Газды сусындар 200 жыл бұрын пайда болған

Газды сусындар 200 жыл бұрын пайда болған

Газды сусындардың өмірге келгеніне 200 жылдан асты. Ал сіз бен біз одан әлі хабарсызбыз.

Сусынның құпиясын британдық химик Джозеф Пристли тапты. Пристли жанжақты болғандықтан химияны қоспағанда, философия мен дін ілімін жетік білген. Джозеф Пристли фотосинтез процесін пайдалана отырып, "сергітетін" газ, оттек жасап шығарады. Біз білетін көптеген ашылулар басқа мақсатта жүріп жатқанда дүниеге келеді. Бізді басқа зат алмақ боп жатқанда өмірге басқа жарамды дүниенің келуі таң қалдырған емес. Сол секілді газды су да осылай өмірге келген. Яғни, ойда жоқта...

Джозеф Пристли

Жергілікті сыраханаларға бас сұққан Пристли ашыған кездегі көпіршіктің неден және қалай пайда болатыны жөнінде бас қатырды. Газ суда жақсылап араласқанда оның сыйымдылығы артып, сыраның бетінде көпіршік пайда болады деп түйеді. Содан соң ғалымдар көпіршіктің құрамында көмірқышқыл газының болатындығын айтты. Джозеф артынша өзі дайындаған көмірқышқыл газды диоксидтің дәмін татып көруге тәуекел етеді. Дәмі жаман емес! Мәне, осыдан бастап (1767 жыл) газды сусын өмірге келеді. Бөтелкеге құйылып, таныстырыла бастайды. 

Бірақ бұл суды дұрыс түсінбегендер Пристлиді сыйлаудан қалып, оны даттай жөнеледі. 1772 жылы француз Ғылым Академигі оның бұл жаңалығына разылығын білдіреді. Сол жылы ғалымдар оны таптырмас жаңалығы үшін Корольдық Қоғамның төсбелгісмен марапаттайды. 

1783 жылдан бастап газды сусындарды өндіруге Якоб Швепптің өзі кірісіп кетеді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: liveinternet.ru, news.passion.ru

А. Әбілхан