Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Туиттер - 140 символға сыйған ой

Туиттер - 140 символға сыйған ой

Туиттер - 140 символға сыйған ой

Мен бұл технологияның адамдарды еліктіре алғаны үшін қатты таңғаламын...

Туиттердің авторы Джек Дорси

140 символмен мәтін жазуға мүмкіндік беретін тегін әлеуметтік желі бүгінде интернет кеңістігінде өте танымал. 

Туиттер 2006 жылдың наурыз айында Сан-Францисконың Одео компаниясының ішкі жобасы ретінде құрылды. Алғашында жоба "Қазір не істеп отырсың?" деген жалғыз сұраққа қалай жауап беру керектігіне бас қатырды.

Туиттер желісінің дәурені 2007 жылы өткен  South by Southwest (SXSW) фестивалінде басталды. Салтанат барысында туиттерде 60 000 туит жазылды. 

Содан бері Туиттерді пайдаланушылар саны күрт өсіп, әлеуметтік желі қолданушылар саны бойынша Фэйсбуктен кейінгі екінші орынға табан тіреді. 


Қазақстандық Интернет қолданушылардың сүйікті мекеніне айналған Туиттерде қазақ тілді туитшілер саны да өсіп келеді. 

Осы орайда белсенді қазақ туитшісі, блогшы Тимур Бектұрдан шағын сұхбат алған едік.


Тимур аға, қазақ тілді туитшілер арасында @timusha нигімен барынша танымалсыз. Туиттерге қалай келдіңіз? 

Шынымды айтсам, білмедім. Бірақ, менің ойымша, барлығы 2010 жылы басталған секілді. Бір жұмыстарыммен Алматыда жүрген кезімде, әйтеуір, Асхат құрдас @urimtal екеуміз бір пиццерияда бас қосқан болатынбыз. Содан Асхат блогшыларға соғып, жинап, алайда әрқайсысының шаруалары болып, ең соңында тек Елдар @kaznet деген бауырымыз келген етін. Блогшылар басы қосылса нені сөз ететінін білесің, ҚазНетті әрі аударып, бері аударып отырғанда Елдар “Соңғы кезде байқағаным, twitter-де көп отыратын болыппын...” дегені есімде. Шамасы, содан кейін барып twitter.com-ды ерттеп міндім-ау деймін. Әйтпесе, оның алдында тек тіркеліп қойып жүрген сияқтымын...

Туиттер несімен қызықты? 

Әрине, алғашында “керек тастың ауырлығы жоқ” деген қағидамен тіркелген болуым керек. Кейін сол Асхат бастаған блогшылар мен аннан-мыннан қазақтар жинала бастаған соң, қазақ әріптерін көрсе жаным кіретін мен үшін twitter-дің әрі кіре бастады. 

1) Қызығы сол, бұл микроблог қой, өзге әлеуметтік желілердегі секілді “танимын, танымаймын” деп жатпайсың. “Ере” салу оңай, “Ермей қалу” да оңай. Қай-қайсысына да ренжіп жатқан ол да жоқ, сен де жоқ. 
2) Оның үстіне, туиттер “хаб” секілді. Яғни, әр саланың, әр жақтың, әр әлеуметтік желінің адамдарын бір жерге әкеліп тоғыстырушы рөлін атқарады. Олар туиттерде қалдырған сілтемелері арқылы, өз жазғандарымен не қызыққан дүниелерімен бөліседі. 
3) Ал мен өзім twitter-імді google buzz бен facebook-қа байлап қойғам. Блогыма жазған посттарымды осы туиттер арқылы жұртқа таратамын. Одан әрі қарай автоматты түрде фэйсбукқа кетеді. Біреулер пікір жазып, оған жауап берген кезде болмаса, фэйсбукте көп отырмаймын. Бұл не деген сөз? Бұл - туиттер арқылы бүткіл елге жазбаңмен бөлістің, оның үстіне уақыт үнемдедің деген сөз. Өйткені, блогымның санақ жүйесінде сырттан келетін трафик көзі ретінде бірінші туиттер, сосын фэйсбук (кейде екеуі ит жығыс түсіп жатады), соңынан іздеу жүйесі, ал кейде моймир көрсетіліп тұрады. МойМир мен туиттерді қосатын тетік табылса, онда майлруға да пошта тексергеннен басқа ат ізін салмай кетуге болады.

Тағы бір жақсысы, бұл жерде еліміздегі негізгі ақпарат көздері тіркеліп алған. Тиісінше, елдегі соңғы ақпарат әуелі туиттерге түседі. RSS дегенді білесің ғой? Туиттер мен үшін бір жағынан RSS секілді. Тақырыбы ұнайды ма, оқисың. Ұнамады ма, әрі қарай өте бер. Оның үстіне, адамдар анау-мынау мақаланы оқуға ерінеді, оқи қалған күннің өзінде пікір жазғанды былай қойғанда, өзгемен бөлісудің өзіне ерінеді. Ал туиттер, осындайда таптырмас құрал. “Мына жазбаң жақсы екен, рахмет” дей салса, кейбіреулері “жәй ғана” қарапайым РТ жасай салады. Туиттерде жүргелі бері үйде теледидар қарап, жаңалықтар тыңдауды да азайттық. Өйткені, елдегі ең әуелгі жаңалық tengrinews-ке шығады, сосын қарапайым туитттершілерден басталады. Әркім өзі тұрған жерінде болып жатқан соңғы оқиғамен дереу бөліседі. Елімізде болып жатқан соңғы бір жылдағы басты оқиғаның барлығын дерлік туиттерден бірінші естідім. Айта берсе көп қой туиттердің қызығы. Кселдің қызмет көрсету орталығы мен муфтияттың сайтындағы соңғы жаңалықтар, технодомның тек туиттершілерге арналған жеңілдіктері мен тағысын тағылар. Мысалы, депутат М.Әбенов ағамыз екеуміз туиттер-дос боп алғанбыз. Яғни, туиттер адамдардың арасын тез жақындатады. Ал ағылшын тілін білсең, онда туиттер тіпті, баға жетпес құрал. Өзің пайдаланатын барлық қызмет көздері мен ұсақ-түйек сұрақтарыңа дейін туиттер жауап береді. “Қысқаша айтқанда”, осы:))

Қазақ тілді туитшілердің саны орта есеппен нешеу? 

Білмедім. Осы өткенде ғана Алматыдан шығатын “Өмір-ай” газетіне туиттер туралы мақала жазғам. Сол кезде де бұл сұрақ алдымнан көлденең шықты да әрі іздеп, бері іздеп таппай қойғам. Жалпы, біздің елімізде әлеуметтік желілердегі қазақстандықтарды санап, екшелеп, олардың жасы қандай, жынысы қандай, талғамы қандай, діни көзқарасы қандай, қандай партияға мүше, не ішеді, не жейді, білімі қандай, жұмысы қандай, мамандығы қандай деген секілді құнды сұрақтарға жауап іздейтін институт болмай тұр. Шет елде бәрі басқаша, ол жақта мысалы қанша пайыз адам таңертең тұрған бойда бетін жумастан, аузын ашпастан фэйсбуктегі бетін тексеретініне дейін санап қойған. Мейлі, орташа есеп болсын, бірақ сонда да факт. Яғни, сенің сұрағыңа менде жауап жоқ. Білетінім - өте аз! Оның ішінде қазақша жазатындар, мүлдем аз. Бірақ, менің бір ғана “зацепкам” Үкімет басшысы- Кәрім Мәсімов болып отыр. Туиттерге жаңа тіркелген әрбір қазақстандық Кәрім Мәсімовке ереді екен. Ал ол кісінің профайлын қарасаң, қателеспесем, 30 мыңның үстінде фоллоуері бар. Демек, туиттерде соның жартысындай не үштен біріндей болуы мүмкін. Оның қарсысында Асхат ағаларың “қазақтың 100 туитшісі” деген тізім құрған болатын. Бірақ өз басым, бізде 100-ден көп екендігімізге сенемін. 

Туиттердің болашағын қалай елестетесіз? 

Менің білуімше, туиттерге бәсекелес болып тұрған, оның мойнына жармасып, аптығын басатын альтернативті микроблог жоқ осы күнде. Туиттер өзін әр адамның қалтафонына, жұмыс компьютеріне, айпадына, қай жерде интернетке шығатын мүмкіндік бар, тіпті ұялы телефоныңыздың альбомына дейін жеткізді. Қалаған суретіңізді таңдап, туиттерді баса қойсаңыз болды, әп сәтте жаңа түсірген суретің елге тарайды. Осы тұрғыдан келгенде “туиттердің болашағы әлі алда” деп ойлаймын. Сауалнама, ауа-райы, жаңа тауарлар, соңғы жаңалық, жаңа пост, провайдеріңіздің жаңа қызметтері, сұрақ-жауап, пікір алмасу, өзге әлеуметтік желілермен байланыс, клиентттік база құру, жылдам хабар алмасу, тағысын тағы қызмет көздері туиттердің маңызын бұдан да асырып, болашағын жандандыра түсетініне сенімдімін. Фэйсбукке дәл қазіргі таңда 800 миллионнан астам тіркелген екен. Ал ол әлі даму үстінде. Туиттер ол межеге жете қойған жоқ. Ендеше, жақын 5 жылда тоқырай қоймасы анық.

Сурет fashionforyou.ru сайты  мен Тимур Бектұрдың жеке блогынан алынды

3177 7
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 01 ақпан 2012, 16:16
Пікірлер
+0
01 ақпан 2012, 16:57

Туиттерде сөзбен шымшып отыратын Тимур ағамызға туитші қауымның қояр сұрағы көп сияқты )))

+0
01 ақпан 2012, 17:39

Тимур ағамыз өте пайдалы сілтемелерді беріп отырады! Пікірлері де ойландырып қояды, ал оған жауап қайтаратын кезде қиналатынымыз ше?! Мен @AinaraBaizhan -мын ғой туиттерде, білесіздер ме?! :):)

+0
01 ақпан 2012, 17:46

твиттерді естігенім болмаса тіркелмеппін бірақ осыншама пайдасын оқып отырмын

+0
01 ақпан 2012, 17:46

туиттерге тіркелетін күнім қашан болады екен?

+0
01 ақпан 2012, 17:59

Мен туиттерге бір адамды жетектеп ала келсем, міндетті түрде осы @timusha-ға тіркеймін. Басқалар да солай ететін шығар деген ойдамын. Соған қарағанда Тимеке, өзіңіздің фоллоуеріңізбен салыстырған жөн ғой деймін қазақ тілді туитшілерді

+0
02 ақпан 2012, 00:17

Көкбөрі, сіздің логиніңіз қандай твиттерде?

+0
01 ақпан 2012, 18:51

мен жиі қарап отыра алмайм твиттерді, бірақ мен үшін твиттер сілтеме лақтыратын орта :)

+0
02 ақпан 2012, 16:46

Тимур аға аман болсын! твиттердег жақсы танымал #hutba #kzsoz жобаларының авторы ..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...