Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Google мен Facebook бақылауға алынады

Google мен Facebook бақылауға алынады

Google мен Facebook бақылауға алынады

"Wikileaks" сайтымен болған дау-жанжал жағдайды басынан кешірген АҚШ басшылығы, енді әлеуметтік желілерді реттемек ойы бар. АҚШ президенті Барак Обаманың әкімшілігі интернет-қолданушылардың жеке ақпараттарын қорғауға жол беретін заң қабылдау туралы ұсыныс білдіріп жатыр" - деп хабарлайды Bloomberg.

Қабылданатын заң АҚШ басшылығына Google мен Facebook сияқты компаниялардың жүріс-тұрысын қадағалауына жаңа, кеңейтілген мүмкіндік береді. Обаманың сөзіне сенсек, АҚШ азаматтары өздерінің жеке ақпараттарының ғаламторда қалайша қолданылып жатқанын бақылай алады. Жаңа заң қорғаныс шараларының 7 түрін қамтиды. Атап айтқанда, қолданушылар команияларға қандай ақпарат түсетіні және олардың қалайша қолданылып жатқанын бақылай алады. Өз кезегінде, компаниялар қолданушыны ақпарат қауіпсіздігімен қамтамасыз етуі тиіс. Бұған қоса, жаңа заң компанияларға қолданушылардың жеке ақпарат көлеміне қол жеткізуіне шектеу қояды.

Естеріңізге сала кетсек, ертеректе тура осындай мәселені Еуроодақ көтерген болатын.

Бұл АҚШ басшылығының әлеуметтік желілерді қоғамнан шектетіп, олардың көмегімен бассыздықтарды ұйымдастыру мен жүзеге асырудан алыстатудың алғашқы қадамына ұқсап тұрса керек. Әдеттегідей, АҚШ басшылығы "демократиялық еркіндік пен қарапайым жұрттың қамын ойлап жүрміз" деген ұранды ұстанып жатса керек. Өмір алда, не боларын көре жатармыз. Ал әзірге, достарымызбен қазақ тілді әлеуметтік желілерде араласып, олардың дамуына үлесімізді қосайық. Біздің ең басты мақсатымыз туған тіліміздің дамытып, оның өркендеуіне жаңа мүмкіндіктер ашу.

Сурет thenextweb.com сайтынан

Форумда талқылау

2467 26
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 24 ақпан 2012, 16:19
Пікірлер
+0
24 ақпан 2012, 16:56

Фэйсбукта жоқ едім)

+0
24 ақпан 2012, 17:14

Ол жақта не болып жатқанына маған бәрібір деп қойсаңызшы) (әзілім)

+0
24 ақпан 2012, 17:32

Данияр, бұл туралы ойың қандай?

+0
25 ақпан 2012, 13:56

АҚШ үкіметінің әлеуметтік желілермен санасқаны жөн енді, ал Қазақстан аузы күйгенше интернеттен төнетін қауіпке немқұрайлы қарайды. БІз расымен, біз жайлы Майл.ру немесе әлдебір сервердегі ақпаратымыз қайда кетіп жатқанынан бейхабармыз

+0
25 ақпан 2012, 14:08

соны біреу қадағалайды ме екен. бір құзырлы орган немесе ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріп жатқан болар

+0
24 ақпан 2012, 18:05

Бұған жүрегіңіз ауырмасын енді)))

+0
24 ақпан 2012, 18:19

жаным қиналып кетті соларға ше

+0
24 ақпан 2012, 21:19

Бұл, АҚШтықтардың маған ұнайтын бір қыры.Mail.ru мен Vkontakte ге қарағанда Facebook ұнайд маған. Facebook-ты жабады деген сыбыстар шыққан еді ғой жақында? кім естіді?

+0
25 ақпан 2012, 02:12

Мен естігем, жаппаса екен. Оданша мой мирды жапсын.

+0
25 ақпан 2012, 14:10

аха, Мир қызық емес, бір ақша жасау құралы ғо, ұнамйды мир! жек көрем

+0
25 ақпан 2012, 14:05

Фейзбук жабылса қызық болмай калады екен ғой, өзім жақында тіркелген едім ))

+0
25 ақпан 2012, 14:11

Фейсбукта аккаунтым бар, бірақ оған кіруге ынтам жоқ.

+0
25 ақпан 2012, 14:16

қызық ол да бір жағынан, зиялы қауым өкілдерімен әңгімелескен әсіресе, жалпы мен өзім 5 сайтта отырамын )))))) 5-де қызық )

+0
25 ақпан 2012, 14:24

бірінші орында массагет шығар?

+0
25 ақпан 2012, 14:25

ия, бірінші келіп Мой мир, сосын Массагетті қосамын ))

+0
25 ақпан 2012, 16:40

керісінше болуға тиіс!

+0
25 ақпан 2012, 16:42

Жарайды, енді бірінші Массагетті қосатын боламын, "!" белгісін қойып ашуланбаңызшы, сол белгіні ұнатпаймын тегі ) ((

+0
25 ақпан 2012, 16:44

ашуланып тұрғаным жоқ))

+0
25 ақпан 2012, 21:00

Кімге керек осы Фейс?)) Твиттер ше? ВКонтакте жақсы сияқты..Мой Мир орташа, ал Мэсседжет(Massaget) ең қызық ИМХО. Қазақша ғой өйткені)

+0
26 ақпан 2012, 11:27

ВКонтакте Фейсбуктің клоны ғой. Дегенмен ВКонтакте ұнайды.

+0
26 ақпан 2012, 11:50

сол Твиттерді мен түсіне алмай қойдым ше )) в Контакте жақсы я, келісемін, Массагетте қызық, ең бастасы қазақша ғой )

+0
26 ақпан 2012, 15:20

осы фейсбукке кіруге ынтам жоқ, одан да қазақ тілді әлеуметтік желілерді дамытқан дұрыс

+0
26 ақпан 2012, 15:40

Фейсбукте таныстарымыз өте-мөте аз)) сондықтан болар. Әбден жылдам жедел хат алмасатын "агентке" үйреніп қалдық та. Ал елімізде қазақ тек қана әужел(соцсеть) ғана емес, ресми және бейресми сайттарымызды жөндеп, санын мен сапасын арттыруымыз қажет!!! Жалпы Массагет Админдеріне "ВКонтактенің" жобасын құрған Павел Дуровтың жолын берсін!!))

+0
05 наурыз 2012, 23:53

дұрыс айтасыз сол атты күн қашан туар екен

+0
06 наурыз 2012, 00:22

қолданушылар да өз септігін тигізсе )), бәрі қатып кетер ед

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...