Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Қазақтың сөз теңізі. Жел атаулары

Қазақтың сөз теңізі. Жел атаулары

Қазақтың сөз теңізі. Жел атаулары

Бүгіннен бастап назарларыңызға қазақ сөзінің мәйекті, соны, ел жадынан өшіп бара жатыр-ау деген тұстарынан бір-бір шоғыр кесіктер ұсынып отырмақпыз. Тіліміздегі байлықты тек қана жел атауларынан-ақ пайымдауға болар деген үміттеміз.

Қағу – салқын жел түрі. Алақаншық – бір бәсеңдеп, бір ұйтқып соғатын боран. Алақұйын – астаң-кестең ұйтқыған боран. Азынау жел – гуілдеп соққан аңқыма жел. Аңызғақ жел – жазғытұры тым жылы әрі құрғақ жел. Алтын күрек – оңтүстіктен үзбей соғып, қыстың соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел. Баяу жел – лебі бәсең жел. Боранды жел – қарды бұрқыратып ұйтқып соғатын ысқырық жел. Борасын – қиыршықтап борайтын сырғыма жел. Бұрқасын – жерге түскен қарды суырып соғар бәсең жел. Дауыл – шаңдатқан, борандатқан, алай-дүлей осқырған жел. Жайдақ жел – жауынсыз, шаңсыз баяу соғатын жел. Жатаған жел – төмен, жер бауырлап ескен жел. Жаяу боран – жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран. Жаяу борасын – жаяу бораннан ақырынырақ соғатын жел. Желең жел – сәл-пәл соғатын жел. Желемік – әлсіз жел. Мұны өлкек, ексім деп те айтады. Желкем – желтең жел. Жеңіл жел – солғын жел. Жоғары жел – биіктен үйірген жел. Ебі  жел – шығыстан соғатын жел. Ебі – қара ебі және ақ ебі болып бөлінеді. Қара ебі жазда, жер қарада, ақ ебі қыста қар ұшырып соғады. Ескек жел – есе соққан жел. Еспе жел – желпінді еспек жел. Зулама жел – іркілмей соғатын екпінді жел. Керімсал жел – шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел. Көк дауыл – аязды қарлы боран. Көлденең жел – кесе көлбеу жел. Қайтыс жел – қарқыны басылған жел. Қара дауыл – шаң-топырақты көтерген сойқанды жел. Қара жел – бұлтты күнгі ызғарлы жел. Қарыма жал – бет қаритын өткір жел. Қара құйын – топырақ, құм боратқан жел. Қарсы жел – жүріс бағытқа қарсы соғатын жел. Қоңыр жел – майда самал жел. Қума жел – қуалай соғатын жел. Құйын – үйіріле, ұйтқи соғатын, кейде шаң-тозаңды көкке үйіріп соғатын екпінді жел. Қызыл жел – аңызақ, ыстық жел. Майда жел – жұмсақ самал. Мырза жел – жанға жайлы қоңыр жел. Өкпек жел – көбіне көктемде соғатын ызғырық жел. Өксік жел – ышқынған қатты жел. Өтпе жел – бір бөлменің қарсы қабырғаларындағы ашық терезеден ерсілі-қарсылы ескен жел. Сақаусыраған жел – қарқыны бәсеңдеген жел. Салқын жел – ызғарлы күзгі жел. Самал жел – қоңыр салқын майда жел. Сары жел – тынымсыз соққан жел. Саумал жел – айналып соққан қайталама жел. Тас боран – тас, топырақ суырып соққан қайталама жел. Тау желі – таң аңғарынан ескен жел. Тентек жел – ала құйын есер жел. Теңіз желі – теңізден ескен жел. Теріскей жел – терістіктен ескен салқын жел. Үрме жел – екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғар жел. Үскірік жел – күзгі, қысқа құрғақ, суық жел. Ызғырық жел – өңменіңнен өтер суық жел. Ықтырма жел – адамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел. Ыстық жел – аптап жел.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: edu.cn 

8289 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 05 наурыз 2013, 12:43
Пікірлер
+0
05 наурыз 2013, 12:51

Біліп жүрген дұрыс

+0
05 наурыз 2013, 12:55

Тамаша, Мәке! Мұны әрқайсымыз да білуіміз керек деп ойлаймын.

+0
05 наурыз 2013, 16:29

бұрын мектепке бара жатқанда алдымыздан шығыстың желі ұрып тұратын, қайтқанда да алдымыздан жел ұрып тұратын батыстың))

+0
06 наурыз 2013, 08:00

Не деген көп біразын білмеппін

+0
08 наурыз 2013, 15:58

оқуға нерв жетпейді

+0
13 наурыз 2013, 16:37

Қызылорда да ғой желдің түр-түрі бар. )))

+0
11 ақпан 2016, 16:12

көп екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...