Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Сырғанаймыз енді біз, отырып ап шанаға...

Сырғанаймыз енді біз, отырып ап шанаға...

Сырғанаймыз енді біз, отырып ап шанаға...

Табиғатты ақ көрпесіне орап, аязды патшалығын құрған Қыс мезігілі. Қуарған ағаштар. Жалаңаш орман. Көк мұздың астында ыңырсып жатқан өзендер. Ақ сұр бұлт пен  аппақ қардың астында іштей егіліп жатқан таулар... Қандай қатігез маусым десеңізші! Осындайда көңілімізге шаттық ұялатып, солған үміттің отын жағатын жалғыз ермек – қысқы ойындар десек, артық айтқандығымыз емес. Арамызда шанамен, шаңғымен, конькимен дос болмаған адамдар кемде-кем болар. Сондықтан қысқы достарымыз туралы біршама әңгіме өрбітіп көрелік. Әңгімемізді балалық балдәурен шақтың тәтті елесіне айналған ең сүйікті әрі ең алғашқы жеке көлігіміз - шанадан бастауға қалай қарайсыздар?

Шаналар - қадым замандардан бері балалар мен ересектердің сүйікті ермегі ғана емес, аса танымал және күй таңдамайтын көлік қызметін атқарып келеді. Тарихшы ғалымдар шаналар дөңгелектерден бұрын пайда болған дегенді айтады. Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл көліктің өте көп түрі бар: сүйретпе шаналардан бастап, заманауи әуе шаналарына дейін жасалып үлгерді.

Б.з.б. IV ғасырларда құрлық көлігі қызметін қолға үйретілген жануарлар атқаратын еді. Дәл осы кезде Шығыс Еуропаның қарлы жазықтықтарын мекендейтін тайпалар ағаштан жасалған жеңіл шаналар ойлап тапты. Оларды иттерге, бұғыларға жегетін болғандықтан, «ит шана», «бұғы шана» деп атайтын болған. Алғашқы шаналар бүгінгілерге мүлде ұқсамайтын. Олардың қалдықтары Финлияндия жерінен, Солтүстік Оралдан, Балтық жағалауларынан табылды.

Ертеде олардың патшалар мен ақсүйектерді алып жүретін түрі де болған екен.

Кейіннен бұқаларға жегілетін, құрғақ шөпте де оп-оңай жүре алатын шаналар ойлап табылды.

Балалардың сүйікті ермегіне айналған шағын шаналардың алғаш рет қашан және қайда пайда болғандығын ешкім дөп басып айта алмайды. Әйтеуір, қылышын сүйреп келген қысты шана сүйреп қарсы алу  - бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр.


ХХ ғасырдың басында, яғни 1908 жылы А.С. Кузин атты инженер механикалық қозғалтқышы бар шана жасап шығарды. Авиациялық қозғалтқышпен жабыдықталған бұл өнертабыс бір мезгілде 70км/сағатты бағындырған.

Бүгінде шаналардың танымалдығы соншалықты, олар қысқы спорт түріне айналып, қысқы Олимпиада ойындарына енді.

Суреттер::freeszone.in.ua,joyreactor.cc,gandex.ru,positiveland.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

22649 5
Рейтинг: +1

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 11:19
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 12:19

Шана маған ертегілерді еске түсіреді )

+0
10 қаңтар 2013, 12:23

4 әлде 5 сынып оқитын кезімде нағашы атам атқа шана жегіп беретін. сонымен біз кішкентайлар таннан кара кешке дейін шананың үстінен туспейтінбіз. кызык еді. казір адам жок. олай шананы ешкім жегіп бере алмайды. сол кезде атам оны ат шана дейтін

+0
10 қаңтар 2013, 12:23

үйде үшеумізде(әпкем, сіңілім, мен) сыйып кететін шана болатын, папаға сүйре деп әбден жалынатынбыз)

+0
10 қаңтар 2013, 12:55

Шана ауылдық жерге таптырмас құрал ғой. Бір үйден бір үйге бару үшін балаларды шанаға салып аласың да барасың. Қалада қолыңа көтеріп алып жүруің керек. :?

+0
10 қаңтар 2013, 14:42

Бала кезім есіме түсіп кетті-ау.. шанамен ойнап, аққала жасап, қар атысып)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...