Оқи отырыңыз

Автор: Есей Жеңісұлы

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Google әлемдегі ең ірі екінші компания атанды

Google әлемдегі ең ірі екінші компания атанды

Google әлемдегі ең ірі екінші компания атанды

Google компаниясының акцияларының құны америкалық биржаларда 1 қазан күні 1 пайызға өсіп, 761,78 долларды құрады. Ал Microsoft-тың бағалы қағаздары 1 пайызға арзандап, 29,49 доллар болып отыр. Bloomberg агенттігінің есептеуінше, осыдан кейін іздегіш гигант Билл Гейтстің компаниясын нарықтық капитал көрсеткіші бойынша басып озды. Google осылайша Apple-дан кейінгі екінші ірі технологиялық компания атанып отыр.

1 қазандағы мәліметтер бойынша, Google-дың нарықтық капиталы 249,9 млрд доллар болған. Microsoft компаниясында бұл көрсеткіш 247,2млрд доллар болса, Apple-да бұл 618 млрд долларды құраған.

2012 жылдың басынан бері Google-дың акциялары 18%-ға өссе, Microsoft-тікі 13,6%-ға артты. Дегенмен бес жыл бойы Microsoft-тың бағасы көзге көрінерлік өзгеріске ұшыраған жоқ. Есесіне Google 34%-ға қымбаттады.

Билл Гейтстың акцияларының бағасы рекордтық нүктеге (бір бағалы қағаз - $58) ғасырдың басында жеткендігін айта кетелік.

Басқа компаниялардың күрт дамып, ірі бәсекелеске айналуының себебінен инвесторлардың көңілі Microsoft-қа бұрынғыдай аумайтын болды. Бағдарламалық қамсыздандырумен айналысатын компания бөгде салаларға да басын сұғып көргенімен, көшбасшылыққа жете алмады. Мәселен компанияның Bing іздегіші нарықтың 14% пайызын ғана айналасына үйіріп отыр. Айта кетелік, Google-дың аталған сала бойынша көрсеткіші 64%.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: htmlblog.kz

4395 6
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 03 қазан 2012, 16:00
Пікірлер
+0
03 қазан 2012, 16:11

жақсы көрсеткіш қой

+0
03 қазан 2012, 16:12

Бәрібір Эйпл бірінші ;)

+0
03 қазан 2012, 16:36

Массагет,кз - Әлемдегі ең ірі "Үшінші" компания болсын, Аумин! (жаман жағымпазбын ия)))

+0
03 қазан 2012, 16:40

:lol: :lol: :lol: кетшібар

+0
03 қазан 2012, 23:14

Әумин, Әумин. үшінші болу қиын емес,тек сенім керек деп озінше боп ақыл айтып отырсам е! :lol:

+0
03 қазан 2012, 23:14

Болса болар, себебі, қазіргі техника онсыз ештене тындыра алмай калатын сиякты да гой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...