Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...»

«Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...»

«Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...»

Көпті көрген ақсақалдарымыз төрімізден орын алған «жылан жылы – жайлы болады» деген болжамдарын ортаға тастап жатыр. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демей ме дана қазақ, біз де лайым солай болғай деген тілек білдірейік.

Жалпы, патшалығын құрып, өз билігін қолына алған жыл иесі жылан туралы не білесіз? Біздің халықта тілі айыр жылан туралы ала-құла көзқарастар бар. Тамыры тереңнен бастау алатын Түркі жұртының ертегілері мен аңыздарында жылан киелі, жарылқаушы рух бейнесінде көрініс тапса, кемел ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбаев: «Естілер де ісіне қуанбай жүр, Ел азды деп надандар мұңаймай жүр. Ала жылан, аш бақа күпілдектер. Кісі екен деп үлкеннен ұялмай жүр» деп жаратпаған адамын ысылдаған жыланға теңейді. Сөйте тұра, үйге кірген жыланды өлтірместен, басына ақ құйып, құрметпен шығарып салады. Ал сіздің жыл иесіне деген көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды ортаға сала отырыңыз.

Жылан - жұмбаққа толы тіршілік иесі. Қадым замандарда Желмаясына мініп "Жерұйық" іздеген Асан Қайғы атамыз бұл туралы «Аяғы жоқ, қолы жоқ, Жылан қайтіп күн көрер...» деп бекер айтпаған. Оның бойында әлі де ашылмаған талай құпиялар бар секілді....

Осы орайда, біз өздеріңізге патша жылан туралы сіз білмейтін деректерді назарларыңызға ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

  • Әлемдегі ең алып жылан – анаконда. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.
  • Әлемдегі ең ұзын жылан – тор көзді питон, ол 10 метрге дейін өседі.
  • Әлемдегі ең улы алып жылан – корольдық кобра. Оның мөлшері 6 метрге жуық. Кобра өзінен кішілерін ғана емес, өзімен мөлшерлес жылан түрлерін жеп қоя алады. Патша кобра үшін жемтігінің ұзындығы, көлемі маңызды емес, өзіне керегін алған соң, сыймағанын түкіріп тастай салады екен.

  • Ғылымға жыланның 2600-ге жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаһарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландардың (1 түрі) 18 түрі белгілі.  Жыландар тек қана Антрактидада ғана мекендемейді.
  • Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады. Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын, екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі.
  • Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435-ке жетеді.
  • Олардың ішкі  ағзалары бірінің астына бірі орналасады. Ас дұрыс қорытылу үшін жүрек бір жерден бір жерге ығыса алады.
  • Жылына бір рет көбейеді.
  • Кейбір жыландар бір туғанда 75 жыланды дүниеге алып келе алады.
  • Сіз бен біз жылан ысылынан қорқып жүрген болсақ, мексикалық бөбектер шөпқоректі жыландармен  ойнағанды ұнатады екен.

  • Жылан уының емдік қасиеті ХVII ғасырда белгілі болды. Франческо Реди деген адам мұны алғаш ашқан деген мәлімет бар. Ал жүз жылдан соң тағы бір итальяндық ғалым Фелисе Фонтане удың ұңғыл-шұңғылын зерттеп, адам ағзасына әсер ету механизмін түсіндірген. Бүгінгі медицинаның басты белгісі болған символ – тілін сумаңдатқан жіңішке жылан XVI ғасырдан бастап қолданысқа енген. 
  • Африкалықтар өздерінің улы сарыбас жыландарын (гадюка) қалталы азаматтарға ғимараттарды қорғайтын күзетші қызметін атқару үшін жалға береді екен. Және аз пайда таппайтын көрінеді.
  • Жыландар айлар бойы нәр татпастан өмір сүре алады. 
  • Жылан туралы шешілмеген құпия: Британдық мұражай 1846 жылы шөл даладан екі жылан алып келеді. Оның бірі 1850 жылы тіріліп кетіп, тағы да екі жыл өмір сүрген екен.

Жалғасы бар...

Суреттер:ketejeva.blogspot.com,wpapers.ru,

dic.academic.ru,bse.sci-lib.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

20561 14
Рейтинг: +5

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 09 қаңтар 2013, 12:11
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2013, 11:57

Ауылда бала кезімізде жап-жасыл жіңішке жыландардан өлердей қорқушы ек. Әсіресе, жазда, түнде далада кейде жүретін. Өте суық, қорқынышты жаратылыс қой өзі де.. :roll: Дегенмен бұл бейшара да тіршілік ету керек қой. Өзің тиіспесең, өзі тиіспейді деп жатады :roll:

+0
09 қаңтар 2013, 12:02

Ал мен бала кезімде жыл сайын көрген жыландарымды санап, жазып жүретінмін ;) шыны керек жыландарды мүлде түсінбеймін :? Ең алғаш оқыған Ертегілерімде жағымсыз кейіпкер болғандықтан жақтырған да емеспін ;) Әлі де солай)

+0
09 қаңтар 2013, 12:04

"Кейбір жыландар бір туғанда 75 сәби жыланды дүниеге алып келе алады" ужысс! Олардың бәріі көбейіп кетсе... Қорқам қатты

+0
09 қаңтар 2013, 12:21

Қорқамын осылардан) Мына жыл қорқытпаса болды ғой

+0
09 қаңтар 2013, 12:55

Жыланнан Менде коркамын Сания.

+0
09 қаңтар 2013, 13:18

Osy jylandy korsem zare kutym kalmaidy)) :D :D :D

+0
09 қаңтар 2013, 13:26

Жайбарақат ән тыңдап келе жатыр едім аяқ астынан дәәәу жылан пайда болды, зәре-құтым қалмай қаштым... (Бірден жақсылыққа жорып тастадым ояна сала : )

+0
09 қаңтар 2013, 16:57

тақырыбның өзі-ақ ұнап қалды :lol:

+0
09 қаңтар 2013, 17:01

жалғасын күтем

+0
09 қаңтар 2013, 17:05

"Аяғы бар жыланды көргендер бақытты болады" деген бар тағы. Бірақ шыны керек, бұған сенбеймін. Себебі, атамның досы жас күнінде қой бағып жүріп, аяғы бар жыланды көрген екен. Содан шошып кетіп, ауыл молдасына барып айтады. Молда "жақсылыққа апармайды, дұға қыл, құран оқы, қан шығар, бұл жөнінде басқа ешкімге айтпа" деген екен. Айтқаны айдай келеді. Көп ұзамай сол үйдің 23 жасар қызы аяқ асты қайтыс болады. Бұл әңгімені бүгінде көзі тірі атамның досы көрші ата айтып берген

+0
09 қаңтар 2013, 22:19

Баяғыда жылан жылы ауылда жылан қаптап кетіп еді

+0
10 қаңтар 2013, 02:37

жыланды жаксы корем онын устине осы жыл жылан жылы гой

+0
13 қаңтар 2013, 17:56

неге екенин билмеймин жыланнын тури суык болсада, сол жыландармен тисип ойнагым келеди, ауылга барсам болшы унеми озим жалгыз кетип калып айдалада шоптердин арасынан жылан издеп журемин тисип ойнау ушин :? мумкин жыландардын тилин тусингим келетин шыгар

+0
14 қаңтар 2013, 13:34

Жыланның түсі суық болса да мысы басым.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...