алу, бір көзінен қан, бір көзінен жас ағу, егіліп жылау, көзін сулау, еңіз-теңіз жылап қоя беру, солқылдап көз жасын төгу т.б.

Көңіл-күйдің жабырқаңқы кезін қазақ: жабығу, қамығу, назырқау, налу, назалану, қайғыру, кею, ренжу, қайғылану, азалану, күйзелу, қасіреттену, қабаржу, жамығу, қырыстану, түнеру, уайымдау, кірбию, көңілі ойсырау, жаны құлазу, көңілі сынық тарту, көңілдің жайлауынан ел кету, көңілі жүдеу, қайғының сызығын тарту, күйзеу тарту, күйзеліс шегу, қабағы сыну, қабағы ауызына түсу, қабағын кірбің шалу, күлкінің ерні кезеру, қабағы қарс жабылу, қабағы келіспеу, еңсесі түсіп жүні жығылу, қырық қабаттану, жаны жадау, кірбең тарту, жасу, сүлмірейю, сүмсию, сүмпию, иығына су кету, салы суға кету, үнжүрғасы түсу, сүлкіні түсу, жігері құм болу, қоға сүйектену, боркеміктену.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: art.eubank.kz

3553 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 14 наурыз 2013, 19:59
Пікірлер
+0
14 наурыз 2013, 20:15

осынша синонимі бар екенін білмеппін :?

+0
15 наурыз 2013, 10:15

Қазақтың сөздік қоры бай ғой, бір іске бәленбай сөз айтуға болады))

+0
15 наурыз 2013, 10:53

бiр конiл куйдi осыншама созбен сипаттау деген...тiлiмiздiн байлыгына танданбаска шара жок :)

+0
16 наурыз 2013, 17:31

:shock:

+0
02 мамыр 2013, 15:34

Ұялуға - бетмоншағы үзілу; жылауға - ботадай боздау, жабырқауға – абыржу, сарыуайымға салыну деген сөз тіркестерін қосуға болады. Енді қуанышты сезімдерге қатысты сөздер мен тіркестер келтірілсе керемет болар еді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...