Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ауа-райын болжап көріңіз!

Ауа-райын болжап көріңіз!

Ауа-райын болжап көріңіз!

Есте жоқ ерте замандардан бері адамзат баласы ауа-райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа-райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа-райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды "жұлдызшылар" деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа-райын болжауда кеңінен пайдаланды. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті серік еткен (балықшылар, егіншілер т.б) ата-бабаларымыздың ауа-райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.

Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен.


Теңіз жағасында тұратын адамдар құстардың жағалаудан бірнеше шақырым аймаққа ұшып кетіп, кеш батқанда оралатындығын жақсы біледі. Ал, шулап-улап мезгілінен ерте келіп жатқан құстар көп ұзамай дауылдың болатындығын білдіреді.

Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі.


Кешқұрым аспан әдемі қызғылт күйге бөленсе, теңізшінің ештеңеге алаңдамауына болады.

Таң сәріде, яғни күн ұясынан көтерілер сәттегі іште тынып тұрған тыныштық, саф ауа мен сергітетін жел ауа-райының нашарлайтындығын көрсетеді. Әдетте, мұндай құбылыстан кейін, түске дейін аспан бұлттанып, желдің беті күшейеді де, жауын жауады (қыста қар жауады).

Таңсәріде аспан қызарып тұратын болса, қамдана беріңіз.

Бұлтсыз батқан күн - желсіз, жақсы ауа-райының белгісі.

Бұлттар ауа-райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық.

Шарбы бұлттар жақсы ауа-райын, қатпарлы бұлт - тынық күнді, қарауытқан, тұманды бұлт - суық жел мен жаңбырды көрсетеді. Қыста торғайлар ұясына мамық тасыса, күн кенеттен қатты суып кетеді.

Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса, аяз басталады. 

Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады деп күткен жөн. 

Қарлығаштар аспанда самғап, биік ұшса – күн ашық, төмендеп ұшса – жаңбыр жауып, жел тұрады. 

Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасызданады. 

Желсіз түні түтін жерге қарай шалқыса, қыста – қар, жазда – жаңбыр жауады. 

Күннің шеңбері тар болса, ауа-райы тез бұзылады. 


Көктемде жауған қар үстіндегі құмалақ батып кетсе, көктем ерте туады, батпай тұрса, көктем кеш туады. 

Көктем туғанда таң шашырап атса, ол жылы молшылық, береке көл-көсір.

Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа-райы бұзылады. 

Суреттер:vk.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

15817 5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 19:31
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 19:24

Мысық мазасызданса, күн бұзылады :roll:

+0
18 ақпан 2013, 19:46

Мысығым жоқ еді, оның орнына келіншегімді бақылап көрдім. Мазасызданып жүр, күн бұзылады деген сөз. Бірақ Есентайды біраз бақылап тұрдым - бірде-бір шағала қонбады. Яғни, ертең күн ашық болады. Енді басым қатып отыр^__^

+0
18 ақпан 2013, 19:55

Қателесіппін, шағала суға қонбаса күн бұзылады екен ғой^_^' Балконға шығып шеккен темекімнің түтіні де төмен кетіп жатыр. Күн бұзылады.^_^/

+0
18 ақпан 2013, 20:07

ертең жаңбыр жауады деп жатыр ;)

+0
18 ақпан 2013, 20:28

ата бабаларымыз осы табиғат құбылысын бірден біліп отырған ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...