Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жазасын өтеушілердің арманына айналған абақты

Жазасын өтеушілердің арманына айналған абақты

Жазасын өтеушілердің арманына айналған абақты

Итальяндық фотограф Гуги Фассино үш күнге әлемдегі ең жайлы, ең таза Хальден атты норвегиялық абақтыға ат басын бұрып, сондағылардың жай-күйімен танысты.

Хальден абақтысы 2010 жылы салынған. Мұнда ең ауыр қылмыс жасағандар жазасын өтеуде. 

Абақты айналасы 30 гектарлық орманмен қоршалған. Онда қылмыскерлер ешқандай бақылаусыз-ақ қыдыра алады. 

Жазасын өтеп жүрген жандардың әрқайсысы күніне 1,5 сағатын спортзалда өткізе алады.

Ал олардың дүкендерге тек аптасына бір рет қана бас сұғуына қақысы бар.

Мұнда олар жұмыс жасап, қаражат та табады. (Жұмыс істемесе де, өз еркі) Күніне 9$ айлық алатын олар ақшасын дүниеден өткенде қабірге қойылатын гүл үшін жинайтын көрінеді.

Сонымен қатар, олардың кез келгені өз қалауынша тамақ пісіріп, жей алады. Ас мәзірі туралы журналдары мен кітаптары әлемнің белгілі кітапханаларынан арнайы жолданады.

Жазасын өтеушілер күн сайын камерада 20:30-дан таңғы 7:30-ға дейін ғана болады. Ал қалған кездері әркім өз қалаған ісімен шұғылдана беруіне рұқсат. 

Абақты бастығының айтуынша, осы уақытқа дейін жазаланушылар арасында қатаң тәртіпсіздің орнамаған. Тіпті бұл жақтан қашуды да ешкім жоспарламапты. 

Сыртпен байланыс та жақсы қолға алынған. Мұндағы жазасын өтеушілердің аптасына үш рет отбасымен телефон арқылы сөйлесуіне және анда-санда қатаң бақылау арқылы арнайы үйшіктерде жолығуларына қақысы бар. 

Сонымен қатар, жыл сайын радиобағдарлама даярлап тұратын жазасын өтеушілерден құралған абақтының өз музыкалық тобы да бар. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: wowfacts.net

2630 3
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 20 қараша 2012, 12:24
Пікірлер
+0
20 қараша 2012, 15:41

Мұндай жерден қашуды кім жоспарлайды :mrgreen:

+0
20 қараша 2012, 21:46

күшті ғой мына жер

+0
20 қараша 2012, 22:05

Бостандықтың аты бостандық,,, олар да аяғы тізесіне дейін далаға шығып жататын лашықты аңсайтын шығар...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...