Әлемдегі ең ұзын қыз

Әлемдегі ең ұзын қыз

Әлемдегі ең ұзын адам Султан Косен туралы айтып өттік. Элисан-да-Курус Сильва атты бразилиялық қыз да қазірде әлемдегі ең ұзын адамдардың бірі. 17 жасар қыздың бойы 2 метр 5 сантиметр

1995 жылы туылған қыздың дені сау, сымбатты болып өскен. Алайда оның бойы әрқашан басқалардан ерекшеленген екен. Ол сыныптастарының арасында ең ұзыны болған, ал 14 жасында ол мектептегі ең ұзын бойлы қыз болды.

Қазір ол небәрі 17 жаста, ал оның бойы 2 метр 5 сантиметр. Жылдар өте, ол әлі де өсуі мүмкін. Әрине ол осы бойымен модель болуды армандайды екен. 

Бәрінен ерекшеленетін Элисанға бойы өмір сүруге кедергі емес. Оның 22 жасар жігіті Сильву Карваль Элисанның бойынан еш ұялмайды. Керісінше, ол қызының бойын мақтан тұтады екен. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: mirfactov.com 

С. А