Қарға - сұмдықтың хабаршысы ма?

Қарға - сұмдықтың хабаршысы ма?

Қарға, құзғын – түркі халықтарының назарында сұмдық шақырушы, өлім хабарын жеткізуші болып саналады. Халық арасында қай үйдің маңына қарға, құзғын қонып, ұзақ уақыт қарқылдап, сұңқылдаса, сол отбасы көп өтпей бір жанынан айрылады дейтін сенім де бар. Ал көптеген адамдар ауырып, хал үстінде жатқанда шынымен де қарғаны көрсе, аза бойы қаза болады. Өмірге деген сенімін жоғалтатындар да, әлде неден өлім хабары келе жатыр деген сеніммен денсаулығы тіпті де құлдырай беретіндер де бар. Ендеше, қарға шынымен де өлім хабарын жеткізуші ме?

Бұл сырды білу үшін қарға, құзғын тектес құстардың табиғи ерекшеліктеріне ден қойған жөн.

Негізінде қарға мен құзғын азықтық талғамайтын құстар түріне жатады. Олар үшін хайуанның шіріген еті, ұйыған, шіріген қан секілділер сүйіп жейтін тағам. Ғалымдардың зерттеуінше, қарға-құзғынның ұзақ өмір сүруінің сыры олардың иіс түйсігі ерекше жетілген екен. Ол тіпті еттің ішінен шіри бастаған иісін 5-10 км алыстан сезе алады екен. Олардың иіс сезу түйсігі адам сенгісіз деңгейде дамығанын айтады ғалымдар. Және ауруға жолыққан хайуанаттарды қарға-құзғынның осынау ерекше «көмегімен» бірден байқауға болады екен.

Айдалада қалған өлік немесе сүйекті төбесінен айналып ұшқан қарға-құзғынның көмегімен байқап отыратын көрегендік біздің бабаларымызда да болған. «Басымнан шыр айналды қарға-құзғын» деп жаралы батырдың жазған жыры да бар.

Адам ұзақ уақыт ауырып, хал үстінде жатқанда зат алмасудың тосқауылға жолыққанын немесе іштен шіри бастаған клеткаларды олардың тынысынан шыққан болмашы иіске сүйеніп, осы құс түріндегілер дәл таба қояды екен.

Сол үшін де қарға мен құзғынды жамандықтың, өлімнің хабаршысы деп білетін сенім қалыптасқан болуы керек.

Автор: Алшын Матай

Сурет: botinok.co.il

Қ. Қауымбек