Теледидарды ең көп көретін халық

Теледидарды ең көп көретін халық

Ауруханадағы өлімнің көп жағдайы 4 пен 6 арасындағы уақытта болады екен. Себебі бұл кез адам шаршап, босаңситын мезгіл.

Күншығыс елі халқы 4 санын көптеп қолданбайды екен. Неге десеңіз, 4 саны жапон тілінде "өлім" деген мағынаны білдіреді және жапондықтардың ырымшылдығы соншалықты олардың қонақ үйлерінде төртінші нөмерлі бөлме жоқ.

Жалпы статистика бойынша,  оңқайлар солақайлардан 9 жыл ұзағырақ өмір сүреді.

Әлем халықтарының  көгілдір теледидар алдында өткізетін уақыты (тәулігіне): Германия – 182 минут, Франция – 185, Англия – 212, Ресей – 224, АҚШ – 238, Мексика – 239, Жапония – 240, Қазақстан – 360 минут

Пошта маркісін жалаған сайын адам 1/10 калорий жоғалтады.

Егер адам 8 жыл, 7 ай, 6 күн бойы айқайлайтын болса, бір шынаяқ кофені жылытуға жетерлік энергияны шығара алады.

Ағылшын статистиктерінің есептеуі бойынша, адам өз өмірінде шамамен 100 мың шақырым жер жаяу жүреді екен.

Адамға бір реттік 8 сағатық ұйқыдан екі реттік 4 сағат ұйқы пайдалы.

Жер шарындағы ең құрғақ әрі ең ыстық аймақ – Құрғақ алқаптарда құстың 15, сүтқоректілердің 40, бауырмен жорғалайтындардың 44, қосмекенділердің 12, балықтың 13 және өсімдіктердің 545 түрі өмір сүреді екен.

Ересек адам күніне шамамен 23 000 рет ауаны ішке жұтып оны шығарады.

Ал сіздер аңыз бойынша америка президенттерінің «20 жылдық қарғысқа» немесе «Текумсе қарғысына» ұшырағандарын білесіздер ме? Аталған қарғысты келісімді бұзған ақтарға кек қайтармақ болған өлім алдындағы үндістер тайпасының көсемі Шауни Текумсе айтқан деседі. Өлім төсегінде жатқан көсем өте қызық та жұмбақ дүниені ойлап табады: әрбір америка президенті «0» аяқталатын және «20» бөлінетін жылы президенттік лауазымға тағайындалатын болса, ол өзінің өкілдігі аяқталмастан бұрын  өлтіріп кетеді немесе өзі өледі екен.  

Осы қайғылы статистиканы алғаш болып Рональд Рейган бұзды. Ол 1981 жылы өміріне қастандық жасалғаннан кейін аман қалды. Бірақ, оның алған жарақаты - XIX ғасыр ортасында ем қонбайтын, өлімге әкелетін жара болып есептелетін. Шамасы Текумсе медицинаның даму қарқынын ескермеген болар. 

Сайлау жылы

 Президент есімі

Өлім себебі

     

1840

Уильям Генри Гаррисон (1841)

Өлді

1860

Авраам Линкольн (1861-1865)

Өлтірілген

1880

Джеймс А. Гарфилд (1881)

Өлтірілген

1900

Уильям Мак-Кинли (1897-1901)

Өлтірілген

1920

Уоррен Г. Гардинг (1921-1923)

Өлді

1940

Франклин Д. Рузвельт (1933-1945)

Өлді

1960

Джон Ф. Кеннеди (1961-1963)

Өлтірілген

1980

Рональд Рейган (1981-1989)

Өміріне жасалған қастандықтан аман қалды

2000

Джордж Буш (2001-2009)

-

Қуаныш па әлде өкініш пе білмедім, бірақ, АҚШ президенті Джордж Буш қанша сынға ұшыраса да, өлім аузынан аман қалды. Мүмкін, ажалы әлі келмеген де шығар. АҚШ президентіне ұзақ өмір берсін!

Білесіздер ме, егер бірдей емес кез келген жүздік санды соңынан алдыға қарай жазып, үлкенінен кішісін азайтатын болсақ, шыққан мәннің ортадағы саны әрқашан 9 болады.

Тексеріп көрейік:

542 – 245 = 297

861 – 168 = 693

954 – 459 = 495

Форумда талқылау

Сурет i-news.com.ua сайтынан алынған

Ж. FM