Жер шарының егізі бар, ол – Глория

Жер шарының егізі бар, ол – Глория
Фото: vilingstore.net/

Ғарышты зерттеу, кеңістіктегі әлемді бағдарлау ғалымдардың басты мәселесі. Себебі Жер бетінде ғана емес, оның сыртында да не болып жатқанынан хабардар болу маңызды. Маңыздылығы – әлемді сақтап қалу, қорғау. Дегенмен сіз білмейтін тағы бір ерекше жаңалық бар. Ол – Глория планетасы. Бұл планета – біз өмір сүріп жатқан Жердің егізі. 

Глория – Күн жүйесіндегі Жерге ұқсас, Жердің егізі. Ол алып кеңістікте Күннің екінші жағында орналасқан. Яғни жаратылыстану ғылымында оқып білгеніміздей, тоғыз қатар планетадан сырт жатыр. 

Жердің егізін қалай тапты? 

Бір қарағанда галактиканың қыр-сыры зерттеліп, Күн жүйесінде жаңалық ашатындай дүние қалмаған секілді көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл пікірімізбен бүгінге дейін келіспей келе жатқан – ежелгі мысырлықтар. Мысырлық ғалым Филолай өз кезегінде зерттеу жасай келіп, Күн жүйесінде орналасқан планеталарға қарама-қарсы бетте тағы бір тіршілік көзінің барын айтады. Оған «Антижер» деген атау берген. 

Филолай айтып кеткен пікірді бүгінде ғалымдар жоққа шығармайды. Себебі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Жердің егізі бар екені анықталды. Ол Жерден 2,5 есе үлкен болып шықты. Жерден 600 жылдық қашықтықта жатыр. Бұл – кеңістік есеппен алғандағы бірлік. Бұл – Жерге ең жақын орналасқан планета. Аталған планетада ауа температурасы 22 градусты көрсетіп тұр. Онда бір жыл – 290 күнге тең. Дегенмен ғалымдар әлі де болсын Глорияның қандай газдан тұратынын, онда ауаның бар жоғын, элементтерін әлі зерттеген жоқ. 

Жер орбитасы өте ерекше орналасқан. Оның тобына Меркурий, Венера және Марс кіреді. Бұл орналасуына қарай топтастырылған. Ал өзге топта Юпитер көш бастайды. Яғни алып сақиналы Сатурн планетасының өзіндік орбитасы Жер шарының орбитасына қарағанда үлкен. Біздің орбитамыздың ерекшелігі Венераның қозғалысына байланысты. Себебі бұл планета өзінің өсіне қарай емес, белгілі бір күш көзімен қозғалады. Дәл осылай Марс та қозғалыста болады. Мәселен Венера өзі өсімен қозғалған кезде Марстың уақыт кестесі одан қалыс қалады. Мұны ғалымдар түрлі себеппен түсіндіреді, бірақ нақты жауап жоқ. 

Жердің егізі аталып кеткен Глория 17 ғасырда зерттеліп кеткен. Оның бар екендігі жайында Париж обсерваториясының директоры Кассини да айтқан. Ол Венераға жақын орналасқан белгісіз Жер пішіндес планетаны көрген. Ол зерттей келіп галактикадағы бұл құбылыстың жұлдыз емес екендігін анықтап, оған "Венераның серігі" деп баға берген. 

Ежелгі мысырлықтардың түсінігі бойынша, әрбіріміздің егізіміз бар. Ол – «жан» деп аталды және сол жерден тіршілік басталады деген. Осы пікірді ұстана келіп, біздің Жердің егізі болуы заңдылық, ол Күннен қарама-қарсы бағытта Жермен бірдей аралықта орналасқан деген болжам бар. 

М. Ақан