Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Ұялы телефонның кері әсері

Ұялы телефонның кері әсері

Ұялы телефонның кері әсері

Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне өте үлкен зардап тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулер нәтижелеріне сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген ауру түрлерінің жаппай таралуы анықталып, қалаларда өзіне қол жұмсау фактілері көптеп тіркеле бастады. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысына өте қатты әсер ете отырып, дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан.

Мысалы, электромагниттік өріс толқыны­ның үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағ­за­ның ор­та­лық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, кө­ру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эм­брионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құр­сағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана­ ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің элек­тромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге­ ұрын­дыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, іс­ті бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.

Біріншіден, аталған қондырғыларды тұ­йық­тау жүйесіне міндетті түрде енгізу қа­жет. Екіншіден, компьютерлер мен ойын автоматтарының және тағы да бас­қа құралдардың орналастыру талабы мен пайдала­ну уақыты сақталынуы ти­іс. (Күндік тиісті уа­қыты – 5 сағат). Пайдалану барысында үлкендер әрбір са­ғат сайын, балалар әр 30 минут са­йын үзі­ліс жасауы, мұнымен қоса жұмыс орнын­дағы электро­магниттік өріс дең­гейінің көрсеткішін бақылау барысында зертханалық өлшеулер жүргізіп тұ­руы қажет. Қазір екінің бірінің қолында ұялы телефон. Жас та, кәрі де бір-бірімен телефонды құлаққа тосып, күндіз-түні сөйлесумен болады. Бұрын ұялы телефон дегенді тек қана қалталы азаматтардың қолынан көретін болсақ, осы күні титтей балалардың да қолынан түспейтін ойыншыққа айналған. Оны айтасыз, алыстағы ауылдарыңыздың «өзінде» соткасыз» үй жоқ. Ал енді екінің бірінің қолында, жамбасында, қалтасында, сөмкесінде, кеудесінде жүрген осы «сотка» дегеніңіз адамға қаншалықты зиянды? Америкалық мамандар ашқан жаңалыққа бұл күнде ешкім таңғалмайтын болды. Осыдан екі жыл бұрын «екіқабат әйелдер мен жас балалардың ұялы телефонды пайдалануы олардың денсаулығына орасан зиянын тигізеді» деп иондық емес сәулелерден қорғану жөніндегі Ресей ұлттық комитеті де дабыл қаққан болатын. «Сотка» балалардың денсаулығына кері әсер етеді екен. Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілеті төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Балалардың көбісі ашушаң, шаршауық, жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін балалардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене бөліктерін қыздырып, денсаулығына кері әсер беретін көрінеді. Әсіресе ,жастар күндіз-түні «соткаға» жабысып, қолдарынан бір тастамайды. Түнімен музыка тыңдайды, бір-біріне хабар жібереді. Әйтеуір тыным жоқ. Зарядтайтын қондырғы жарты метр жерде болса, онда жоғары кернеулі электр сымының астында ұйықтағанмен бірдей екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі. Ғалымдар сұмдық сорақы жайттарды да анықтап отыр. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады екен.

Форумға кіріп, пікірлерімізбен бөлісейік.

 Суреттер insidetechnology.ru, gamma7.m-l-m.info сайттарынан алынған

18744 13
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 03 ақпан 2012, 15:00
Пікірлер
+0
03 ақпан 2012, 15:00

ал керек болса!

+0
03 ақпан 2012, 15:01

Бұрынғы дискті телефонды қайтадан пайдаланбасақ болды, әйтеуір))

+0
03 ақпан 2012, 15:06

Мына мақаладан соң үстел үстінде жатқан телефонымды жек көріп кеткен сияқтымын. Ал күні-түні компьютерге телміріп жұмыс істейтіндердің не жаны қалады екен сонда?

+0
03 ақпан 2012, 15:11

Осы ұялы телефонның электромагнитінен қаладағы тарақан атаулылары жойылып кетті дейді. Сол рас па екен?)

+0
03 ақпан 2012, 15:13

Осы жайлы бір сыбыстарды естігем

+0
03 ақпан 2012, 15:12

Күнделікті пайдаланып жүрген телефонымыз болсын, үйдегі радиотелефондар мен радиоқабылдағыштар болсын, барлығы адамның ағзасына кері әсер тигізеді

+0
03 ақпан 2012, 16:22

Бұны оқып отырған компьютеріміз мен ноутбукымыздан да...

+0
03 ақпан 2012, 23:17

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНСЫЗ-АҚ БҰРЫН ҚАЛАЙ ЖҮРДІК ОСЫ, ҚАЛАЙ ШЫҚТЫ БАРІМІЗДІ ҚҰРТТЫ ҒОЙ, БАЙЛАНЫП ҚАЛДЫҚ МІНЕ ЕНДІ.

+0
10 ақпан 2012, 20:17

Біліп едім осы бәлелерден бірдеме шығатынын!

+0
13 ақпан 2012, 11:58

еһ, өз басымызға өзіміз бәле троауып алыппыз ғой

+0
02 наурыз 2012, 14:39

казир соткасызда компьютерсизде омир жок кой

+0
02 наурыз 2012, 14:42

иә, дұрыс айтасың

+0
05 мамыр 2012, 12:19

КАЗір бәрі зиян гой. Зиян заттан аулақ жүргілерің келсе пищераға көшіп кетіндер :) :) :) :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...